Қазақстандағы туризм мен экотуризм



Дата28.10.2022
өлшемі13,13 Kb.
#45999
Байланысты:
2021 Туризм


Қазақстандағы туризм мен экотуризм

Туризм саласы- әлемнің көп елдерін экономикалық жағынан байытып, дамыған елдердің қатарына қосылуына себепші болып отырған сала. Адамдар жақсы демалу үшін , басқа ұлт , әртүрлі халықтың мәдениеті мен табиғатымен танысу мақсатында жанға жайлы демалып, саяхаттағысы келеді.


Әрине, туризм саласы жақсы дамыған, адам үшін барлық жағдай жасалған тиімді ел, аймақты, қаланы таңдайды. Елдің экономикасы нашар болу ы мүмкін , бірақ табиғаты тамылжыған , өзіндік мәдениеті , дәстүрі ерекше елдерге әлем халқы қаржыларын аямай саяхаттап барып, демалады.
Жерінің үлкендігі бойынша әлемде 9- орын алатын кең-байтақ біздің елімізде туризм саласы енді бой көтеріп келе жатқан сала. « Шарын шатқалы»,Алтай аймағының әсем табиғаты, қарасаң көзің тоймайтын Алатау ұлттық паркі , Маңғыстаудағы Үстіртіміз ,табиғаты қандай көркем деп мақтана айта аламын. Еліміздің мәдени рухани байлығымен ежелден келе жатқан ескерткіштерімен шетелдік турист қызыға таныса алады.Сондықтан да , жыл сайын елімізде туризм саласына көңіл бөлініп, әртүрлі шаралар ұйымдастырылуда , халықаралық деңгейде елімізді таныстыратын ықпал болатын сала - туризм саласы деп ойлаймын.
Біріншіден, географиялық орнымызың орналасуы, Қазақстанға келген турист аспанмен тірескен тауларды, шалқар көлдерді,шөлді аймақты , нулы орманды көріп ,жаңа жерлерді тануға мүмкіндік алады.
Екіншіден, салт-дәстүр , рухани құндылық. Халқымыз әлемдегі ең қонақжай халық десем болады. Қазы-қарта,бауырсақ , қымыз ұлттық тағамдарымыздан дәм татқан адамның ұмыта алмасы анық.Алайда артықшылығынан, кемшілік тұстары да көп, баға , жарнамалау, ұйымдастыру жағы төмендеу. Спорттық жарыстарды көру үшін саяхаттап шығатын адамдар жылдан жылға артуда.Туризмнің әр саласы еліміздің абырой –беделін арттыруға, экономиканың жоғарлауына ықпал етеді.
Үшіншіден, экотуризм - табиғатпен өзара қарым –қатынас, адамның рухани және тән саулығын қалпына келтіру үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда адамның демалуы деп білемін. Менің ойымша , табиғатқа жанашырлықпен қарау, мәдени танымдық ізгі қасиеттерді қалыптастыру керек. Саяхаттап келушілер үшін ең бастысы жеке бастың қауіпсіздік мәселесі екендігі белгілі, тыныштық пен достықтың мекені Отанымды мақтаныш етемін.
Қорыта айтқанда, туризм саласы тез және жылдам дамып келе жатыр , халықты жұмыспен қамтамасыз етеді, әлемге танытады. Болашақта жастар туризм саласын дамытып, шетелдіктердің елімізге ағылып келетінін сеніммен айта аламын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет