Ұлттық және жекеменшік жоғары оқу орындарының салыстырмалы талдауы
Орындаған: Сапарбек Аида
Тексерген: Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы
Есеп және аудит, 1 курс
2023 жыл, Алматы қ.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Мазмұны
1. ЖОО қатысты статистикалық деректер
2. Ұлттық және жекеменшік университеттердің тізімі
3. Жекеменшік ЖОО пайда болуы
4. Ұлттық және жекеменшік университеттердің салыстырмалы талдауы
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер
ЖОО қатысты статистикалық деректер
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Қазақстанда биылғы оқу жылында 116 дан астам жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мекемесі жұмыс жасап тұр. Оның ішінде 105 ұйым магистранттарды, 73 ұйым докторанттарды және 18 ұйым резиденттерді даярлайды. Жоғары білім беру бағдарламаларын ұсынатын ұйымдардың 72,4 пайызы – жекеменшікте, 25,9 пайызы – мемлекеттік, 1,7 пайызы – шетелдік меншікте деп көрсетіледі.
Статистикалық деректерге сүйенсек, жекеменшік ЖОО таңдайтын студенттер саны жыл сайын айтарлықтай өсуде. Мәселен, 2016-2020 жылдар аралығында жекеменшік университеттерде оқитын студенттер саны 53,8% -ға өскен.
Ұлттық және жеке меншік университеттердің тізімі
ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР:
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақ ұлттық өнер университеті
АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ЖЕКЕМЕНШІК УНИВЕРСИТЕТТЕР ТІЗІМІ:
КИМЭП
КБТУ
AlmaU
КазГЮУ
Тұран
Жекеменшік ЖОО пайда болуы
Қазіргі таңда еліміздегі көптеген мемлекеттік мәртебесі бар ЖОО арасында академиялық еркіндік алып, акционерлік қоғамға айналу үрдісі белең алып жатыр.
Бұл процесс мемлекеттік бюджеттің шектеулі болуына байланысты жоғары білімді жеке меншік қаржы ресурстарымен қаржыландыруды сипаттайды. Нәтижесінде, ЖОО арасында бәсекелестік артып, білім сапасының да жақсаруына әкеледі.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD) мамандарының айтуынша, мемлекет тарапынан білім саласына бөлінетін қаржы мөлшері ЖІӨ-нің 5-6 пайызын құрауы қажет. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 2019 жылы небәрі 3,4 пайыз, ал 2020 жылы 4,4 пайызды құраған. Сондықтан еліміздегі ЖОО жекешелендірілуіне толықтай негіз бар деуге болады.
Ұлттық және жекеменшік университеттердің салыстырмалы талдауы
Жекеменшік университеттердің ұлттық ЖОО-нан негізгі айырмашылығы олардың академиялық еркіндігінде екені аталып өтті. Бұл жекеменшік университеттердің халықаралық бәсекелестікке қауқарлы болуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жекеменшік оқу орындары озық технологияларды пайдалану арқылы инновациялық бағдарламалар дайындауға мүмкіндіктері бар деп есептеледі. Оған қоса, жекеменшік университеттердің академиялық еркіндігіне сәйкес, оқу бағдарламасын халықаралық стандарттарға, жұмыс берушілердің кәсіби талаптарына сай әзірлеуіне жол ашады.
Ұлттық университеттерде оқу базасын, бюджетке қатысты мәселелерді мемлекет шешсе, жекеменшік университеттердің оқу базасын жаңарту, жатақхана салу, оқу ақысы туралы бюджеттің бәрін директорлар кеңесі шешеді.
Жекеменшік университеттерде студенттермен сенімді қарым-қатынас орнатуға тырысады. Яғни, ұлттық университеттермен салыстырғанда жеке оқу орындарында сабақтан қалғаны үшін, сессияны тапсырмағаны оқудан шығару фактілері аз тіркеледі. Себебі, жеке меншік оқу орындары оқу ақысын төлеп отырған студентін жоғалтқысы келмейді.
Ұлттық және жекеменшік университеттердің салыстырмалы талдауы
Жекеменшік университеттердің ғимараты мен технологиялары жаңа заман талабына сай жаңартылып отырады. Себебі, аталмыш оқу орындары ұлттық университеттермен салыстырғанда өз бюджеттерін өзі басқарып, қажетті технологияларын жаңартуға жиі қаржы жұмсап отырады.
Жекеменшік оқу орындарының ақылы бөлімдеріне ұлттық университеттегідей бәсекелестік жоқ, себебі жекеменшік университеттер барынша көп студент қабылдауға тырысады.
Жекеменшік оқу орындарында көбінесе әскери кафедра болмайды, бұл ұлттық университеттегідей сабақ пен шұғыл әскери борышты қатар өтеу мүмкіндігінен айырады.
Жекеменшік университеттерінде лицензиядан айырылу мәселесі жиі орын алып тұрады, сондықтан аталмыш санатқа кіретін оқу орындарын мұқият таңдаған жөн.
Ең маңыздысы, ұлттық университеттермен салыстырғанда жекеменшік оқу орындарында сессия мен емтихандарды сатып алу секілді коррупция фактілері жиі тіркеліп тұрады.
Қорытынды
Бұл жұмыста ұлттық және жекеменшік жоғары оқу орындарының салыстырмалы талдауы жасалды. Талдау нәтижесі әр санаттағы оқу ордаларының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар екендігін көрсетті. Сондықтан, оқу орнын таңдау кезінде барлық оң және теріс факторларды таразылай отырып, шешім қабылдаған дұрыс деуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Көктем Қ., 2023. Жекеменшік оқу орны: білім сапасына әсері қандай? https://aikyn.kz/235389/zhekemenshik-oku-orny-bilim-sapasyna-eseri-kanday/
2. Зарина Қ., 2021. Елімізде жеке меншік университетте білім алушылардың саны өсуде. https://www.inform.kz/kz/elimizde-zheke-menshik-universitette-bilim-alushylardyn-sany-osude_a3756583