Қазақстанда отаршылдық дәуірінің басталуы . Қазақстанда Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесінің еңгізілуі (XYIII ғасырдың бірінші ширегі- XX ғасырдың басы).
XVIII ғасырдың 30 жылдарының басында Қазақстанды қосу тек қана XIX ғасырдың ортасында аяқталған болатын. XVIII ғасырдың басындағы саяси жағдай қазақ жерін қыспақта ұстау яғни қазақ халқы үшін тарихта ел басына күн туған кезең болды, көршілес елдер тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты, әсіресе жоңғарлардың шығыстан ойсырата ірі соққылар беруі. Бұл қазақтардың әлеуметтік-экономикалық өмірін қиындата түсірді . Қазақ басшылары бұл қыспақтан шығудың басты жолы Ресей бодандығын қабылдау деп шешті. Осы маңызды шешім қазақ халқының алдағы тағдырына тікелей қатысты болды. Осы тарихи кезеңде кіші жүздің ханы Әбілқайыр басты рөл атқарды. Кіші жүз ақсүйектері Ресей империясымен тек әскери одақ құру жөнінде келісім жасауын ұсынған еді. Алайда Әбілқайыр кіші жүзді Ресей құрамына қабылдау жөнінде хат жазып елшілік жіберу жөнінде ойлап жүрді. Әбілқайырдың негізгі мақсаты ішкі алауыздықты тоқтатып , сыртқы жауларға тойтарыс беру және үш жүзге басшылық ету еді . Қазақтың басқа хандары Әбілқайырдың Ресей империясымен күш біріктіріп, барлық қазақ еліне әмір жүргізуі мүмкін деген ойдан қауіптенген болатын. Бірақта Әбілқайырдың бұл мақсаты жүзеге аса қоймады.
1726 жылы Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, старшиндар Сүгір, Едікбай, Қажыбай,Құлымбай Ресейдің қол астына өту туралы өтініш білдіру үшін Қойбағарды жіберген еді. Алайда ханның бұл өтініші жауапсыз қалдырылды. Сонда да Әбілқайыр хан өз мақсаты жету үшін бодандығынан және пиғылынан қайтпай, 1730 жылы қыркүйекте Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлы бастаған қазақ елшілерін Уфа арқылы Петербургке жібереді. 1731 жылы 19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы өтінішін қабылдап (ресми құжатқа) қол қойды. Тевкелевтің басшылығымен арнайы елшілік кіші жүзге жіберілді.
19 ғасырдың ортасына қарай Батыс, Солтүстік-шығыс, Орталық Қазақстан Ресейге толық бағынды. Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс Қазақстан Қоқан, Хиуа хандықтарына қарады және жергілікті қазақтарға салықты үсті-үстіне қосып төлетіп отырды. Көтеріліске шыққан халық Ресей өкіметінен көмек сұрады. Ресей империясы оңтүстіктегі елдермен байланысу үшін қазақ даласын бағындыру керек болды. Сол мақсатын жүзеге асыру үшін қазақ жеріне бекіністер сала бастады. 1854 жылы Верный (Алматы) бекінісі салынды. 1862 – 64 жылдары орыс әскерлері Әулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларын басып алды. Оңтүстік Қазақстанды бағындырғаннан кейін Қазақстанды Ресейдің отарлауы толық іске асты. 1867 – 68 жылғы Ресей үкіметінің “Уақытша Ережесі” бойынша әкімшілік және сот жүйелері толығымен Ресей өкіметінің қолына көшіп, қазақ жері облыстарға бөлінінді және Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізілді. Бұл реформаның негіз мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды Қазақстанның жетісу өңіріне қоныстандыруына алып келді. Ресей империясы өз мәселесін қазақ даласына қоныстандыру арқылы шешті. Бірақ бұл халық үшін тиімсіз болып экономика жағынан төмендетуге алып келді.
Қорытындылай келе Қазақстанда отаршылдық саясаты қиын кезеңдердің бірі болғандығын және күйзеліс пен қазақ жерін қыспақта ұстауға алып келгені байқалады. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асты. Осы жылдар ішінде Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізген болатын. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне араласа қоймады.