Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз


Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтарды және олардың салдарын сипаттаңыз. «Невада-Семей» қозғалысы



бет31/35
Дата17.05.2023
өлшемі149,05 Kb.
#94080
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Қазақстан тарихы ДСК

76. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтарды және олардың салдарын сипаттаңыз. «Невада-Семей» қозғалысы.
Невада-Семей" қозғалысының арқасында қазақ жерінде көптеген адамның өмірін жалмаған ядролық қаруды сынақтан өткізу тоқтатылды
Семей полигоны — КСРО-ның ядролық сынақ жүргізуге арналған аса маңызды стратегиялық объектілерінің бірі болды. Оны ашу үшін 18 миллион гектар жер бөлінген болатын. Бастапқыда сынақтар жер бетінде жүріп, адамдар мен қоршаған табиғатқа айтарлықтай зиян келді. Кейін сынақтар тек жер астында жүргізіле бастады. Атом бомбаларының жарылысы жергілікті тұрғындар үшін ауыр тиіп, 500 мыңдай адам азап шекті.
77. Кеңес өкіметі жылдарындағы Қазақстандағы ұлттық саясат пен демографиялық үдерістерді ашып көрсетіңіз (1917-1991 жж.).
Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті.
Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан — жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті.



78. Президеттік институттың енгізілуі қандай тарихи жағдайларда жүзеге асырылғанын анықтаңыз. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны сипаттаңыз.
Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды..
 Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің II сессиясының кешкі пленарлық оты­рысында Президент Декла­рацияның қайта қаралған жобасына аса ыждаһаттықпен зер сала үңілді. Сырттай дауыс беру процесінде 261 депутат құжатты қолдап дауыс бер­се, оған 18-і қарсы шықты, 2 адам қалыс қалды, бір депутат дауыс бер­меді. Сөйтіп, дауыс беру нәтижесі бойынша Жоғарғы Кеңес «Қазақ Кеңестік Социалистік Республи­касының Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны қабылдады. Декларация 17 тармақтан тұрды. Мұнда алғаш рет Қазақ КСР-нің басқа егемен республикалармен ерікті одаққа бірігіп, келісімшарт негізінде қатынас жасай алатын еге­мен мемлекет мәртебесін жа­риялады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет