Қазақстанда жоғары білім беру стандарттарын енгізумен қатар, ғылыми негізделген, студент білімін бағалайтын және бақылайтын диагностикалық әділ жүйені ұйымдастыру да өзекті мәселенің бірі


– белгілі бір обьектіге бағалау жүргізуге арнайы білімі бар маман



бет2/2
Дата06.06.2022
өлшемі32,09 Kb.
#36403
түріСеминар
1   2
 – белгілі бір обьектіге бағалау жүргізуге арнайы білімі бар маман.
Бағалаушының және бағалаудың анықтамасын қарастырайық:
Бағалау мақсаты – құн туралы қорытынды жасау,
Бағалаушының мақсаты – мақсаты анық белгіленген бағалауға қорытынды жазған кезде тәуелсіз және үшінші жақ етінде әрекет ету.
Критерий — ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды [3].
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

  • алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

  • анық, айқындылығы;

  • бағаның әділдігі;

  • өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

«Критериалды бағалау технологиясы» пәнінің мазмұны студенттердің білім деңгейінің жетістігін бағалау 5 критерий (А,В,С,D,F) бойынша құрастырылды. Әрбір критерий тапсырмалары жүйелі орындауға бағытталған. «Тапсырма» сөзі бұл арада кең ауқымда қолданылады – ол мұғалімнің сұрағы, жаттығуы, шығармасы, жобасы және т.б. болуы мүмкін. Бағалау үдерісіндегі критерий түсінігі, мазмұны ондағы қолданылатын тапсырмалар мен әдістер келесі 1-кестеде келтірілген.
Кесте 1. Бағалау критерийлері

Критерий

Әріп
тік жүйе

Мазмұны

Білім алушылардың
когнитивтік іс – әрекеті

Тапсырмалар,
Бақылау әдістері

Білім

А

Меңгеретін және берілетін білім негіздерінің критерийі

Білім алушылар мен мұғалім

Тест тапсырмалары; терминдер мен ұғымдарды жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбi.

Түсіну

В

Білімді қабылдап, түсіну критерийі

Студенттердің
белсенділігі

Ойды қозғау және аяқтау; графикті, суреттерді түсіндіріп беру.

Қолдану

С

Алған білімді қолдану критерийі

Студенттің шығармашылығы

Шығармашылық оқу тапсырмалары, жеке — дара жұмыс жасау мақсатын түсіндіру; берілген болжамды тексеру.

Жинақтау

D

Білімді жай қабылдамай, талдап, саралап салыстыру критерийі.

Білім алушының өз іс – әрекеті мен белсенділігі

Білімді жүйелеу және білімді топтастыру; салыстыру;

Талдау

F

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығару критерийі

Білім алушының өз іс – әрекеті мен белсенділігі

Талдау, шешімін табу, алгоритм құрастыру, жүйелеу, зерттеу

Баға (сыни өзіндік пікір)

Өз пікірін білдіріп, сынап, жоққа шығару, мақұлдамау критерийі

Білім алушылар мен мұғалім

Нәтиже шығару.

Мұндағы: түсіну, жинақтау, талдау – бұл категориялар ойлау үдерісінің операциялары және танымның әдістері болып саналады. Ал, болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерінің әдістемелік іс-әрекетінде — бұл білім нәтижесін алуға ықпал ететін бағалау критерійлері болып саналады. Бұл тұста Б.Блум таксономиясын қолдану болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерінің әдістемелік іс-әрекеттерін шыңдай түсуге жол салады, атап айтсақ, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру [4]. Б.Блум таксономиясының негізінде болашақ мұғалімдердің креативтілігі, шығармашылық дербестілігі қалыптасады деп білеміз. Өйткені, кәсіптік оқыту үдерісінде болашақ мамандардың алған білімдерін шығармашылық деңгейге жетелеу, өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Б.Блум таксономиясының ұтымдылығы да сонысымен ерекшеленеді (Кесте 2).
Кесте 2. Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерінің мазмұндық сипаты

Бағалау критерийлері

Мазмұндық сипаты

Білім

Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

Түсіну

Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады: Трансляция –оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.); Интерпретация –оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау; Жорамалдау –оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

Қолдану

Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

Жинақтау

Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді. Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру.

Талдау

Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, т.б.), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

Баға (сыни өзіндік пікір)

Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

Кесте 3. Критерий бойынша білім алушылардың білім жетістігін бағалауға арналған дескрипторлар

Критерий

Дескрипторлар

F

Бағдарлама материалы бойынша білімдер жоқ; оқу бағдарламасының негізгі материалын білмеу; дөрекі қателерді жіберу.

D

Жауап негізінен дұрыс, бірақ толық емес; бағдарлама материалын терең түсінбейтіні байқалады; басымды идеялар мен теориялық қағидаларды баяндау барысында жеке қателіктер жіберіледі

С

Материалды тек репродуктивті баяндай алатыны байқалады; дербес қорытындылар мен тұжырымдар жасай алмайды.

В

Жауап толық, дұрыс, негізгі идеяларды білетіні көрінеді; оқыған заңдардың қағидаларын білу, қоғамдық құбылыстарды дұрыс бағалау. Нақты материалды, негізгі түсініктерді және заңдылықтарды білу. Периодтық баспадан және басқа пәндерден материалды қосымша қолдану. Дәлелдей білу, аргументтер келтіру, қорытынды, тұжырымдар және қарсы пікірлер бере білу. Бірақ баяндау барысында басымды емес қателіктерге әкелетін мәліметтердің болуы.

А

Жауап толық, дұрыс, негізгі идеяларды білетіні көрінеді; оқыған заңдардың қағидаларын білу, қоғамдық құбылыстарды дұрыс бағалау. Нақты материалды, негізгі түсініктерді және заңдылықтарды білу. Периодтық баспадан және басқа пәндерден материалды қосымша қолдану. Дәлелдей білу, аргументтер келтіру, қорытынды, тұжырымдар және қарсы пікірлер бере білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет