Қазақстандық телекоммуникация және байланыс саласының журналы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата12.03.2017
өлшемі15,65 Mb.
#9073
1   2   3   4   5

Бұл аса кең тараған миф сияқты. Елімізде 

жүздеген адам ұялы байланыс антенналары 

өлімші ауру туғызады деп сеніп, тыныш өмір 

сүре алмауда.  

Бұл орайда барынша адал болуымыз 

керек: аса жақын қашықтықта ұялы бай-

ланыс антенналары шындығында адам 

денсаулығына қауіп төндіреді. Антеннаның 

секторына бірнеше сантиметрден бір 

жарым метрге дейін жақындатылған 

кезде электр-магнитті сәулелену деңгейін 

өлшейтін аспап оның нормадан бірнеше 

есе астамдығын көрсетеді. Сондықтан да 

шатырға шығып, антеннаға аса жақын — 50 

см-ден 1,5—2 м-ге дейінгі қашықтықта 

ұзақ уақыт тұру қауіпсіз болады деп айтуға 

келмейді. 

Шатырдағы жағдайды түсіндік. Ал 

оның астында, яғни үйдің ішінде, жоғарғы 

қабаттарында не болады? Ештеңе де бол-

майды, бұған сеніңіз, себебі антеннаның 

секторлары (олар тік төртбұрышты ұзынша 

пішінді болып келеді) ауқымды барынша 

кеңейту үшін радиотолқындарды антен-

на тұрған жерден жан-жаққа бағыттап 

таратады. Оның сәулесі төменге, яғни үй 

тұрғындарына түспейді де. Бұл орайда 

тіпті «радиокөлеңке» деген арнайы термин 

де бар. Антенна орнатылған үйлердің 

тұрғындары радиокөлеңкеде — яғни 

электр-магнитті сәулелену тұрғысынан ең 

қауіпсіз аймақта тұрады екен.  

Оның үстіне еліміздегі санитариялық 

нормалар бойынша тұрғын үйлердегі 

антенналар белгілі бір жағдайлар 

орындалған кезде ғана орнатылады. 

Оларға жоғарғы қабатта темір-бетон жа-

бын, техникалық қабат және металл шатыр 

болуы керектігі жатады. Осы үш нәрсенің 

кемінде бірі бар болған жағдайда антен-

на орнатылады. Онымен де шектелмейді. 

СЭС-ның радиосәулелену адам ағзасы 

үшін қауіпсіз деңгейде екенін растайтын 

арнайы қорытындысын алғаннан кейін 

ғана станция өз жұмысын бастай алады. 

Біздің еліміздің тұрғын аймақтарында ол 

деңгей бір шаршы сантиметрге 10 микро-

ватты құрайды. Және де бұл санитариялық 

норма өзге елдердегімен салыстырғанда 

едәуір қатаң. Мысалы, ЕО елдерінде 

радиосәулелену деңгейі бір шаршы сан-

тиметрге 200 микроватқа дейін жетеді, ал 

бұл біздің елдегіден ондаған есе жоғары. 

Демек, сіздер мен біздің денсаулығымыз 

осы қатаң санитариялық норманың 

қорғауында тұр.



әртүрлі аспаптардың сәулелену қуаты 

Теледидар бергіштері (дециметрлік 

толқындар ДМТ)

40000 Вт


Радио және теледидар бергіштері (УҚТ)

2000 Вт


Ауылдық жерлердегі базалық станциялар

25—30 Вт


Ео елдерінде радиосәулелену 

деңгейі бір шаршы сантиметрге 

200 микроватқа дейін жетеді, ал 

бұл біздің елдегіден ондаған есе 

жоғары

қазақстан республикасының заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы 

және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 

15-қарашадағы № 1341 «Радиотехникалық 

объектілерге қойылатын санитариялық-

эпидемиологиялық талаптар» санитариялық 

қағидаларын бекіту туралы» қаулысы 

үшін аса қатерлі сәуле шығарса, ұялы 

байланыс жұмыс істеп жатқан 30 жыл 

ішінде ғаламшарымызда әлдеқашан 

тіршілік тоқтап қалар еді емес пе. 

Онда неге өздері тұрған аймаққа 

антенна орнатылғанын көрген адамдар 

бастарының жиі ауырып жүргенін немесе 

денсаулық жағдайының нашарлағынан 

айтады? 

«Психосоматикалық зерттеулер» 

журналы мынадай қызықты дерек-

тер келтірген. Лондонның корольдік 

колледжінде эксперимент жүргізіліпті: 

147 ерікті қатысушыны екі топқа бөліп, 

оларға екі түрлі телерепортаж көрсеткен. 

Бірінші топқа BBC телеарнасының ұялы 

телефондар мен Wi-Fi-сәулеленуінің 

адам ағзасы үшін зияны туралы сю-

жет көрсетілген. Екінші топқа Wi-Fi 

құрылғылары мен ұялы телефондардың 

қауіпсіздігі туралы сюжет көрсеткен. 

Содан соң осы екі топ адамға ұялы 



26

«Жол» жобасы: 

«Ең бастысы-байланыс дерлік 

барлық жерде бар»

Наталья Еськова



қазақстанның жолдарымен жүру-Германияда немесе Францияда жүру емес. 

Біздің ұшы қиыры жоқ кең байтақ отанымызды көлденең басып, шарлап 

жүргендер бұл жөнінде біледі және оған түбегейлі дайындалады. Бұл 

шындығында қатал болса да шындық, бірақ онда барлығына орын бар-дөрекі 

сөзге де, қол ұшын созатындарға да. 

VoX.com  осы нөмірде  Қазақстанның 

ішінде автостоппен 2 ай саяхаттап, өз фото-репортаждарын «Жол» жобасының 

аясында  VOXPopuli  порталында жариялап келген Виктор Магдеевпен кездесті

— сен қай уақыттан бері фотосуретпен кәсіби деңгейде 

айналысып келесің? 

— Мен өзімді мүлдем кәсіби суретке түсіруші деп есептемеймін. 

Өйткені, шындығына келгенде фотосуреттің шекарасы то-

лассыз. Өзіңізді осы істің кәсіпқойы деп есептеу үшін қандай 

белгіге жету керектігін мен білмеймін. Мен суретке түсіруді 

2007 жылы бастадым. Мен ол кезде скейтбординг бойынша  

Қазақстанның бірінші ашық чемпионатында өз чемпиондық 

мәртебемді растаған болатынмын. Ұтып алған ақшама  

өзіме  Canon 350D сатып алдым. Скейтбордингтің арқасында 

мен белсенді саяхаттап, өз сапарларымды, басымнан өткен 

қызықты оқиғаларды суретке түсіріп жүрдім. Өзімнің internet.

ru.-дағы  блогымды да қатар жүргізіп келдім. 2011 жылы Пе-

кинде алған тізе жарақатыммен байланысты мен фотосуретпен  

барынша күрделі шұғылдана бастадым.  VOXPopuli–ға мен сол 

жылдың қаңтар айында фрилансер ретінде келгенмін. Сынақ 

репортаждарын жасадым. Кезекті жоспарлама кезінде бізге 



Скейтбордингтің 

арқасында 

мен белсенді саяхаттап, өз 

сапарларымды, басымнан 

өткен қызықты оқиғаларды 

суретке түсіріп жүрдім. 

Өзімнің internet.ru-дағы 

блогымда да қатар жүргізіп 

келдім

Көбісі мені

 шетелдік 

деп ойлайтын. Мен де 

барынша сол шетелдікке 

ұқсас бағуға тырыстым, 

әйтпесе мені алып 

кетпейтін еді (күлімсіреді)

Виктор Магдеев



22 жаста. қазақстанның скейтбординг бойынша 8 дүркін чемпионы. RedBull-атлетші: осы 

мәртебеге ие болған кезде әлемдегі 14-скейтбордист болған еді. Скейтбордингті еркіндік 

және жеңіске де, жеңіліске де толық жеке жауапкершілік сезімі үшін жақсы көреді.  

«Жол» жобасындағы жолдың ұзақтығы — 9734 км

Сұ хБат

қ ы р к ү й е к   —   қ а р а ш а   /   № 3  [2 7 ]



C

қ ы р к ү й е к   —   қ а р а ш а   /   № 3  [2 7 ]

28

29



«Жол» жобасы туралы әңгімелеп берді: сен жалғыз өзің 2 ай 

бойы Қазақстанның ішінде автостоппен саяхаттауың керек. 

Бұны маған ұсынды, оның идеясы маған ұнап, мен сапарға 

шығып кеттім.    



— ал сенде әлдебір соқыр тәуекелге бел буғандай әсер 

болған жоқ па? сен өміріңді сақтандырған ба едің?

— Әрине, менің қобалжығаным рас. Сақтандыру бол-

ды: мен Казкомда өзіме карта ашқан кезде оны бонус 

ретінде алғанмын. Бірақ, мен өзімнің өмірім үшін мүлдем 

қорыққан жоқпын. Мен Қазақстанда керемет адамдардың 

тұратындығын білемін. Және бұл расталды- мен аман-сау-

мын, осы жерде сіздермен бірге отырмын. 

— Жолда саған көмек көрсеткен жағдайлар жиі болды ма?

— Адамдардың тарапынан тұрақсыз көмек болмаған 

жағдайда мен бұны еңсере алмайтын едім. Бірінші кезек-

те бұл эмоционалдық қолдау болды. Үйден де маған жиі 

телефон соғып, менің жағдайымды сұрап, жиі әңгімелесіп 

отыратынбыз, біз үнемі байланысты болдық. Менің анам 

өте керемет адам! Біздің қарым-қатынасымыз сенімге 

негізделген. Ол маған кәміл сенеді және менің иығымда өз 

басымның барын біледі. Анам менің кез келген бастамамды 

қолдайды. Әрине, мені отырғызуға келіскен жүргізушілерсіз 

де мен алысқа кетпейтін едім. Оларға үлкен алғысымды 

білдіремін!



— сен оларға өзіңнің кім екеніңді және Қазақстанды ара-

лап не істеп жүргеніңді түсіндірумен болдың ба?

— Мүлдем жоқ. Мен тасжолда тұрып, қолымды көтеріп, қайда 

баратынымды ғана айтатынмын, олар не апаратынын, не 

апармайтынын айтатын. Егер адам тоқтаған болса, 90 

пайыз жағдайда ол сені отырғызып алып кетеді. Өйткені 

ол тура жүреді. Тіпті 10 шақырым жердегі ең жақын ауылға 

дейін баратын болса да, алып кетеді. Бір нүктеден екінші 

нүктеге дейін мен шамамен 7 машинадан 10 машинаға дейін 

аусытыратынмын: барлығы ауылдардан бұрылып кететін, 

сондықтан мен қысқа арақашықтыққа ғана қозғалатынмын. 



— Мен бұрын алыс сапарға жүретін бір машинаға отырып 

алып, баратын жеріңе жетіп алуды автостоп деп ойлай-

тынмын…

— Бүкіл жоба аясында маған шамамен бес-ақ алыс сапарға 

жүретін жүргізуші кездесті. Негізінен өз істерімен кетіп бара 

жатқан жеңіл машиналар болды.  Мен автостопер ретінде 

«табысымның» 80 пайызына өзімнің өзгелерге ұқсамауымның 

арқасында жеттім. Көбісі мені шетелдік деп ойлайтын.  Мен де 

барынша сол шетелдікке ұқсап бағуға тырыстым, әйтпесе мені 

отырғызбайтын еді (күлімсіреді).



— Жолдың қай бөлігі ең қиын болды?

— Бірінші айдан кейін-ақ мен күйзеліске тап болдым. Бұл күткен 

жағдай еді – өте көп эмоция, кездесу, қобалжу.  Мен тіпті бір-екі 

күнге Алматыға тартып кетіп, өз төсегімде ұйықтап келсем бе 

деп те ойладым. Бұл репортаждарда жақсы көрініп тұр, сол кезде 

түсірілгендері өте жабырыңқы. Бірақ содан соң мен өзімді қолыма 

алдым да, Ақтаудан кейін сергектік пайда болды.    

Ең қызықтысы  маған болудың сәті түскен ешбір қала, 

ешбір кент біріне бірі ұқсамайды. Әр жерде әрқалай қарсы 

алып жатты, тіпті қайсы бір қайталанған жағдай да болған жоқ. 

Өйткені Қазақстанның әрбір түпкірінің өзіне тән менталитеті 

бар.  Мысалы, Қазақстанның солтүстігінде әдеби қазақ тілінде 

сөйлейді.  Мен  үшін бұл нағыз жаңалық болды! Мен қазақтың 

ауызекі тілінде еркін сөйлеймін- өйткені мен Қызылордада туып 

өстім. Саяхатым кезінде бұл маған қатты көмектесті – адамдарды 

жақындастыра түсетін, тіпті шиеленісті жағдайдан да шығып 

кетуге көмектесетін.  

Маған Солтүстік Қазақстан тұрғындарының ұстанымдары 

қатты ұнады. Мен олардан өмірдің ауырлығы, жұмыстың 

жоқтығы және т.б. шағымдарды бірде-бір рет естіген 

жоқпын. Керісінше, адамдар егіншілікпен айналысады, өз 

шаруашылықтары бар, ет сатады және осының есебінен өздері 

өмір сүреді, балаларын университеттерде оқытады. Осындай 

фермерлермен әңгімелескеннен кейін мен тіпті ауылға көшіп 

барып, егін шаруашылығымен айналысқым келіп кетті. Өйткені 

мен олардың энергиясын, болашаққа деген үміттерін, еңбек етсең 

ерінбей, тояды қарның тіленбей демекші, еңбектену арқылы ғана 

жақсы өмір сүруге болады деген сенімдерін бойыма сіңіре білдім. 

Кенттерде тұратын адамдар қала тұрғындарынан 

ерекшеленеді. Олар жаңа нәрсеге аса қырағылық танытады. Сырт-

тан келген бөтен адамға бастапқыда сезіктене қарайды. Оларға 

өзіңе сенуге болатындығын дәлелдей білу керек. Ал әңгімең 

жарасқан жағдайда қазақтың атақты қонайжайлылығы құшағын 

кең аша кетеді. Әрине, 21-ғасырда қонақ күту дәстүрі өзгерген: 

қазір адамдар қонақ күтуді емес, қалай нан табудың жолын ой-

лайды. Ал кейде саған ұсынып тұрған күннің өзінде адамдарға 

жайсыздық тудыруға қысыласың. 

— тас жолдағы ең ұзақ күтуіңіз?

— Бұл Арал еді. Менің осы қаладан тым кештетіп шығуым менің 

басты қателігім болды. Мен Аралдан 15 шақырымға дейін 

шықтым да тұрып қалдым. Мені машиналар алмады. Қараңғы 

да түсіп кетті. Сол жерде жабық кафе мен жанар жағар май құю 

бекеті бар еді. Бірақ бекетте касса болғандықтан мені түнеуге 

жібермеді. Түнгі сағат екіге дейін әлдебіреу алып кетер деген 

үмітпен тасжолда қасқайып тұрып алдым. Машиналардың саны 

азая бастады, біраздан соң мүлдем жүрулерін қойды. Қорқаулар 

ұлып, жел көтерілді. Қолымда өз басымды қорғайтын шағын 

қалта шамынан басқа ешнәрсе жоқ. Сол бекеттің қасындағы 

орындыққа ашық аспан аятында жата кетуге тура келді. Мен 

үйге SMS жіберіп, далада қалғанымды және телефон қуатының 

таусылғаны жазып жібердім. Бақытыма орай бекетте иттер бар 

екен, сондықтан барлығы сәтті аяқталды. Мен таңғы 6-да оянып, 

тас жолмен жаяу ілгеріледім. Машинаға сағат ондар шамасында 

ғана отырудың сәті түсті. Бірнеше сағаттан соң мен Ақтөбе 

қаласындағы «Достан» қонақүйінде болдым, онда мені құшақ 

жая қарсы алды. 

— сіз Activ-пен саяхаттадыңыз ба? Жолда бұл байланысты 

пайдалану қаншалықты ыңғайлы болды?

— Ең бастысы– байланыс дерлік барлық жерде бар. Батыста 

Ақтау мен Атыраудың ортасында ұзақ желі болмады. Ол 

жақта электр қуаты да жоқ еді, бұл бетпақ дала. Мен үшін желі 

көрсеткіші-бұл үнемі интернеттің болуы. Тіпті қалалардың 

арасында EDGE болды (2,5G – VOX.com ескерт.). Мен үнемі 

твиттерді, инстаграмманы пайдаланып отырдым. EDGE 

маған суреттерді салып жіберуге, посттарды қарауға және 

түсіндірмелерге жауап беруге жеткілікті болды. Бірде Инде-

борскте (Орал мен Атыраудың арасындағы кент) мені тас жол-

да ешкім алмай, интернет құтқарды десе болады. Мен өзімнің 

лаптопымды ашып, телефонымды қосып, бірер сағат интер-

нетте отырдым. Айта кететіні, ол жерде 3G қамтылған еді. 

Әрине тас жолда байланыс болмаған кездер болды. Бірақ 5 ми-

нут өтпестен ол Интернетпен бірге пайда болатын. Сондықтан 

мен твиттер мен инстаграммада іс жүзінде үнемі болатынмын. 

Шарт бойынша маған ұялы телефон үшін қаражат бөлген жоқ. 

Сондықтан Activ туралы сөз қозғаған кезде мен барынша ашық 

айта аламын. 

— сіз жүрген жерде байланыс болмаған жағдайда бұл жобаға 

қалай әсер ететін еді?

— Барлығы қарапайым: онда жоба мүлдем болмайтын еді. 

Елестетіп көрейікші: тас жолда да, қалаларда да интернет жоқ 

делік. Мен өз репортаждарымды қалай беретін едім? Біздің 

қалаларымызда тегін WiFi-нүктелер өте аз. Олар өте жақсы 

қонақүйлерде ғана болады. Ал мен қарапайым адамдардың 

үйінде тоқтайтынмын. Олардың компьютерлерінде жұмыс 

істеу ыңғайсыз, қиын және іс жүзінде мүмкін болмайтын еді! Ал 

былайша, мен телефондағы 3G қосып, оны лаптопқа таратсам 

болғаны-репортаж желіде! Менің репортаждар бойынша кестем 

өте тығыз болды. Activ-ң арқасында мен оларды бірде бір рет 

кешіктіріп көрген жоқпын. 



— Осы екі айдың ішінде ең есте қалатын қандай оқиға 

болды?

— Осы 2 айдың барлығы менің өмірімдегі ең жақсы оқиға 

болды! Олар 2 жыл сияқты өтті- қаншама кездесу, эмоция, 

қарым-қатынас тәжірибесі және жаңалықтар! Мен тіпті 

іштей қаншалықты есейіп, қаншалықты жігерлене түскенімді 

сезінемін. Менің құндылықтарым да қатты өзгерді. Мен 

адамдардың бастапқыда бойларына сіңген құндылықтармен 

өз жанұялары үшін өмір сүретіндігін көрдім. Олар қастарында 

сүйікті адамдарының бары үшін бақытты, сол сүйікті адамда-

ры үшін ынтыланып, жақсырақ болуға тырысады. Кез келген 

жасөспірім сияқты мен де өмірдің мәнін іздеп, ойға шоматын-

мын. Осы сапарда менің түсінгенім – оны іздеудің керегі жоқ 

екен, жәй ғана өмір сүріп, сүю керек, күннен күнге жақсырақ 

болуға тырысу керек. 



— Дегенмен Қазақстанда өзің репортажбен баруды арман-

дайтын жерлер қалды ма?

— Мен осы бағытпен шын көңіліммен тағы да бір рет жүріп 

өтетін едім, өйткені ашқым келетін тақырыптарды әлі соңына 

дейін ашқан жоқпын. Әрбір аймақтың өз ерекшелігі бар: бір жер-

де – балық аулау, ал бір жерде- таптырмайтын пайдалы қазбалар, 

ал кейбір жерлерде-керемет табиғат. Әрбір өңір өзінше ерекше, 

өзінше көркем. Әрқайсысында тынбай жеке-жеке репортаж 

түсіруге тұратын керемет адамдар өмір сүреді. ●



Е

Ең алғашқы TED-те жаңа

 ғана шығарылған Macintosh компьютері, 

Sony компаниясының әлемдегі ең алғашқы компакт-дискі көрсетілді; 

математик Бенуа Мандельброт өзі жасаған фракталдар теориясының 

қосымшалары туралы айтты, ал жасанды интеллект бойынша маман 

Марвин Мински сананың жаңа моделі туралы айтып берді.

Қазір де TED конференциясы өздерінің идеялары туралы 18 ми-

нутта айтып бере алатын заманауи ой көшбасшыларын жинауда.

Қазақстанда TEDxAlmaty өткізіледі, мұндағы «х» «TED  тәуелсіз 

ұйымдастырылған іс-шарасы» деген мағынаны білдіреді.

Конференцияға қатысу тегін, алайда, ұйымдастырушылар 

қатысушыларды іріктеуді байқау негізінде жүзеге асырады. Кон-

ференция қонақтары спикерлермен кофе-брейктер кезінде еркін 

әңгімелесе алады.



ФотоЖ аРиялаМа

қ ы р к ү й е к   —   қ а р а ш а   /   № 3  [2 7 ]

30

31

TEDx



Almaty. Extra — 

жаңа қалыптылық



1984 жылдан бері 

АҚШ, Калифорнияда 

ғалымдарды, 

саясаткерлерді, 

кәсіпкерлерді, 

суретшілерді, 

музыканттарды, 

инженерлерді және 

көптеген басқа 

да тұлғаларды бір 

сахнаға жинайтын 

конференция өткізіледі. 

Ол TED — Technology, 

Entertainment, Design 

деп аталады және 

оны «Ғылым, Өнер, 

Мәдениет» деп 

аударуға болады



қазір де TED 

конференциясы өздерінің 

идеялары туралы 18 

минутта айтып бере 

алатын заманауи ой 

көшбасшыларын 

жинауда

қ ы р к ү й е к   —   қ а р а ш а   /   № 3  [2 7 ]

32

Алдыңғы конференциялардың тақырыптары адамның 



дамуына, қазіргі қалалардың болашағына қатысты еді. 

Биылғы конференцияның тақырыбы — «x = extra. extra = 

жаңа қалыптылық».

Біз — "Х", "икс", немесе "экстра" гені деп атап жүрген, 

әзірге ғалымдармен анықталмаған, әлдебір қызықты ген 

біздің барлығымызды біріктіріп тұрғандай. Бұл, бір нәрсені 

білуге құмарлықты, танымға, жаңа нәрсеге, зерттеуге, істер 

атқаруға ашықтықты анықтайтын ген.

Осы жылғы экстра-спикерлердің арасында супермарафоншы 

Марат Жыланбаев, актриса және театр педагогі Вероника На-

сальская, медициналық білім алған алғашқы қазақстандық зағип 

— Ербол Сейтқұлов, сонымен бірге, әлеуметтік фотожурналист 

Карла Нұр, экономист Ерлан Сағадиев, құқық қорғаушы Евгений 

Жовтис және басқа да ерекше тұлғалар бар.

TEDxAlmaty Қазақстандағы TEDx форматындағы инновация-

ларды осымен үшінші жыл қолдап келе жатқан біздің серіктесіміз 

— Kcell компаниясының қатысуынсыз өтпес еді. ●

Біз — "х", "икс", 

немесе "экстра" гені 

деп атап жүрген, 

әзірге ғалымдармен 

анықталмаған, әлдебір 

қызықты ген біздің 

барлығымызды 

біріктіріп 

тұрғандай


қ ы р к ү й е к   —   қ а р а ш а   /   № 3  [2 7 ]

Dual Carrier-ді 

қолдайтын телефондар

Asus

Nexus 7 2013



Asus Padfone 

Infinity 2

Apple

iPhone 5


Apple

iPhone 5S



ож

Android 4.3

Android 4.2

iOS 6


iOS 7

желі

GSM 850 / 900 / 1800 

/ 1900 HSDPA 850 / 900 

/ 1700 / 1900 / 2100 DC-

HSDPA (42 Mbps)

GSM 850 / 900 / 1800 / 

1900 HSDPA 850 / 900 

/ 1900 / 2100 DC-HSDPA 

(42 Mbps) 

GSM 850 / 900 / 1800 / 

1900 HSDPA 850 / 900 / 

1700 / 1900 / 2100 DC-

HSDPA (42 Mbps)

GSM 850 / 900 / 1800 / 1900 

HSDPA 850 / 900 / 1700 / 1900 / 

2100 DC-HSDPA (42 Mbps)



дисплей

IPS LCD 7дм 1200×1920, 

олеофобты жабын, Gorilla 

Glass


Super IPS+ LCD 5 дм, Full 

HD, олеофобты жабын 

(телефон) IPS 10.1 дм, 

Full HD (станция)

IPS LCD Retina 4дм 

640×1136, олеофобты 

жабын

IPS LCD Retina 4дм 640×1136, 



олеофобты жабын

процессор

Төрт ядролық

Qualcomm Snapdragon 

S4Pro 1,5ГГц

Төрт ядролық

Qualcomm Snapdragon 

800 2.2ГГц 

Екі ядролық

Apple A6 1,3ГГц

Екі ядролық

Apple A7 1,3ГГц

жадын

16\32Гб ішке орнатылған, 

2Гб ОЕСҚ 

16\32 Гб ішке 

орнатылған, 2Гб ОЕСҚ, 

MicroSD 64 Гб дейін 

16\32\64 Гб, 1Гб ОЕСҚ

16\32\64 Гб, 1Гб ОЕСҚ



деректерді 

беру

NFC, microUSB 2.0, BT 

4.0 A2DP, LE, A-GPS, Wi-Fi 

802.11 a/b/g/n, Wi-FI Dual 

Band

NFC, microUSB 2.0 (MHL), 



BT 4.0 A2DP, A-GPS, MyDP, 

Wi-Fi Direct, Wi-Fi Dual 

Band

A-GPS, BT 4.0, A2DP, LE, 



Wi-Fi 802.11 a/b/g/n, Wi-

Fi Dual Band

A-GPS, BT 4.0, A2DP, LE, Wi-Fi 

802.11 a/b/g/n, Wi-Fi Dual Band



Камера

5Мп, автофокус, 

фронталдық 1.2Мп

13Мр, LED, автофокус, 

PixelMaster, фронталдық 

2Мп, (телефон) 1Мп (Ст.)

8Мп, автофокус, LED, HDR, 

фронталдық 1,2Мп

8Мп, автофокус, DualLED (True 

Tone), HDR, фронталдық 1,2Мп



қаңқа

Пластик


Алюминий (телефон), 

пластик (станция)

Алюминий

Алюминий


Өлшемдер

114×200×8.65 мм, 299г 

143.5×72.8×8.9 мм, 145г 

(телефон) 264.6×181.6× 

10.6 мм (станция) 

123.8×58.6×7.6 мм, 112 г

123.8×58.6×7.6 мм, 112 г

Батарея

3950 mAh Li-Ion

2400 mAh Li-Polymer 

(телефон)

5000 mAh Li-Polymer 

(станция)

1440 mAh Li-Polymer

1560 mAh Li-Polymer

Apple

iPhone 5C



Apple

iPad mini

Apple

iPad mini 2



Apple

iPad Air


iOS 7

iOS 6


iOS 7

iOS 7


GSM 850 / 900 / 1800 / 1900 

HSDPA 850 / 900 / 1700 / 1900 / 

2100 DC-HSDPA (42 Mbps)

GSM 850 / 900 / 1800 / 1900 HSDPA 

850 / 900 / 1700 / 1900 / 2100 DC-

HSDPA (42 Mbps)

GSM 850 / 900 / 1800 / 1900 

HSDPA 850 / 900 / 1700 / 

1900 / 2100 DC-HSDPA (42 

Mbps)


GSM 850 / 900 / 1800 / 

1900 HSDPA 850 / 900 / 

1700 / 1900 / 2100 DC-

HSDPA (42 Mbps)

IPS LCD Retina 4дм 640×1136, 

олеофобты жабын

IPS LCD 7.9дм 768×1024, олеофобты 

жабын


IPS LCD Retina 7.9дм 

1536×2048, олеофобты жабын

IPS LCD 9.7дм 1536×2048, 

олеофобты жабын

Екі ядролық Apple A6 1,3ГГц

Екі ядролық Apple A5 1ГГц

Екі ядролық Apple A7 1,3ГГц

Екі ядролық Apple A7 

1,3ГГц

16\32 Гб, 1Гб ОЕСҚ



16\32\64 Гб, 512Мб ОЕСҚ

16\32\64\128 Гб, 1Гб ОЕСҚ

16\32\64\128 Гб, 1Гб 

ОЕСҚ


A-GPS, BT 4.0, A2DP, LE, Wi-Fi 802.11 

a/b/g/n, Wi-Fi Dual Band

A-GPS, BT 4.0, A2DP, EDR, Wi-Fi 802.11 

a/b/g/n, Wi-Fi Dual Band

A-GPS, BT 4.0, A2DP, EDR, Wi-Fi 

802.11 a/b/g/n, Wi-Fi Dual 

Band

A-GPS, BT 4.0, A2DP, Wi-Fi 



802.11 a/b/g/n, Wi-Fi Dual 

Band


8Мп, автофокус, LED, HDR, 

фронталдық 1,2Мп

5Мп, автофокус, фронталдық 1,2Мп

5Мп, автофокус,  HDR, 

фронталдық  1,2Мп

5Мп, автофокус,  HDR, 

фронталдық 1,2Мп 

Пластик


Алюминий

Алюминий


Алюминий

124.4×59.2×9 мм, 132 г

200×134.7×7.2 мм, 312 г

200×134.7×7.5 мм, 341 г

240×169.5×7.5 мм,

478 г


1510 mAh Li-Polymer

4430 mAh Li-Polymer

23.8 w\h Li-Polymer

32.4 w\h Li-Polymer




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет