Байланысты: Қазақстандық қоғам құндылықтарының жаңа жүйесі, ерекшеліктері ме-melimde.com
белгіленген тәртіппен партия мүшелерін мемлекеттік марапаттауларға ұсыну;
Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.
Сот — әділеттілікті жүзеге асырушы орган. Сот әділдігі — қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау жене шешу жөніндегі құқық қорғау қызметінің бір түрі.
Адам құқықтары жөніндегі комиссия - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия - консультативті кеңесші орган. ҚР Президентінің 1997 ж. 22 сәуірдегі Жарлығымен құрылған.
Комиссия Президенттің адам және азамат құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру жөніндегі конституциялық міндеттемелерін жүзеге асыруына, сондай-ақ осы мақсаттағы тетіктерді жетілдіруге жәрдемдесуі тиіс. Комиссия адам құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету, қорғау жөнінде ҚР Президентінің атына және тікелей өзіне жолданған хат- хабарларды қарап, осыған орай жыл сайын арнаулы баяндамалар дайындайды, адам құқығын қорғаудың тетіктерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасайды.
Қазақстан мүддесіне қатысты адам құқықтар жөнінде сараптамалық материалдар, арнайы халықаралық-құқықтық құжаттар, сараптамалық қорытындылар әзірлейді. Осы сала бойын¬ша маманданған халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады. Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы ереженің 7-пунктінде "Комиссия Мемлекеттік хатшының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін төрағадан, комиссияның хатшысы мен мүшелерінен тұрады" делінген.