''Қазақстандағы саяси режим, оның дамуы.'' Топ:''идеал



бет2/3
Дата10.03.2023
өлшемі11,46 Kb.
#72977
1   2   3
Байланысты:
\'\'Қазақстандағы саяси режим, оның дамуы.\'\' Топ \'\'идеал-melimde.com

 Саяси режимдердің міндеттері Әр режим биліктің мүддесін тікелей көрсететін болғандықтан, өзінің өмір сүруі үшін барынша кең қолдауды қамтамасыз етуді негізгі мақсат етеді. Бұнысы өз алдына биліктің «өзін-өзі сақтау инстинкті» деуге болады, оған тән имманенттік консерватизм, қоғамдық құрылымдарда болуға мүмкін терең өзгерістер алдындағы қорқыныш. Бұл өзгерістерді билік институттары салыстырмалы түрде сирек бастайды, егер ондай болып жатса, ол қатал қажеттілік шамасында ғана және билеуші режимнің жағдайын тұрақтандырудағы жолды іздеу барысында болады. Осыған байланысты келесі пікір таралған, билік өзінің ықпалын сақтаудан немесе нығайтудан басқа мақсат қумайды және қууы да мүмкін емес. Биліктің қоғамдық мақсаттары үшін, азаматтар игілігі мен елдің дамуы үшін жасағандары, өзін растату мақсатында, билік ретінде өзін бекіту мен сақтау үшін жасалады. Бұл мақсатқа жету үшін саяси режим екі негізгі мақсатты орындайды: Біріншісі – әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Егер билік режимі кейбір себептер бойынша өзіне бұған есеп бере алмаса және жетуі жеткен әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге кедергі болса, онда мұндай жағдайдың нәтижесі саяси аренадан билеуші үкіметті алып тастау болып келеді; Екіншісі – легитимділік билікті қамтамасыз ету (сонымен қатар халықаралық аренадан қолдау іздеу). Кез келген билік нақты әлеуметтік дағдыланған нормалар мен жалпы өмір сүру тәртіптер шеңберінде әрекеттенеді және де өз әрекеттерінде осы нормаларға сүйенеді. Егер көпшілік қауым бұл нормаларды мойындаса және құндылық ретінде қабылдаса, онда билік жүргізіп жатқан режим мықты негізге ие екендігіне сенімді бола алады (легитимділікке ие). Жоғарыда аталған міндеттер шешіліп отырғанша, саяси режим өмір сүреді. Міндеттердің біреуін болмасын шешу қажеттілігін елемеген кезде немесе тиімді шешпесе, онда саяси режим тұрақты емес болады (шешілмеген міндеттер көбейгенде саяси режимнің тұрақтылық деңгейі төмендейді). Міндеттердің барлығын елемеген кезде және тиімді шешпесе саяси режим құрыйды және басқамен алмастырылады. Саяси режимнің негізгі мақсаты ұстанған жолды сақтау болып келеді, сондықтан өзінің эволюциясында ең жауапты кезеңдерінде реформа мен қалыптасқан билікті сақтау арасында таңдауға мәжбүр. Сондықтан биліктің әрекеттену алгоритмі келесідей болып келеді. Бірінші міндет таңдалады – тұрақтылық немесе реформалар – бұл шешімдер, таңдауды жүзеге асыратындардың пікірі бойынша, режимге тіршілік көзін қамтамасыз етеді. Содан кейін режимнің қарауында бар ресурстар мен қаражаттар ойластырылып таразыға салынады, олар ресурстарды жұмылдыруға көмктеседі. Нәтижесінде нақты стратегия пайда болады, режим алдында тұрған мәселелерді шешу механизмі туындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет