Қазақстандық жауынгерлердің Ұлы отан соғысына қатысуы



Pdf көрінісі
Дата30.01.2017
өлшемі339,83 Kb.
#3059

27

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСУЫ

Т.С. САДЫҚОВ,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

Əлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор

Астана қ., Қазақстан

Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олар-

дың  бірі  əрі  соңғысы – Ұлы  Отан  соғысы  болды.  Олардың  со ғыс қа 

қатысқандағы мақсаты ұрпақтарының, яғни біздердің өмір сү руі міз ді 

қалады. Соғыс жаңғырығы жылдан жылға алыстап барады... Ол тура-

лы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, де-

рек ті фильмдерден көреміз. Əйтсе де өткенге көз жүгіртпей, бо ла шақ қа 

бағдар жасау мүмкін емес. Бұл соғыс кезінде əрбір бесінші қа зақ стан-

дық майданға аттанып, Отан-анасын қорғауға атсалысты. Қан ша ма қа-

зақ стан дық тар  ұрыс  даласында  мерт  болды.  Жеңіс  бізге  мил лион да-

ған  адамдардың  төгілген  қанымен  келді.  Соғыс  салған  қасірет  əр бір 

от ба сы ның  тарихында  із  қалдырып  кетті.  Ұлы  Отан  соғысы  тарихы 

туралы қан ша ма шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да, 

оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес. Ерлікпен шай қа-

сып, лайықты бағасын алғандар да бар. Кезінде аты аталмай қалса да, 

қа зір санамызға қайта оралып жатқан тұлғалар аз емес. Мысалы, Бақ-

ты ораз Бейсекбаевты аға буын өкілдері білген жоқ. Қазір еліміздегі ең 

жо ғар ғы награда «Халық қаһарманы» атағының иегері. Отан со ғы сы-

ның ізін де əлі де ашылмай жатқан ақиқаттар, еленбей қалған ер лік тер, 

елеусіз  жатқан  ерлер  қаншама?..  Оны  ашып  анықтау,  белгісіз  болып 

жатқан тағдырларды тауып, елге таныту, лайықты атаққа ие бол ғы зу, 

оларға қамқорлық жасау – бүгінгі ұрпақ, біздің қасиетті парызымыз.

Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып 

келеді. Олардың көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отан сүй-

гіш тік қасиет – əр кезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы 


28

ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек май-

данда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегі жоғары іл ти пат-

қа лайық. Себебі, олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен 

бір дей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Ашаршылық пен ауырт-

па лық ты бастан кешкен олар да жеңісті жақындатуға көп үлес қос ты. 

Таңның атысынан, күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс іс те ген 

сол бір қайратты да, қайсар жандарға бүгінгі ұрпақтың ри за шы лы ғы 

шексіз болса керек. Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төн ген 

сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да 

ыс тық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл 

та рих қа  алтын  əріптермен  жазылды.  Олардың  қаһармандық  өнегесі 

бү гін гі жас ұрпақтың жадында мəңгі сақталуы тиіс. Соғысты бірінші 

болып қар сы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін кү-

зет кен он да ған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест 

гар ни зо ны ның өзінде – 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жер-

ле сі міз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі əскерден елге 

қай ту лары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспар-

ларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қа ма лы-

ның  тірі  қалған  қорғаушылары  партизандар  қозғалысына  қосылды. 

Олар  дың қатарында 190 қазақстандық болған жəне олардың көп ші лі-

гі нің сү йе гі Беларусь жерінде қалған. Соғыс кенеттен басталғанымен, 

Қа  зақ  стан бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұ ды-

рық тай  жұмылды.  Республиканың  түкпір-түкпірінде  əскери  ко мис са-

риат тар ға  еріктілер  ағылды.  Кеше  ғана  мектеп  партасында  отыр ған 

бозбалалар  мен  бойжеткендер  де,  қала  мен  ауыл  тұрғындары  да  со-

ғыс қа сұранды. 1939 жылдың дерегі бойынша біздің республикамыз-

да 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Ар мия сы-

ның қа та ры на 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан 

астам  ат қыш тар  дивизиясы  мен  басқа  да  құрылымдар  жасақталған. 

Фашис тер мен  болған  шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 

316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивия-

сы, 100-ші жəне 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы ка вале рия лық 


дивизиялар, 74-ші жəне 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-шы Зай-

сан, 219-шы ми но мет тік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші жəне 992-ші 

авиа ция лық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 100 жүк жəне же-

ңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 

арба  жөнелтілді.  Қазақстан  армия  мен  флот  үшін  офицерлік  кадрлар 

жəне резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941–1945 

жылдары əскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қа зақ стан дық 

жолданды,  ал  Қазақстанның  аумағында  сол  жылдары  жұмыс  іс те ген 

27 əскери оқу орны толық емес мəлімет бойынша 16 мыңдай офицер 

дайындап шығарған. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ер лік пен 

шай қас қан.  Жауынгерлік  ерліктері  үшін  жүздеген  мың  қа зақ стан дық 

медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Ба-

тыры, 100-ден астам адам «Даңқ» орденінің толық иегері атанған. Төрт 

қа зақ стан дық екі мəрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар – Тал ғат 

Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов жəне Леонид Беда.

Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы – мерген 

Əлия  Молдағұлова  мен  пулеметші  Мəншүк  Мəметова  бар.  Рейх стаг-

қа Жеңіс туын тіккендердің бірі – қазақ жігіті Рақымжан Қош қар баев. 

Жаудың  тылында  да,  партизандардың  қатарында  да  қа зақ стан дық тар 

шайқасқан.  Солардың  бірі – Қасым  Қайсенов.  Ал  танымал  қол бас-

шы,  əскери  жазушы  Бауыржан  Момышұлын, 28 пан фи лов шы лар дың 

ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.

Соғыс  кезінде  қаншама  жастар  қыршынынан  қиылды.  Олар  Отан 

үшін жанын пида етті. Ал олардың əрқайсысының анасы, баласы, сүй-

ген қыздары, үлкен-үлкен армандары бар еді. Бірақ олар елге қа уіп төн-

ген кезде барлығын да құрбан етті. Жап-жас болса да, Отанын қор ғап 

жатып жан тапсырды. Бұл шынында да ерлік болатын.

Сұрапыл  да  жойқын  соғыста  қыршынынан  қиылған  жауынгерлер 

есімі ел есінде мəңгі сақталады. Отан үшін отқа түсіп, Жеңіс сый ла ған 

ардагерлерге тағзым етеміз. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет