Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары


Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру



бет45/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

73.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.
1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды.
Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер: 
Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. 
1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері басталды. Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды.
Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды.


74. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ Қазақстанда XX ғасыр ірі тарихи оқиғалармен ерекшеленеді. Өткен ғасырдың алғашқы жартысы — қазақ халқының өмірінде бетбұрысты кезең деп саналады. Әсіресе 20–30 жылдарындағы ашаршылық апаты немесе «Ұлы жұт» қазақ тарихының қасіретті беттерін айғақтайды. Зертеуші ғалымдар осы мәселемен айналысып, Қазақстанда халқы бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен және оны үш кезеңге бөліп қарастырады:
—1919 — 1922 жылдардағы аштық (1,5 млн адам) 
—1931 — 1933 жылдардағы аштық (2,5 млн адам) 
—1946 жылдары болған аштық.
Әрине, бірінші ашаршылық та сұмдық болды. Бірінші ашаршылық 1919–1922 жж. болған. Осы жылдары аштық кезінде 1,5 млн жуық адам шығыны болды. Ол көбінесе елдің оңтүстік аймақтарын қамтыды, нақ осы және басқа да деңгейде Қазақстанның барлық тұрғындары да зардап шекті. Екінші ашаршылық, әртүрлі мәліметтер бойынша, 1930—жылдарда 1,5 млн—нан 2,5 млн. адамға дейін болды. Ал, үшінші ашаршылық соғыстан кейінгі еліміздегі экономикалық ахуалдарға байланыты туындады. Бірақ та, бұл ашаршылық сол жылдары халықтан жасырын түрде ұстады. Осылайша, қазақтар іс жүзінде 15–20 жылдың ішінде халқының жартысына жуығынан айырылған. Әлемдік тарих мұндай кең ауқымды ашаршылықты білген емес. Сондықтан, осы қасіретті әрбір қазақ білуге міндетті және есте сақтап, ұмытпауымыз тиіс.
Қазақ жерінде ашаршылық салдарынан демографиялық ахуал күрт төмендеп кеткен болатын. Оның айқын көрінісі ретінде тарих беттерінде қалған 1931–1933 жылдары қазақ халқының басына төнген ең бір қасіретті «Ұлы жұт» кесірінен күні бүгінге дейін қазақ халқы өз жерінде демографиясы жағынан азшылыққа ұшырап отыр.
Батыстық немесе ресейлік ғалымдар ашаршылықтың болу себебі ауа райының қолайсыздығынан, құрғақшылық болып егіннің шықпай қалғанынан немесе жұқпалы аурулардың таралуынан деген сияқты асыра сілтеулерден іздейді. Ашаршылық кезінде қаншама қазақ қыршынынан қиылды. Оған дәлел мұрағат қойнауында сақталған көптеген ресми құжаттар. Ұлт зиялысы М. Тынышбаевтың есебі бойынша «Қазақстанда 1917 жылы 2 910 000 қазақ өмір сүрген болса, ал М.Г. Сириустың 1924 жылғы жүргізген санағы бойынша қазақтар саны 1965 443 әрең жетіп жығылған» — деген мәліметтер көрсетілген [1, 260 б.]. Ал, белгілі демограф—ғалым М. Тәтімовтің есептеуінше "1931–1933 жж. ашаршылық Қазақстанда өмір сүрген 2,5 млн адамның, соның ішінде 2,3 млн қазақтардың және 200 мың келімсектердің қайтыс болғаны анықталды. Отырықшы келімсектер арасында аштықтан өлгендер 10%—ға жетсе, көшпенді қазақтар арасында бұл көрсеткіш 52—53%—тен асып кеткен. Осыдан 17–18% жергілікті тұрғындардың Қазақстаннан біржола көшіп кеткен"—деген мәліметтерді есепке алсақ, қазақ халқының саны өз жерінде осы кезеңде 70% дейін кемігені көрінеді [2, 17 б.] Бұл деректер осыған дейін жарияланған мәліметтердің орташа есебімен сәйкес келеді. Тағы бір естелігінде ағамыз М. Тәтімов: «1879, 1926, 1939 жылдардағы халық санағының нәтижелері жөніндегі мәліметтерді қолға түсіріргенмін. Көзімнің жеткені — 1939 жылғы санақта қазақ халқының санын айтарлықтай асырып жазғандығын аңғардым. Сонда, озбыр саясат «орыс емес» ұлттарды аяусыз қырып—жойғандығын жасырып қалғысы келген«,— деп пайымдаған болатын.
1879 жылғы санақта қазақтар 5 млн. болса, арада 42 жыл өткен соң 1939 жылғы санақта қазақтар 2 млн. 300 мың болды. Яғни екі есе азайды. Осыған қарап отырып, 42 жылда қазақтар азамат соғысы, байларды кәмпескелеу, жаппай колхоздастыру, 1932–33 жылдардағы аштық, 1937–38 жылдардағы репрессия салдарынан миллиондаған адамынан айрылған деуге әбден болады. Осы екі санақ арасында орыстар — 30, өзбектер — 24, қырғыздар — 16 пайызға көбейсе, қазақтар — 22 пайызға, украиндықтар — 21 пайызға кеміген.
Қазақстандық тарихшы А.Н. Алексеенконың еңбектері Қазақстандағы ауыл тұрғындарының табиғи және көші—қон қозғалысын, халық санының өсу динамикасы және оның ұлттық құрамын зерттеуге арналған. Көптеген мұрағат деректері мен жарияланған материалдары негізінде ауыл тұрғындарының негізгі даму бағыттары анықталады. Сол сияқты 1920–1930 жылдардағы ашаршылық және оның демографиялық зардаптары, жаппай қоныс аудару, көші—қон, 1930–1940 жылдардағы қуғын—сүргінге ұшыраған халықтардың жер аударылуы мәселелер қарастырылған [3]. Яғни, бұл ғалымның зерттеуі бойынша әртүрлі есептеулер мен түзетулерге сүйенгенде, 1930—шы жылдарғы қазақ халқының аштан қырылуы 1 миллион 840 мың немесе қазақтың 47,3 пайызы құрайды.
Бүкілодақтық халық санақтары бойынша әртүрлі авторлардың зерттеулерінде қазақ халқының сан жағынан кему көрсеткішінде шамалы айырмашылықтар байқалады. Мәселен, А.Н. Алексеенконың мәліметтерінде 1939 жылғы қазақтың саны 2 млн. 328 адам делінген. Төмендегі кестеден көре аламыз (1 кесте):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет