Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты және оның салдары Компартияның 1927 жылы өткен XV съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Осылайша «өркениетті кооператорлар қоғамын»



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата16.02.2023
өлшемі39,53 Kb.
#68583
1   2
Байланысты:
azastanday zhymdastyru sayasaty zhne ony saldary 2886

Тезистер
Компартияның 1927 жылы өткен XV съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын
жариялады.
Осылайша «өркениетті кооператорлар қоғамын» құру идеясы КСРО-дағы социализм
құрылысының құрамдас бөлігіне айналды.
Ауылда кооперативтік қозғалыстың дамуы барысында кооперативтендірудің жоғары
формаларына кезең-кезеңмен өту ұстанымдары жарияланды. Оны бір жағынан
мемлекеттің қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер
(машина-трактор стансалары), екінші жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы
шешу көзделді.
Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі форммасы –
ауылшаруашылық артелі, ал малшаруашылығы аудандарында жерді бірлесіп өңдеу
мен шөп шабу жөніндегі серіктестік болуға тиіс еді.
1928 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда 41 кеңшар мен 1881 ұжымшар болды.
Ұжымдық
шаруашылықтардың
76-ы
ауылшаруашылығы
коммунасы,
1215-і
ауылшаруашылығы артелі, 590-ы жерді бірлесіп өңдеу серіктестігі еді.
1928 жылдың маусым айында болып өткен колхозшылардың Бүкілодақтық І съезі
жоғарыдағы
сталиншілдер
бағытын
қолдап,
ауылшаруашылығын
жаппай
ұжымдастыру жолымен әміршіл-әкімшіл басқару арнасына түсіріп, жекеменшіктің
орнына қоғамдық меншікті орнықтыруға күш салды.
Онда Қазақстан коллективтендіруді 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың
көктемінде аяқтауы тиіс болып белгіленді.
Бүкіл Одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың 80
пайызға жуығы (4236 мың адамды біріктіретін 706 мың жеке, ұсақ шаруашылық)
Қазақстанда болатын.
1928 жылы Қазақстандағы барлық қожалықтың 2%-ы ұжымдастырылған болатын. Ал
1930 жылдың 1 сәуіріне қараған тұста ұжымдастыру көрсеткіші 50%-ға, қазанда 65%-
ға жетті.
1930 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында ғана ұжымдастырылған шаруа
шаруашылықтарының саны бұрынғыдан екі есе асып кетті.
Қазақстан басшылығы отырықшыландыру процесін ғасырлар бойы қалыптасқан
көшпелі малшаруашылығына, ұлттық салт-дәстүрлерге қарсы қойды.
Қазақстан Орталық Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі 1928 жылы «Ірі бай
шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы»
декрет шығарды.
Ресми мәліметтер бойынша 1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың


бұқаралық бас көтеруі болды. Тоталитарлық жүйе бұл көтерілістерді аяусыз, әскер
күшімен басты.
1933 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан шаруашылықтарының 67,3 пайызы, ал 1937
жылдың 1 шілдесінде 97,5 пайызы ұжымдастырылды.
Ұжымдастыру қарсаңында республикада 40,5 млн. мал басы болса, 1933 жылғы 1
қаңтарда небәрі 4,5, млн. ғана мал қалған еді.
1929-1933 жылдары миллионға жуық адам Қазақстаннан ауып, Қытайға, Ауғанстанға,
Иранға және т.б. елдерге көшіп кетті. Олардың 600 мыңы тарихи отанына оралмады.
Аштық құрбандары болғандардың саны 1798,4 мың адам болып, сол кездегі қазақтың
46,8 пайызын құрады.
1932 жылғы шілдеде республика қайраткерлерінің бір тобы – Ғ. Мүсірепов, М.
Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев аштық және оның себептері
туралы БК(б)П өлкелік комитетіне, тікелей Ф. Голощекинге ашық хат жазды. Бұл хат
тарихта «Бесеудің хаты» деп аталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет