Қазақстандағы төлем жүйелері



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата06.04.2017
өлшемі0,8 Mb.
#11162
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Санаты 

Сауданың түрі 

Мүшелер  саны 

Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сауда-саттық 45 



H «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторының 

мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары 

бойынша сауда-саттық 

19 


Биржаның ресми тізімінен мемлекеттік емес 

эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша сауда-саттық 

39 


Шетел валюталары бойынша сауда-саттық 28 

Мерзімді келісім-шарттар бойынша сауда-саттық 



  5 

 

1.3.3 Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі 

«Бағалы  қағаздардың  орталық  депозитарийі»  ЖАҚ  (БҚОД) 1997 жылы  шілдеде  арнайы  ұйым 

ретінде  құрылды.  БҚОД  –ның  рөлі  бағалы  қағаздар  иелерінің  құқықтарын  есепке  алу  жəне 

растау,  бағалы  қағаздарды  дематериализациялауды  жүзеге  асыру  болып  табылады.  БҚОД 

сондай-ақ  бағалы  қағаздарды  сақтау  мен  есепке  алуды,  жасалатын  мəмілелерге  техникалық 

қызмет  көрсетуді, сондай-ақ клиринг қызметін жүзеге асырады. 

БҚОД  функцияларына

 қатысушылардың бағалы қағаздарды номиналдық ұстаушылары; 

 кепілдік  бере  отырып  қатысушалар  арасында  бағалы  қағаздарды  аудару (DVP принцип 

деп аталатын сатып алушыларға ақша қаражатын жеткізуге қатысты); 

 қатысушылар  мен  олардың  клиенттерінің  бағалы  қағаздарға  құқықтарын  белгілеу,  осы 

құқықтар бойынша растамалар беру; 

 бағалы қағаздарды дематериализациялау; 

 сыйақы төлемдері жөніндегі төлем агенті кіреді.. 


ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

11

2. Төлем құралдары 



2.1 Қолма-қол төлемдер 

«Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  туралы»  Заңға  сəйкес,  ҚРҰБ  Қазақстандағы 

банкноттар  мен  монеталардың  жалғыз  эмитенті  болып  табылады. 2002 жылдың  аяғында 

айналыста 167,1 млрд. теңге болды. 

Банкноттар 100, 200, 500, 1000, 2000 жəне 5000 теңге  номиналдарымен  шығарылды. 

Айналыстағы банкноттардың басым бөлігі 5000 теңгелік банкноттар. Монеталар 1, 5, 10, 20, 50 

жəне 100 теңге номиналдарымен шығарылды. 

2002  жылдың  аяғында  айналыстағы  банкноттар  мен  монеталардың  нақтылы    ЖІӨ-ге  қатынасы 

4,5% болды. Қолма-қол ақша М1 ақша агрегатының 58,2%-ін құрайды.  

2.2 Қолма-қол жасалмайтын төлемдер 

2.2.1 Кредиттік аударымдар 

Төлем  тапсырмалары  Қазақстанда  едəуір  кең  түрде  пайдаланылатын  төлем  құралы  болып 

табылады. Төлем тапсырмалары төлем жүйесіндегі қолма-қол жасалмайтын төлемдер үлесінің ең 

көп  бөлігін  алады  жəне 2002 жылғы  төлем  құжаттарының  саны  бойынша 91% жəне  сомасы 

бойынша 95% болды  Клиент  төлем  тапсырмасын  көбінесе  қағаз  жазбада  ұсынады.  Төлемдерді 

интернет, телефон жəне мобильді телефон арқылы жүзеге асыру жеткілікті дамымаған. 



2.2.2 Дебеттік аударымдар 

Қазақстан  Республикасында  дебеттік  аударымдар  мынадай  төлем  құралдары  пайдаланыла 

отырып жүргізіледі: 

 Инкассолық өкімдер. Ақша жіберушінің  банктік шоттарынан заң актілерінде көзделген 

жағдайларда  ақша  жіберушінің  рұқсатынсыз  ақша  алу  үшін  пайдаланылатын  төлем 

құжаты  инкассолық  өкім,  сондай-ақ  салық  қызметі  органдарының  жəне  кеден 

органдарының  инкассолық  өкімі  болып  табылады. 2002 жылы  инкассолық  өкімдер 

қолма-қол ақшасыз трансакциялардың жалпы санының 1,7%-і болды. 

 Чек.  Бұл  бұйрықта  көрсетілген  ақша  сомасын  чек  берушіге  төлеу  туралы  олардың 

арасындағы шартқа негізделген чек берушінің алушы банкке жазбаша осындай бұйрығы 

бар  төлем  құжаты.  Чектер 2002 жылғы  қолма-қол  ақшасыз    операциялардың  жалпы 

санының 1,7%-і болды. 

 Төлем  талап-тапсырмасы.  Төлем  талап-тапсырмасы  деп  бенефициардың  жеткізілген 

тауарлар,  орындалған  жұмыс,  көрсетілген  қызмет  үшін  ақы  төлеу  туралы  көрсетілген 

талапты  растайтын  құжаттар  негізінде  ақша  жіберушіге  талабын  айтады. 2002 жылы 

төлем  талап-тапсырмасы  қолма-қол  ақшасыз  трансакциялардың  жалпы  санының 0,6%- 

болады. 

 Банктік  шотты  тікелей  дебеттеу.  Мұндай  төлем  ақша  жіберуші  мен  оның  банкі 

арасындағы  шарт  негізінде  жүзеге  асырылады,  соған  сəйкес  ақша  жіберуші  жоғарыда 

көрсетілген  шарттағы  тиісті  құжаттардың  қосымшасымен  бірге  жеткізілген  тауарлар, 

орындалған  жұмыс  не  көрсетілген  қызмет  үшін  бенефициардың  талаптары  негізінде 

өзінің банктік шотынан ақша алуға келісім береді. Банктік шотты тікелей дебеттеу 2002 

жылғы қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы санының 1,1% болды. 


ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

12

2.2.3 Төлем карточкалары 

2002 жылы Alem Card, Altyn, Каспийский, Сити кард, Иртыш-card жергілікті жүйелердің төлем 

карточкалары шығарылып, қызмет көрсетілді. Жылдың аяғында осы карточкалардың 235,7 мың 

данасы  айналыста  болды. 2002 жылы  жергілікті  төлем  карточкалары  пайдаланыла  отырып, 

сомасы 17,3 млрд.  теңгеге 2,0 млн.  трансакциялар  жүзеге  асырылды.  Жергілікті  жүйелердің 

карточкалары  негізінен  қолма-қол  ақша  алу  үшін  пайдаланылады.  Жергілікті  карточкалар 

трансакцияларының 0,2%-і ғана қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін пайдаланылды. 

2002  жылы  бірқатар  ірі  банктер Europay International, VISA International, American Exspress

Diners Club, Union Card жəне HSBC халықаралық  жүйелердің  төлем  карточкаларын  шығаруды 

жүзеге  асырды.  Жылдың  аяғында  осы  карточкалардың 1260,2 мың  данасы  айналыста  болды. 

2002 жылы халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, 233,7 млрд. теңге 

сомасына 18,9 млн.  трансакциялар  жүзеге  асырылды.  Халықаралық  карточкалар 

трансакцияларының 3,1%-і ғана қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін пайдаланылды.. 



 

Төлем карточкалары пайдаланылған трансакциялар, млн. теңге 

Жергілікті жүйелердің 

карточкалары 

Халықаралық жүйелердің 

карточкалары 

Трансакцияның түрі  

2001 2002 2001 2002 

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу 

122,1 

39,0 5 


766,2 9 

550,1 


Қолма-қол ақшаны беру 

15 089,9 

17 239,4 

125 671,3 

224 179,0 

 

2.2.4 Банкоматтар жəне POS-терминалдары 

Банкоматтарды 1997 жылы  алғаш  рет  бірнеше  коммерциялық  банктер  енгізді. 2002 жылдың 

аяғында Қазақстанда 702 банкомат жұмыс істеді, сонымен бірге банкоматтардың саны былтырғы 

жылмен  салыстырғанда 30% өсті. 2002 жылдың  аяғында 1 миллион  тұрғындарға  банкоматтар 

саны 47,1 бірліктен келді. 

2002  жылдың  аяғында  Қазақстанда 5285 POS-терминал  жұмыс  істеді. POS-терминалдың  саны 

2002  жылдың  аяғында 1 миллион  тұрғынға 355 бірліктен  болды.  Барлық  жергілікті  жəне 

халықаралық  карточкаларға  дебет  карточкасының  қызметі  берілді. POS–терминалдары 

пайдаланылатын  трансакциялар  саны  едəуір өсуде.  Банкоматтар  мен POS–терминалдар арқылы 

трансакцияларға арналған 4 процессинг желілері жұмыс істейді. 

 2.3 Жаңа əзірлемелер 

2000  жылы  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  төлем  карточкалары  бойынша 

трансакцияларды  жүзеге  асыру  үшін  «Процессинг  орталығы»  ЖАҚ-ны  құрды.  Орталық 

қызметінің  мақсаты  бұрынғы  төлем  карточкаларынің  жүйесін  бірыңғай  төлем  кеңістігіне 

біріктіру,  төлем  карточкаларына  пайдаланып,  трансакцияларды    орталықтандырылған  түрде 

өңдеу  жəне  бұдан  кейін  микропроцессорлық  карточкалар  негізінде  төлем  карточкаларының 

ұлттық банкаралық жүйесін (ТКҰБЖ) құру болып табылады.  

3. Банкаралық есеп айырысу жүйелері 

3.1 Жалпы шолу 

Қазақстанда банкаралық төлемдер мынадай жүйелер арқылы жүргізіледі: 

 Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ); 


ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

13

 Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ); 



Бұл  жүйелер  Қазақстан  Республикасында  ақша  аударымдары  мен  төлемдерін  жүзеге  асырудың 

негізгі  механизмдері  болып  табылады.  Қазақстан  Банкаралық  есеп  айырысу  Орталығының 

(ҚБЕО)  Банкаралық  ақша  аудару  жүйесі 1996 жылдан  бері  жұмыс  істейді.  Бұрын  ол  «Ірі 

төлемдер  жүйесі»  деп  аталған  жəне  оның    жұмыс  істеу  тəртібі  бастапқыда  «ҚБЕО-ның  ірі 

төлемдер жүйесінде есеп айырысуды жүргізу ережесінде  белгіленген болатын. Содан соң, ІТЖ 

БААЖ  болып  қайта  құрылғаннан  кейін  жүйенің  жұмыс  істеу  тəртібі  «Банкаралық  ақша  аудару 

жүйесіндегі ақша аударымдары ережесінде» белгіленді. 

БААЖ-дың мақсаты Қазақстан Ұлттық Банкінде БААЖ-ды пайдаланушылардың шоттарындағы 

сомалар  шегінде  пайдалана  отырып,  бір  операциялық  күн  ішінде  есеп  айырысу  кепілдігімен 

ұлттық валютадағы тұрақты жəне шартсыз төлемдерді орындаудан тұрады. 

2002  жылыдың  аяғында  БААЖ-ды  пайдаланушылар  саны 72 болды,  оның  ішінде 38 екінші 

деңгейдегі  банктер, 17 облыстық  Қазынашылық  басқармалары,  Қазақстан  Республикасының 

Ұлттық  Банкі,  Кастодиан-Банк  (ҚҰБ  -нің  МОД),  Зейнетақы  төлеу  жөніндегі  мемлекеттік 

орталық, басқа да банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бар. 

БААЖ  арқылы  кредиттік  сияқты  дебеттік  аударымдар  да  жүзеге  асырылады.  Жүйеде 

хабарламалар  беру  жəне  қабылдау  Ұлттық  Банк  белгілеген  форматтарға  сəйкес  электрондық 

тəсілдермен жүзеге асырылады. 

БТЖ – ұсақ төлемдерге арналған көпжақты клирингтік жүйе. БТЖ-нің ерекшелігі сол, төлемдер  

жеке  өңделмейді.  Төлем  тапсырмалары  бір  операциялық  күн  ішінде  ҚБЕО-ға  жіберіледі. 

Операциялық  күннің  аяғында  келіп  түскен  жəне  жіберілген  төлемдерге  сəйкес  көпжақты  өзара 

есеп  айырысу  қорытындылары  бойынша  таза  позицияларды  есептеу  жүргізіледі.  Таза 

позицияларды есептеу БААЖ арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта ҚБЕО-ның жанындағы 

клиринг палатасы қатысушылардың өтімділікті басқаруына жəне төлемдердің үстеме ағындарын 

барынша  пайдалануға  мүмкіндік  беретін  американдық  автоматтандырылған  клиринг 

палатасының үлгісінде жұмыс істейді. 

1999 жылғы тамызға дейін БТЖ-ға ҚҰБ жанындағы клиринг палаталарының жəне аз ғана сомаға 

банкаралық  төлемдерді  жүзеге  асыратын  ҚБЕО-ның  жанындағы  Алматы  клиринг  палатасының 

желісін  қосты.  Клиринг  палаталарында  тəуекелдерді  басқарудың  түрлі  əдістері  пайдаланылды, 

атап  айтқанда,  дебеттік  жəне  кредиттік  шектеулер,  кезектер  жүйесі  пайдаланылды.  ҚҰБ-нің 

облыстық  филиалдарындағы  клиринг  палаталарының  жабылуына  байланысты 1999 жылғы 1 

тамыздан бастап жүйенің мұндай функциялары Алматы клиринг палатасына жəне жеке клиринг 

палаталарына (Солтүстік Қазақстан облысындағы «Тимей» ҚӨК  ЖШС) берілді. 

2002  жылдың  аяғында  ҚБЕО-ның  клиринг  палатасының  пайдаланушылары 50, оның  ішінде 27 

екінші  деңгейдегі  банктер, 17 Қазынашылықтың  облыстық  басқармалары,  Қазақстан 

Республикасының Ұлттық Банкі, Кастодиан банк (ҚҰБ-нің МОД), Мемлекеттік зейнетақы төлеу 

жөніндегі  орталық, «Қазпочта»  ААҚ  жəне  басқа  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерін 

жүзеге асыратын ұйымдар бар. Сонымен бірге  «Тимей» ҚӨК ЖШС-нің қатысушылары екінші 

деңгейдегі банктердің үш филиалы, бір облыстық қазынашылық басқарма жəне  «Тимей» ҚӨК 

ЖШС-нің өзі болып табылады. 

Қазақстанда чектермен операциялар клирингі бойынша қандай да бір жүйе жоқ. Банктер чектер 

бойынша есеп айырысуды өзара корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырады.  

3.2 Банкаралық ақша аудару жүйесі 


ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

14

Республика  төлем  жүйесінің  даму  кезеңдерінің  бірі 2002 жылғы  желтоқсанда  ҚБЕО  негізінде 



нақты  уақыт  режимінде (RTGS - нақты  уақыт  режимінде  жалпы  есеп  айырысу  жүйесі)  жалпы 

есеп айырысуды жүзеге асыратын банкаралық ақша аудару жүйесінің (БААЖ) құрылуы болды. 

БААЖ-дың  мақсаты  БААЖ-ды  пайдаланушылардың  Ұлттық  Банктегі  шоттарындағы  ақшаны 

пайдалана  отырып,  сол  сома  шегінде  бір  операциялық  күн  ішінде  есеп  айырысу  кепілдігімен 

ұлттық валютадағы тұрақты жəне шартсыз төлемдерді орындау болып табылады. 

 1996  жылдың  аяғынан  бастап  жүйе  ІТЖ  ретінде  (ірі  төлемдер  жүйесі)  жұмыс  істей  бастады. 

ІТЖ-де  ақша  аударымдарын  жүзеге  асыру  үшін  жүйе  қатысушыларының  корреспонденттік 

шоттары  пайдаланылды. 2000 жылғы  желтоқсаннан  бастап  жүйе  БААЖ  (банкаралық  ақша 

аударымдар жүйесі) болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта Ұлттық Банк пайдаланушының төлем 

тапсырмасы  негізінде  оның  корреспонденттік  шотынан  ондағы  қалдық  сома  шегінде  жүйесінің 

арнайы  шотына  ақша  аударуды  жүзеге  асырады.  Есеп  айырысу  əрбір  пайдаланушы  шотының 

жүйесіндегі  өтімділік  пайдаланыла  отырып  бір  күн  ішінде  түпкілікті  жүргізіледі.  ҚРҰБ 

операциялық 

күннің 


аяғында 

пайдаланушының 

жүйе 

шотынан 


пайдаланушының 

корреспонденттік  шотына  позиция  сальдосы  сомасында  ақша  аударады.  Осы  тұрғыдан  алғанда  

БААЖ-ды  алдын  ала  төлем  жасайтын  жүйе  ретінде    сипаттауға  болады.  Корреспонденттік 

шоттан айырмашылығы -  БААЖ шотындағы қаражатты ҚРҰБ  оқшаулай алмайды. 



3.2.1 Жұмыс істеу ережесі 

Жүйені ұйымдастырудың жəне жұмыс істеуінің құқықтық негізін пайдаланушылар мен Ұлттық 

Банк,  Ұлттық  Банк  пен  Орталық,  пайдаланушылар  мен  Орталық  арасында  жасалатын  шарттар, 

сондай-ақ  «Банкаралық  ақша  аударымдар  жүйесіндегі  ақша  аударымдар  ережесі»  қамтамасыз 

етеді. 

3.2.2 Жүйенің қатысушылары 

2002  жылдың  аяғында  жүйеге 72 пайдаланушы  енгізілген  жəне  жұмыс  істейді.  Жүйенің 

пайдаланушылары:  Ұлттық  Банк,  Қаржы  министрлігінің  Қазынашылығы  жəне  оның 

филиалдары,  Қазақстан  қор  биржасы, «Қазпочта»  ААҚ,  Бағалы  қағаздар  депозитарийі,  бағалы 

қағаздар  рыногына  қатысушылар,  МЗТО  (Мемлекеттік  зейнетақы  төлеу  жөніндегі  орталық), 

екінші деңгейдегі банктер, облыстық клиринг палаталары. 

Мамандандырылған  терминалдарды  пайдалана  отырып,  қатысушылар  төлем  тапсырмаларын 

тікелей  жүйеге  жібереді.  Төлем  тапсырмалары  БААЖ-ға  электрондық  түрде  жіберілуге  тиіс. 

SWIFT  пайдаланыла  отырып  ҚБЕО  белгілеген  МТ100  жəне  МТ102  сияқты  форматтарда 

жіберіледі. ҚБЕО төлем жүйелерін пайдаланушыларға байланыс арналарының барлық түрлерін: 

коммутацияланатын,  бөлек,  Интернет,  Х.25, DialNet желілерін  ұсынады  жəне  арналарды 

пайдаланушылардың өздері таңдайды. 

Мұнда ҚРҰБ, ҚБЕО жəне басқа жүйені пайдаланушылар арасында жауапкершілікті бөлуге тура 

келеді.  Мұндайда  ҚРҰБ  операциялық  күннің  соңында  БААЖ-дағы    пайдаланушылардың  нетто 

есеп  айырысуының  ҚРҰБ  бухгалтерлік  кітабында  көрсетілуіне  жауап  береді.  ҚБЕО  жүйені 

пайдаланушылардан  қабылданған  төлемдердің  өңделуіне  жəне  бір  пайдаанушыдан  екіншісіне 

ақша  аударуға  жауап  береді.  Пайдаланушылар  электрондық  төлем  құжаттарының  дұрыс 

толтырылуына жəне шынайлығына жауап береді. 

1-сурет 

БААЖ құрылымы 

 


ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

15

 



 

 

 



 

 

 



3.2.3 Трансакциялардың түрлері 

БААЖ  арқылы  кредиттік  жəне  дебеттік  аударымдар  жүзеге  асырылады.  Дебеттік  аударымдар 

пайдаланушы-төлемшінің  алдын  ала  келісімімен  ғана  жəне  жазбаша  келісім  негізінде  жүзеге 

асырылады.  Бұл  келісімнің  көшірмесі  пайдаланушының  ҚБЕО-мен  жасаған  шартына  қоса 

берілуге тиіс. 

Бас  банк  пен  оның  филиалы  арасындағы  аударымдарға  қатысты,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасының  қолданылып  жүрген  заңдарында  көзделген  негіздерде  дебеттік  аударымдар 

төлемшінің  келісімінсіз  орындалады.  БААЖ-да  төлем  сомасына  қандай  да  бір  лимиттер 

болмайды.  БААЖ  негізінен  банкаралық  ақша  рыногына,  шетел  валютасымен  жəне  бағалы 

қағаздармен  операцияларға  байланысты  ірі  төлемдерді  жүзеге  асыру  үшін  пайдаланылады. 

БААЖ  бағалы  қағаздармен  операциялар  бойынша DVP принципін  жүзеге  асыруға  арналған 

Бағалы Қағаздардың Орталық Депозитарийінің есеп айырысу агенті ретінде жұмыс істейді (4.3-

тарауды қараңыз). 

3.2.4  Жүйенің жұмыс істеуі 

Операциялық күн басталар алдында кестеде белгіленген мерзімде жүйедегі тəуекелдерді басқару 

үшін Ұлттық Банк пайдаланушының төлем тапсырмасы негізінде оның Ұлттық Банкте ашылған 

корреспонденттік шотынан ондағы қалдық сома шегінде Ұлттық Банктің арнайы шотына (жүйе 

шотына) ақша аударуды жүзеге асырады. Жүйенің шоты жүйедегі ақша аударымдарын орындау 

кезеңінде  пайдаланушылардың  ақшасын  есепке  алу  үшін,  сондай-ақ  пайдаланушылардың 

корреспонденттік  шоттарына  жүйенің  операциялық  күнінде  олардың  арасындағы  позициялар 

сальдосының  сомасында  ақша  аудару  үшін  қызмет  етеді.  Ұлттық  Банктің  операциялық  күні 

жабылғаннан кейін бұл шотта ақша қалдығы болмауға тиіс. 

Банктердің  орындалған  төлем  тапсырмалары  негізінде  Ұлттық  Банктің  бөлімшесі  ҚБЕО-ға 

пайдаланушылардың  өздері  корреспонденттік  шоттарынан  Ұлттық  Банктегі  жүйенің  шотына 

аударған  ақша  сомалары  туралы  ақпарат  бар  электрондық  ведомості  жəне  олардың  банктік 

бірегейлендіру кодтарын жібереді. 

Операциялық  күн  ашылардың  алдында  пайдаланушының  позициясы  бойынша  ақша  сомасы 

төлем  тапсырмасында  көрсетілген  сомаға  тең  болуға  тиіс.  Ұлттық  Банк  тəуекелдерді  басқару 

А банкі 


Б банкі 

ҚБЕО БААЖ 

Ұлттық Банк  


ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

16

мақсатында  ҚБЕО-ға  кезекке  тіркеуге  болатын  төлем  тапсырмаларының    ең  көп  рұқсат  етілген 



сомасы туралы  электрондық ведомості жібереді. 

Жүйедегі  ақша  аудару  пайдаланушының  жүйе  шотына  аударған  жəне  оның  басқа 

пайдаланушылардан  қабылдаған  ақша  сомасы  шегінде  жүзеге  асырылады.  ҚБЕО  операциялық 

күн  ішінде  ҚБЕО  жүйесі  позициясындағы  қалдық  сомасының  пайдаланушылар  жүйесі 

позициясындағы  дебеттік  жəне  кредиттік  қалдықтар  сомасымен  тең  болуын  тұрақты  түрде 

бақылап отыруды жүзеге асырады. 

Егер  пайдаланушы  жүйесінің  шотындағы  ақша  төлемді  жүзеге  асыруға  жетіліксіз  болса,  төлем 

тапсырмасы    кезекке  қойылады  да,  қаражат  жеткілікті  болғанға  дейін  уақытша  өңделмейді. 

Кезектегі  төлем  тапсырмасы  басымдылық  кодтарына  сəйкес  өңделеді.  БААЖ-да 100 

басымдылық коды пайдаланылады; ең жоғарысы - «0» жəне ең төменгі басымдылық коды - «99». 

Сонымен бірге жүйені пайдалаушы басымдылық кодын өзі белгілейді. 

Басымдылық кодтары шегінде кезектегі төлем тапсырмаларын орындау FIFO принципі бойынша 

жүргізіледі («алғашқы  болып  келді,  алғашқы  болып  кетті»).  Пайдаланушылар  заңдарда 

белгіленген  кезектілікті  қоспағанда,  төлем  тапсырмаларын  орындау  кезектілігін  белгілеуге 

құқылы. Пайдаланушы-төлемші кезектегі төлем тапсырмаларын кез келген сəтте қайтарып алуы 

мүмкін.  Пайдалауншылар  операциялық  күні  ішінде  пайдаланушы  позициясының  жай-күйі 

туралы: 

 төлем тапсырмаларының орындалуы туралы; 

 пайдаланушының жүйедегі ақша қалдығы туралы; 

 кезекке тіркелген төлем тапсырмалары жөнінде көшірме алады. 

Пайдаланушы-ақша  алушы  төлем  тапсырмасын  алып,  тексергеннен  кейін  жəне  өзінің 

корреспонденттік  шоттарына  ақшаны  қабылдағаннан  кейін  жүйенің  операциялық  күні  ішінде, 

бірақ  келесі  операциялық  күннен  кешіктірмей  өз  клиенттерінің  шоттарына  ақша  қабылдауды 

орындайды. 

БААЖ-да «gridlock» жағдайына  (өтімділіктің  жетіспеуі  себепті  бірнеше  пайдаланушының 

кезегін  ашу)  рұқсат  ету  пайдаланылады.  ҚБЕО  бір  күн  ішінде,  сондай-ақ  операциялық  күннің 

аяғында  жүйедегі  пайдаланушылардың  ақша  қалдығын  ескере  отырып,  кезектегі  төлем 

тапсырмаларының  өзара  есептесуін    орындайды.  Мұндай  функция  өтімділіктің  жеткілікті 

болуына байланысты өте сирек іске асырылады. 

ҚБЕО операциялық күннің соңында Төлем жүйесі басқармасына (ТЖБ) барлық пайдаланушылар 

позицияларының  сальдосы  туралы  электрондық  ведомості  береді.  ТБЖ  электрондық  ведомості 

алғаннан  кейін,  олардағы  сомалардың  тең  шығуын  тексереді,  деректерді  салыстырып 

тексергеннен кейін позициялар сальдосы сомасындағы ақшаны пайдаланушының жүйе шотынан 

пайдаланушының  корреспонденттік  шотына  аударады.  Электрондық  ведомостегі  позициялар 

сальдосының жəне жүйе шоты сальдосының сомалары сəйкес келмеген жағдайда ҚБЕО мен ТЖБ 

сəйкес  келмеушілікті  жою  жөнінде  бірлескен  шаралар  қабылдайды.  Операциялық  күн 

аяқталғаннан  кейін  пайдаланушы  ҚБЕО-дан  орындалған  төлем  тапсырмаларының  нəтижелері 

жөнінде көшірме алады. 



3.2.5 Жұмыс сағаттары 

Операциялық  күн  жұмыс  күндері  сағат 8-00-ден  басталады,  сағат 20-00-де  аяқталады.  Ерекше 

жағдайларда Ұлттық Банк операциялық күнді сағат 22-00-ге дейін ұзартуға құқылы. 


ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

17

3.2.6 Есептеу рəсімдері 

Ақша  аударымы  ҚБЕО  төлем  тапсырмасын  акцептегеннен  кейін  ғана  жүзеге  асырылады. 

Пайдаланушылардың  жəне  ҚБЕО-ның  құқықтары  мен  міндеттері  сондай-ақ  ҚБЕО  төлем 

құжатын  акцептеген  кезден  пайда  болады.  Электрондық  төлем  құжатын  ҚБЕО  акцептегеннен 

кейін,  ол  төлемді  жүзеге  асыруға  қатысушы  тараптардың  бастамасы  бойынша  қайтарып 

алынбайды жəне өзгертілмейді.  

ҚБЕО-ның төлем тапсырмасын акцептеу шарттары мыналар болып табылады: 

1. 

түпнұсқаландырудан өту; 



2. 

ақша  аударымының  бастамашысында  пайдаланушының  жəне  пайдаланушы-алушы 

мəртебесінің болуы; 

3. 


төлем  құжатында  көрсетілген  соманы  пайдаланушының  позициясынан  есептен 

шығарудың мүмкіндігі. 

Барлық үш шарт қанағаттандырылған жағдайда, БААЖ төлем тапсырмасын өңдейді жəне ақша 

аударымын жүзеге асырады. Бұдан кейін БААЖ төлемшіге шоттың дебеттелгені туралы (МТ900) 

жəне алушыға шоттың кредиттелгені туралы (МТ910) хабарлайды. 

1  немесе 2-тармақшалардың  шарттары  орындалмаған  жағдайда  төлем  тапсырмасын  жіберушіге 

себебін  көрсете  отырып,  оның  төлем  тапсырмасының  өңдеуден  бас  тартылғаны  туралы 

электрондық хабарлама жіберіледі.  

3-тармақшаның шарттары орындалмаған жағдайда, алайда 1 жəне 2-тармақшалардың шарттары 

сақталатын болса, төлем тапсырмасы пайдаланушы-төлемшіге жіберіледі. 

Сонымен  бірге,  дебеттік  аударым  бойынша  төлем  тапсырмасын  акцептеу  шарттарының  бірі  

пайдаланушы-төлемшінің алдын ала келісім жасауы болып табылады. 

БААЖ-ға қатысушылардың шоттары бойынша бухгалтерлік жазбалар жасалғаннан кейін төлем 

түпкілікті жəне тұрақты болып саналады. 



3.2.7 Кредиттік тəуекелді жəне өтімділік тəуекелін басқару 

Ұлттық  Банк  тəуекелдерді  басқару  мақсатында  ҚБЕО-ның  ақпараты  негізінде  пайдаланушылар 

позициясының  мониторингін  жүзеге  асырады.  ҚБЕО  бұл  ақпаратты  жүйенің  операциялық  күні 

ішінде  электрондық  тəсілмен  ұсынады.  Осы  ақпаратта  жүйедегі  пайдаланушылар 

позицияларының,  олардың  позициялары  бойынша  дебеттік  жəне  кредиттік  айналымдардың, 

позициялар  сальдосының  жəне  кезекке  тіркелген  төлем  тапсырмаларының  жалпы  сомасының 

ағымдағы жай-күйі туралы деректер болады.  

Пайдаланушылардың БААЖ-дағы өтімділікті басқаруының үш тəсілі пайдаланылады. 

Біріншіден,  пайдаланушылар  ҚРҰБ-дегі  корреспонденттік  шоттан  БААЖ  шотына  қаражат 

аудара  алады.  Алайда,  бұл  тəсіл  сирек  пайдаланылады,  өйткені  көптеген  пайдаланушылар  өз 

қаражатының басым бөлігін БААЖ-дың операциялық күнінің бас кезінде аударады.  

Екіншіден, пайдаланушылар қаражатты банкаралық ақша рыногынан алуы мүмкін. 

Үшіншіден, пайдаланушылар қамтамасыз етіліп берілетін сияқты қамтамасыз етілмейтен ҚРҰБ 

кредиттерін    пайдалана  алады.  ҚҰБ-нің  төлем  жүйесі  басқармасы  банктерге  «овердрафт»  жəне  



ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

18

«овернайт»  кредиті  бойынша  лимиттер  ҚРҰБ-нің  белгілеген  шегінде  күн  ішіндегі  «овердрафт» 



кредиттерін  береді.  Егер  банктер  төмендегідей  талаптарға  сай  келсе,  олар  овердрафт  жəне  

овернайт кредиттерін алуға құқылы: 

 Банк БААЖ пайдаланушысы болуға тиіс; 

 Банк ҚРҰБ белгілеген пруденциалдық нормативтерді жəне басқа міндетті талаптар мен 

лимиттерді сақтауға тиіс; 

 Банктің өз төлемдері бойынша жəне өз клиенттерінің төлемдері бойынша орындалмаған 

міндеттемелері болмауға тиіс; 

 Банк ҚРҰБ-мен «овернайт» заемын беру туралы Бас келісім жəне күндізгі  «овердрафт» 

заемын беру туралы Келісім жасауға тиіс. 

Овердрафттың негізгі шарттары мыналар: кредит банкке белгіленген лимиттер шегінде беріледі; 

өтелу  мерзімі  операциялық  күн  ішінде,  алайда  сағ. 18:00-ден  кешіктірмеу  керек.  Егер 18:00-ге 

дейін  овердрафттың  орны  жабылмай  қалса,  овердрафттың  құны  тиісті  шарттармен  овернайт 

кредитіне айналдырылады. Көрсетілген овернайт кредиті келесі күні 15:00-де өтелуге тиіс (Т+1). 

Егер  ҚРҰБ  алдындағы  міндеттемелер  өтелмей  қалып  қойса,  ҚРҰБ  банктің  ҚРҰБ-дегі  шотын 

оқшаулауға  жəне  овернайт  кредиті  мен  проценттер  бойынша  қажетті  соманы  ұстап  қалуға 

құқылы. 


Операциялық  күнді  жапқан  кезде  кезекте  тұрған  төлем  тапсырмалары  БААЖ-дағы 

пайдаланушының шотында өтімділіктің жетіспеуі себепті  жойылады, мұндайда пайдаланушыға 

хабарлама жіберіледі. 

3.2.8 Баға саясаты 

БААЖ-дағы  қызмет  көрсету  бағасы  трансакциялар  өткізу  уақытына  байланысты  жəне 

төлемдерді  өткізудің  тиімді  процесіне  арналған  механизмді  ынталандыру  ретінде 

пайдаланылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет