Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Ұнды қапсыз (ыдыссыз) сақтау



Pdf көрінісі
бет137/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Ұнды қапсыз (ыдыссыз) сақтау. Ұнды ыдыссыз тасымал-
дау мен сақтауды енгізу жүк көтерушілердің жəне ұн қоймасы 
қызметкерлерінің ауыр дене еңбегін жояды, ұнның шығындалуын 
күрт төмендетеді, қаптық ыдысқа кететін шығындарды толығымен 
болдырмайды. Ұнды ыдыссыз сақтауды оны зауыт ішінде 
пневматикалық жылжытумен жəне оны өндіріске жіберер алдында 
қыздырумен үйлестіру бидай ұнының тартылғаннан кейінгі жетілуін 
жеделдету үшін де, наубайханалық қасиеттерін жақсарту үшін де 
пайдаланылуы мүмкін.
Наубайхана кəсіпорындарында ұнды ыдыссыз қабылдауға, 
тасымалдауға, сақтауға жəне өндіріс ішінде оның орнын ауыстыруға 
арналған қондырғыларды жобалаған жəне пайдаланған кезде еңбек 
қауіпсіздігі жөніндегі арнайы шаралар да қарастырылуға тиіс 
екендігін атай кету керек. Бұл ұн бөліктерінің ұн құбырларының 
қабырғасына жəне қондырғылардың басқа да конструктивтік 


239
элементтерінің беттеріне үйкелуінің айтарлықтай жоғары потен-
циалдағы статикалық электр зарядтарының пайда болуына жəне 
жинақталуына алып келетіндігімен байланысты. Сондықтан 
қондырғы элементтерін жерге тұйықтауға жəне жарылыстан 
қауіпсіздіктің басқа да шараларына көп көңіл бөлінуі тиіс.
Ұн тартатын комбинаттардан алыста орналасқан шағын жəне ор-
таша қуаттылықтағы наубайхана кəсіпорындары үшін ұнды контей-
нерлерде тасымалдау да қолданылуы мүмкін.
Ұнды өндіріске дайындау. Ұнды дайындау қоспаны құраудан, 
араластыруды, електен өткізуді жəне ұнды магниттік тазартуды 
жүргізуден тұрады.
Ұнды араластыру. Нан зауытының қоймасындағы, бір 
сұрыптағы ұнның жекелеген партиялары өздерінің наубайханалық 
қасиеті бойынша айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Егер нан за-
уытында ұнды өндіріске жекелеген партиялармен жіберген болса, 
онда нан кейде жақсы, кейде нашар (ұнның сол партиясының сапа-
сына байланысты) болып шығар еді. Осыны болдырмау үшін, ұнды 
өндіріске жібергенге дейін ұнның бір партиясының кемшіліктері 
басқасының жақсы қасиеттерімен өтеліп отыратын, ұнның əртүрлі 
партияларының қоспасын құрастыру қабылданған.
Мысалы, күңгірт ұнды немесе одан нан пісіру барысында қатты 
күңгірттенетін ұнды ақшыл жəне күңгірттенбейтін ұнмен, əлсіз ұнды 
– күшті ұнмен, газ түзу қабілеті төмен («ыстыққа төзімді») ұнды – газ 
түзу қабілеті жоғары («ыстыққа төзімсіз») ұнмен араластырған жөн.
Ұнның қоспасын құрастырған кезде нан зауытының зертханасы 
оның негізгі наубайханалық қасиеттерінің, бірінші кезекте күшін 
жəне газ түзу қабілетінің көрсеткіштерін анықтауға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет