Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары


XX ғ.басындағы қазақ ұлттық интеллигенциясы



бет40/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60
67. XX ғ.басындағы қазақ ұлттық интеллигенциясы.
XX ғ.басында 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығына халық бірден наразы болды. Жергілікті патша әкімшілігінің анықтамасы бойынша, қазақ даласында екі түрлі идеология құрылып, ұлт зиялылары екіге бөлінді. Революцияшыл-демократияшыл зиялылардың Т.Рысқұлов, Т.Бокин,С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин сияқты өкілдері ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты. Ал, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған демократиялық зиялы қауым тыл жұмысына емес қазақ халқының қару-жарақ асынып мемлекетті қорғасын деген оймен болды. Олар бұл жерде егер де жеңіске жетсе, ұлттық автономия құрудан үміттенді, халықтың амандығын ойлады. Мысалға, Ахмет Байтұрсынов - қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы - ғалым, ұлт ұстазы. 1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді. 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907 , 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.
Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, "Маса" жинағын халыққа жеткізеді. 1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге "Қазақ" газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.
Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық "Алаш" партиясын құрады.
XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi — талантты қаламгер, қоғам қайраткері Міржақып Дулатов еді. Аумалы-төкпелі заманда елдің болашағы үшін атқарған күреске толы кызметімен де, шығармашылық мұрасымен де ол халқына аяулы, еліне құрметті. Міржақып қоғамда да, әдебиетте де халқының тәуелсіздігін бірінші кезекке қойды. Өз шығармаларында туған елін оятуға ұмтылды. Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болды. Сол себепті де М. Дулатовтың есімі мен әдеби мұрасы туралы кеңес өкіметі тұсында айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек Қазақстан өз тәуелсіздігін алған тұста ғана Міржақып халқына қайтып оралды. Eciмі де, шығармашылық мұрасы да толық ақталды. 1991 жылы шығармалары жеке кітап болып оқырманға жетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет