Қазақстан тарихында қазақ халқының ұлы перзенті,дара тұлғаларымыздың бірі,еліміздің ірі мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың алар орны ерекше



Дата21.09.2023
өлшемі14,18 Kb.
#109601
түріӨмірбаяны

Дара тұлға ізімен....
Қазақстан тарихында қазақ халқының ұлы перзенті,дара тұлғаларымыздың бірі ,еліміздің ірі мемлекет қайраткері – Дінмұхамед Қонаевтың алар орны ерекше. Оның өмірі мен жасаған игі істері Қазақстанды құрудың ұлы дәуірінің символына айналды.Д.А.Қонаев тұлғасының тереңдігі мен ауқымын тереңірек түсіну үшін оның өмірбаянының кейбір деректеріне тоқталайық.
Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Қарапайым отбасында ер жеткен болашақ тұлға 1936 жылы Мәскеу түсті металдар және алтын институтын бітірген.Бала күнінен армандаған тау-кен инженері мамандығын алып, еңбек жолын «Прибалхашстрой» тресінде бастады. Елдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды басқарды. 1952 – 1955 жылдары оның басшылығымен өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту және жақсарту бойынша, Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізген халық перзенті. Сол кездің өзінде халықтың үлкен алғысына бөленіп,болашақ қайраткер үлкен істерді атқарды.Халыққа тигізген игі істері мен жұмыстарымен Д.А.Қонаев1960-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы лауазымына тағайындалды.
Д.Қонаев тұсында республиканың ғылыми әлеуетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Мұндай тарихи деректі білетіндер аз: Дінмұхамед Қонаев 40 жасында ғылым кандидаты болып, Қазақстан Ғылым академиясының академигі және президенті болады.
Салмақты да,сабырлы Дінмұхамед Қонаев өз заманының ірі мемлекет қайраткері болды. Ол билікте болған кезеңнің қиын да күрделі болғанына қарамастан, өзінің қыруар еңбегін экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылымды, ұлттық мәдениет пен өнерді дамытуға жұмсады. Д.Қонаев Қазақстанның жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерін атқара жүріп, республика халқының болашағы мен халық мүддесін бір сәтке де ұмытқан емес.
Қазақтың ұлы көшбасшының ең маңызды қасиеті – сұхбаттасушыны өзіне тарта білу. Бұл қасиет Д.А.Қонаевтың жан дүниесіне толық ие болды. Д.Қонаев мінезінің айрықша белгісі – өзіне жеке сөз айтқан адамның орнына өзін қоя білуі болды. Ол республиканың тұңғыш басшысы ғана емес, соны
мен бірге халықтың, жастардың рухани тәлімгеріне айналды.
Халықтың атасына айналған жанда билік пен ақшаға деген құмарлық,қатыгездік.ашкөздік пен көреалмаушылық сынды жаман қасиеттер мүлдем болмаған.Д.Қонаев қайсар мінезді, мақсатты, жігерлі адам еді. Ол жас кезінде өзі үшін қалыптастырған өмірдің берік қағидаларын бұлжытпай орындады.Осы арқылы өзіне де,елге де мотиватор бола білді.Оның өмірде ұстанған ұстанымдарының бірі - «Нақты мақсат қойып, оған қол жеткізіңіз. Мақсатсыз адам болмайды.»
Дінмұхаммед Қонаевтың тек ел істеріне араласып қана қоймай,ұлт пен жастар тәрбиесінде алар орны бөлек.Оның халық арасында қалған нақыл сөздері мен жүрегінде өшкен отты қайта жағар ойлары ешқашан ұмытылған емес.Ер мінезін ел алдында мүлдем жоғалтпаған тұлғаның жастарға айтары:
«Жастық шақ қанаттарын жайып салу үшін емес, ұшу, жұмыс істеу үшін берілген».Бұл арқылы Д.Қонаев жастық шақтағы уақытты босқа өткізбей,керісінше оқып,білім алып,үлкен жетістіктер мен биік белестерді бағындыруға арнау керектігіне үндейді.Маған қатты ұнайтын сөздерінің бірі-Өмірдің екі тірегі бар: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.Адамдар ешқашан үйренуден,өзін ары қарай шыңдаудан жалықпауы тиіс.Ал,оны келер ұрпаққа үйрету мен үшін өмірдегі басты міндет.Тек осы арқылы адамдар артынан өшпес із қалдырып,елге үлгі болатыны сөзсіз.
Қорытындылай келе,елдің сүйікті перзентіне айналған,сегіз қырлы бір сырлы тұлға,өз заманындағы халыққа да,келер ұрпаққа да үлгі-өнеге бола білген жан туралы кітап қылып жазсақ та аз емес.Ел қалаулысы болған Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың есімі ешқашан ұмытылған емес,ұмытылмайды да.Дара тұлға салған дара жолда халықтың адаспайтыны анық.Сондықтын,біз жастар осындай намысшыл,жүрегі елі деп соққан тұлғаны әрқашан насихаттауымыз-үлкен міндет деп білемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет