Қазақстандағы өнеркәсіп Сәкенова Айдана



Дата03.12.2023
өлшемі48,88 Kb.
#133222
Байланысты:
Қазақстан өнеркәсібі

Қазақстандағы өнеркәсіп

Сәкенова Айдана

  • Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізатотын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттардыфабрикалардыкеніштердішахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Екі үлкен топтан – 1) өндіруші өнеркәсіптен – мұнайгазкөміршымтезектақтатастұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.; 2) өңдеуші өнеркәсіптен – қара және түсті металдарқақтамамашиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады.

  • Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы барысында өнеркәсіптің түрлі салаларындағы кәсіпорындардың техникасы мен технологиясы, ұйымдастырылу деңгейі төмен екендігі байқалды. 20 ғасырдың 90-жылдары басталған экономикалық реформа нәтижесінде өнеркәсіп орындары мемлекет иелігінен алынып, жекешелендіріле бастады. 2003 жылғы мәліметке қарағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық меншік нысандары бойынша кәсіпорындардың саны және олардың үлесі айтарлықтай өзгерді. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар саны 1184 (9,3%), жеке меншікте 11217 (88,3%), ал басқа мемлекеттердің (олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының) меншігінде 306 (2,4%) кәсіпорын болды. Бірақ меншік нысандары бойынша өндірілген өнімнің (көрсетілген қызметтің) жалпы көлеміндегі өнеркәсіптік өндірістің құрылымы тиісінше 1,3; 82,1 және 16,5% болды.

  • Жаңа жағдайда өнеркәсіп орындары ірі, орта, шағын кәсіпорын және өнеркәсіптік қызметті жүзеге асыратын бейөнеркәсіптік кәсіпорын түрлеріне жіктелді. Сондай-ақ нарықтық экономиканың дамуы барысында ірі-ірі корпоративтік құрылымдар да қалыптасты. Олардың тұрпаттары алуан түрлі: ұлттық және мемлекеттік компаниялар (Қазақойл”, “Қазтрансойл”, “Қазатомөнеркәсіп, т.б.), мемлекеттік және жеке жобалармен жекешелендірілген акционерлік компаниялар (Испат-Қармет”, “Қазақмыс” корпорациясы”, “Қазақстаналюминий”, “Өскемен титан-магний комбинаты”, “Маңғыстаумұнайгаз”, “Ақтөбемұнайгаз”, “Қазхром” ҰАҚ, т.б.), нарықтың дамуы барысында пайда болған жеке компаниялар (Қазкоммерцбанк”, “ҚазақстанКаспийшельф”, “Тұран Әлембанк, т.б.), ұлтаралық компаниялардың Қазақстандағы бөлімшелері (Теңіз Шевройл”, “OKІOK”, “PeтроҚазақстан”, “Алматы темекі фабрикасы”, “Қазхром” “ҰаҚ, т.б.) мен өкілдіктері (АВВ LTD – электротехикалық жабдықтар өндіретін компания, PGS Onshore – мұнай барлау, геофизикалық қызмет компаниясы, т.б.).

  • Трансұлттық корпорациялар республиканың өнеркәсіпіне миллиардтаған қаржы салып, қыруар пайда табуда. Әйтсе де Қазақстан экономикасының корпоративтік секторында әлемдік деңгейдегі корпорациялар жоқ дерлік. Қазақстан өнеркәсіпінің әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі зор екеніне қарамастан инвестиция тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мүлдем жоқ болатын. Сондықтан жеке жобамен жекешелендірілген кәсіпорындар мен трансұлттық корпорациялар басымдық алды. Республика экономикасында жүргізілген реформа барысында бұрын қалыптасқан өнеркәсіп салалары дамыды. Негізгі капиталға пайдаланылған инвестиция кен өндіру өнеркәсіпіне жұмсалды. Атап айтқанда, осы сала құрылымындағы инвестицияның үлесі 2000 – 2003 жылдары орта есеппен 76,3%-ды құрады. Бұл кезеңде өңдеу өнеркәсіпі саласында инвестиция тапшылығы айқын байқалды: оның үлесі орта есеппен 18%-дан аспады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет