Қазақстандағы білім беру жүйесі және жаңашылдықтар Тыңдаймыз. Оқимыз



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата29.01.2023
өлшемі0,82 Mb.
#63510
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Пр. Білім беру

Білім беру оқыту 
мен 
өз 
бетінше 
іздену 
негізінде 
жүзеге асырылады. 


Заманауи білім беру жүйесі оқытушыларға да жаңа талаптар қойып 
отыр.Оқу орындарының материалдық-техникалық базасы жан-жақты 
жетілдіруде. Олар ғылыми зертханалар, компьютерлік және мультимедиа 
кабинеттері, медиатека және соңғы үлгідегі интерактивті тақталармен 
жабдықталуда.
Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық 
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды 
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен 
қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену 
негізінде жүзеге асырылады. Кез келген елдегі Жоғарғы білім беру ісі елдің 
ішкі ерекшеліктерімен қатар, дүниежүзілік ортақ стандарттарға сай келуі 
тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында да білім беру жүйесін 
әлемдік стандарттармен сәйкестендіру мақсатында оқу ісін реформалау 
жұмыстары жүргізіліп келеді. Шет елдердің көпшілігінде Қазақстанда 
берілген Жоғарғы білім мойындалады.
Қазіргі уақытта қазақстандық Жоғары білім 
беру жүйесі қарқынды дамып келеді. Болон процесі 
мен халықаралық Лиссабон ынтымақтастығына қосылуға қол жеткіздік. Бұл 
ел өміріндегі елеулі оқиға деуге тұрады. Соның нәтижесінде жоғары білім 
берудің еуропалық үлгісіне енетін боламыз. Қазақстандық жоғары мектептің 
әлемдік білім кеңістігімен бұлай үйлесуі ұлттық экономика үшін маман 
даярлауға кең жол ашып қана қоймайды, кадр сапасын арттыруға да ерекше 
септігін тигізеді. Сол секілді білім беру кеңістігіндегі ұстанымымызды 
нығайтуға да мүмкіндік береді. Еуропалық білім беру кеңістігіне ену арқылы 
әлемдік білім беру үдерісіне жақындауға да қадам жасалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет