6.5. Ұнды кондитер өнімдер өндірісі
Ұннан істелген кондитер тағамдар тобына əртүрлі көптеген қант,
май жəне жұмыртқа қосылып пісірілген, көбінесе сдобалы деп ата-
латын тоқаштарды айтады.
Ұннан істелген кондитер тағамдар, əсіресе балалар үшін өте
сүйкімді, сіңімді келеді.
Дайындау технологиясына, қолданылатын шикізаттардың
түрлеріне қарай, ұннан істелген тəтті тағамдарды: печенье, галета,
крекер, сдоба печеньесі, пряниктер, қытырлақ тəтті нан (вафли), пи-
рожные, торттар, кекс, рулеттер жəне баба көпірме наны деп бөледі.
Осының əрқайсысы мына түр тармақтарға бөлінеді:
• печенье – қантты жəне созылмалы;
379
• галета – жай, жақсартылған, диеталық;
• крекер – майлы ашытқы қосылып ашытылған немесе химиялық
көбіршіктендіргіштер қосылған, майсыз ашытылған немесе
химиялық көбіршіктендіргіштер жəне дəмдік заттар қосылған;
• сдоба печеньесі – құмшекерлі, құмшекерлі бұлғанған, бадам-
жаңғақты, кептірілген сухарик;
• пряниктер – өңделмеген, қайнатылған;
• пирожныйлар – құмшекерлі, бисквитті жеңіл, қабатталған,
бадам-жаңғақты, ақуызды бұлғанған (меренги тəрізді), себет тəрізді
(тарталетка), қайнатылған («Эклер» типті), қоқымданған;
• торттар – құмшекерлі, бисквитті, қабатталған, бадам-жаңғақты,
ақуызбен бұлғанған, қытырлақ тəтті нанды, жемісті;
• кекс – ашытқы салынған немесе химиялық көбіршіктендіргіштер
қосылған деп бөлінеді.
Кондитер тағамдардың бəрін механикаландырылған желілерде
пісіреді.
Олардың ішіндегі ең көп тарағаны печенье. Пряник екінші орын-
да, оны наубайханаларда пісіреді.
6.5.1 Печенье жəне галета өндірісі
Печенье деп əртүрлі жұқа, іш құрылысы кеуекті кебу, қант, май,
жұмыртқа, сүт, хош иісті заттар қосылған, ұннан пісірілген тəтті
тағамдарды айтады. Қантты печеньені серпімді созылғыш қамырдан
пісіреді. Олар өздерінің құрылысы бойынша морт жəне жақсы кеу-
ектелген болады.
Созылмалы печенье деп, салыстырмалы жағдайда қатты, кеуектігі
төмендеу, серпімді тығыз қамырдан пісірілген өнімдерді айтады.
Сдоба печеньесі деп əртүрлі ұсақ, əртүрлі пішінді, дəмі де əртүрлі
тəтті тағамдарды айтады.
Галета деп нан орнына пайдаланатын төртбұрышты жалпақ,
құрғақ тағамды айтады. Оны тығыз серпімді қамырдан пісіреді. Жай
галета («Поход») деп қантсыз, майсыз, жақсартылған галета («Ар-
ктика») деп майлы қамырдан пісірілген тағамды, ал диеталық деп
майлы, қантты жəне олар аз ғана қосылған тəтті тағамдарын айтады.
Галета түр-тармағына крекер құрғақ төртбұрышты немесе
дөңгелек, майлы қабатталған, морт құрылысты, беті көбіршіктелген
печеньелері жатады.
380
Достарыңызбен бөлісу: |