Қазақстанның «АҚ жол» демократиялық партиясы xxi-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы Астана – 2014 ж



Pdf көрінісі
бет27/28
Дата12.03.2017
өлшемі5,45 Mb.
#9204
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Пайдаланған əдебиеттер:

1.  Сейдімбек  А. «Алаш»  атауы  қазақ  хандығын  жасақтаудың 

антропонимиялық  концепт  тұрғысында //Мемлекеттілік  жəне  Ұлы 

дала: Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары. Аста-

на, 2006.-224 б.



409

2.  Халид Құрбанғали Тауарих хамса (Бес тарих). Ауд. Б. Төтенаев, А. 

Жолдасов. -Алматы: Қазақстан, 1992. -304 бет.

3.  Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 8 том. Павлодар: «ЭКО» 

ҒӨФ, 2006.-452 б.

4.  Қазақ  шежіресі // «Айқап» (Құрастырушылар:  Ү.  Субханбердина, 

С. Дəуітов. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995. 

-367 бет), - дейді. 

5.  БөкейханƏ.Таңдамалы.Избранное.-Алматы:Қазақ  энциклопедиясы, 

1995.-478 б.

6.  Дулатов М. Шығармалары: Өлеңдер, қара сөздер, көсем сөз./Құрас. 

М. Əбсембетов, Г. Дулатова. Алғы сөзін жазған Ж. Ысмағұлов. –Ал-

маты: «Жазушы», 1991.-384 б.

7.  История  Казахстана в русских источниках ХҮІ-ХХ веков.Том ҮІІ. 

Потанин  Г.  Н.  Исследования  и  материалы. / Составление  тома  и 

указателей, транскрипция текстов, историографический очерк К.Ш. 

Алимгазинова. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. -600 с.

8.  Вяткин М. Батыр Срым. Учебное издание. Алматы: «Санат», 2002.-

344 с.

9.  Қазақстан  тарихы  туралы  моңғол  деректемелері.  ІІ  том. 



Лұбсанданзан.  Ежелгі  хандар  негізін  салған  төрелік  жосығының 

туындыларын құрастырып, түйіндеген Алтын тобчы (Алтын түйін) 

демек-дүр. Алматы: Дайк-Пресс, 2005.- 305 б.

10.  Казахский фольклор в собрании Г. Н. Потанина. (Архивные матери-

алы и публикации). Алма-Ата, «Наука», 1972.- 382 с.

11.  Алаша хан һəм оның баласы Жошы хан турасынан қазақ арасында 

бар сөз. //«Дала уалаятының газеті». -Алматы: Ғылым, 1990. -584 б.

12.  Тынышпаев М. Великие бедствия... (Актабан-шубырынды). –Алма-

Ата:Жалын, 1991.-152 с.


410

КӨКБӨРІНІҢ ТАҢБАСЫ

Қазақ үні газеті, № 17 (626), 29 сəуір, 2014 жыл.

Бір қазаннан ас ішкен бір атаның балалары түріктер 

жұмыр жердегі адамзат баласының алғашқы тарихымен 

бірге ғұмыр кешіп келе жатыр. Олардың өмір тіршілігі ұлы 

оқиғаларға, рухани-мəдени сілкіністерге толы. 

(Бабалар өсиеті)

411

Тарихи  деректерге  жүгінсек,  қазіргі  кең  байтақ  қазақ  жерін-

де,  ерте  орта  ғасырда  (VI - IX ғ.ғ.)  алғашқы  ірі  феодалдық 

мемлекеттердің бірі - Түрік қағанаты құрылды. Қағанаттың бірін-

ші  басшысы – қаған  (хандардың  ханы)  жоғарғы  билеуші  жəне 

əскербасы  саналды.  Алтай  тауларының  бір  шыңы  төбесі  шошақ 

бас  киімге,  қазақша  «дулығаға»  өте  ұқсас  еді,  ал,  дулығаның 

ежелгі түрікше атауы - «турик» болатынды. Ең маңыздысы түрік 

тайпалары түрік тілінде сөйлеп, көне түрік жазуымен жазған. 35 - 

əріптен тұратын көне түрік əліпбиі (алфавиті) түрік тайпаларының 

таңбалары  негізінде  жасалған  «сына  жазу» – түріктердің  төл 

жазуы  еді.  Оның  пайда  болу  мерзімі  біздің  жыл  санауымыздан 

бұрынғы  бірінші  мыңжылдықтың  ортасына  жатады.  Бұл  кезеңді 

айғақтайтын  түрік  жазба  мəдениетінің  көне  ескерткіштері –«Ор-

хон - Енесай», «Құтлығ  қаған», «Білге  қаған», «Құлы-  Шора», 

«Мойын- Шора», «Күлтегін» (түркі қағанаты туралы сөз, авто-



ры – Йоллығ тегін, тұңғыш тас кітапқа мемлекеттік трактат 

жазып  қалдырған  баба  жазушы),  «Тоныкөк»  жəне  «Талас»  жа-

зулары  түріктердің  өркениеті  мен  рухани  ой-санасының  тамаша 

көрсеткіші - ренессанстық  «Ояну  дəуірі»  деп  айтуға  əбден  бо-

лады.  Түркілер  мəдениетінің  рухын,  тарихын,  тілін,  этногенезін, 

географиясын,  əдет-ғұрыптарын,  салт-дəстүрін,  дүниетанымын 

айшықтайтын  осы  көне  петроглифтерде  салынған  мыңдаған  су-

реттер  мен  таңбалардың  бірегейі–көктүріктердің  (жалпы  түрік 

халықтарының жиынтық атауы) əлемдік деңгейдегі елдік белгісі- 

көк түсті желек туда бейнеленген Көкбөрінің таңбасы болды, ол - 

«Бөрілі байрақ» деп аталады. Байрақ бүкіл əскердің, мемлекеттің 

қасиетті  рəмізі  саналған.  Сыртқы  пішімінде,  мəнінде  ұқсастық 

болғандықтан,  қазіргі  түркі  тектес  халықтар  тілінде  байрақ,  ту, 

жалау  атаулары  бір-бірінің  синонимі  ретінде  де  қолданыла  бе-

реді. Байрақ – қан қызыл, қоңыр жəне сары түстерден құралып, үш 

түстің əрқайсысы бір-бірінен жол - жол болып бөлінген, байрақтың 

жоғарғы  тұсына,  кейбір  байрақтың  ортадағы  жолағы  ішіне,  бөрі 

басының  бейнесі  салынған,  байрақтың  ұзындығы 1 метрден  кем 

болмаған. Түркілердің өмірінде байрақты көтеру, тігу, қадау, ұстау 

– үлкен рухани, əскери мəнге ие. Байрақты бейбіт кезде де аса зор 

құрметпен жеке үйде арнаулы сандықтың ішінде сақтап, тек жау-


412

гершілікте ғана көтеріп шыққан. Жорықтарда байрақты сақтаушы 

ретінде  беделді  сұлтандар  мен  батырлардың  біреуі  сайланатын. 

Байрақтан  айырылу - өліммен  бірдей  еді.Онда  əскердің  киесі, 

күші бар деп түсінгендіктен, оның құлауы немесе жоғалуы жеңіліс 

саналып,  жауынгердің  жеңіске  деген  үмітін  сөндіріп,  жігерін 

мұқалтып, рухын жойған. Майдан даласындағы барлық қимылдар 

байрақтың көтеріліп, түсуіне байланысты өрбіген, оның үнемі жел-

біреп тұруына күллі əскер мүдделі болған.Сарбаздардың көтерген 

байрақтарынажəне  найза  ұшының  тұғырына  алтыннан  жасалған 

бөрінің  бас  суреті  міндетті  түрде  бейнеленетін. «Бөрілі  байрақ» 

біздің  уақытымызға  дейін  ата-баба  рухы  секілді  желеп-жебеуші 

күш ретінде танылып, қасиеттеліп келгендіктен, көне түркілердің 

тікелей ұрпағы- қазақ ішінде ұлы жүздің шапырашты руы туының 

аты  жəне  ұраны  болып  сақталып  жетті. XIX – ғ.  белгілі  қазақ 

ақыны Сүйінбай Аронұлының «Бөрі басы - ұраным, Бөрілі менің 

байрағым,  Бөрілі  байрақ  көтерсе,  Қозады  қай-қайдағым...»  деп 

ата-бабаларымыздың  ерлік  дəстүрін  жырлайтыны  да  сондықтан. 

Түркі əлеміне ортақ қазына, ұшан теңіз мол мұра боп саналатын 

мейірімді Көкбөрімен байланыстырылған этникалық ұғым, бейне 

–  белгілер,  жəне  аңыздар  мен  ертегілер,  жырлар,  генеалогиялық 

əфсаналар өте көп. Асылтекті Көкбөрі - түркі мифологиясындағы 

киелі  ұғымдардың  бірі,  түркі  халықтарының  тарихи  жадындағы 

қасқырдың  жағымды  атауы.  Көкбөрі  анаға  қатысты  əңгімелер 

ежелгі  үйсін,  моңғол  аңыздарында,  қытай  тіліндегі  жылнама-

ларда сақталып қалған. Көкбөрінің тотемдік (шығу тегі) рөлінің 

түркі  халықтарының  танымындағы  орны  да  ерекше.  Олардың 

сенімдерінде,  осынау  киелі  аңға  тотемдік  тұрғыдан  қастерлі  ру-

хымыз,  қамқоршымыз  деп  табынушылықтың  өзіндік  маңызды 

мəні  де  бар.  Аңыз  бойынша,  бір  шапқыншылық  кезінде  жетім 

қалған жас баланы (Ашинаны, түркілердің алғашқы көсемі) қалың 

шөптің арасына жасырып кеткен екен, ашығып қалған нəрестені 

Көк  Тəңірінің  қалауымен,  Көкбөрі  ана  келіп  емізіп,  түркілердің 

ұрпағын құтқарып қалған. Сондықтан Ашина өзінің шыққан тегін 

білдіру үшін сарай қақпасының алдына бөрінің басы бейнеленген 

байрақ  ілген.  Бізге  жеткен  қолжазбаларда: «Ежелгі  түркі  биле-

ушілері басқа елдің елшілерін осы бөрі басы бейнеленген байраққа 


413

тізе бүгіп, құрмет көрсеткеннен кейін ғана қабылдайтын болған»- 

деп  айтылады.  Көкбөрі  ана  құтқарушы  тотем  ретінде  Оғыз  наме 

жырында,  Ергенеқон  дастанында,  татар  халқының  ақ  қасқыр  ту-

ралы  əңгімелерінде  көп  кездеседі.  Қазақтарда  бөріге  табынудың 

белгісі – оның  қасқыр  атын  атамауы.  Балаға,  бəйге  аттарға  тіл 

-  көз  тимеу  үшін  бөрінің  тырнақ,  көз,  тіл  сияқты  мүшелерінен 

кесіп алып, тағып қоятын болған. Тісі де қасиетті саналған. Қазақ 

халқы қазіргі күнге дейін де, ержүрек, батыл жігіттерді Көкбөріге 

теңеп, тарихи- əдеби еңбектерде, көркем шығармаларда батылдық 

пен  батырлықтың  символы  ретінде  бейнелейді.  Көкбөрі - түз 

тағысы, бірақ өте ақылды, аса сақ, қайсар, азулы жыртқыш, күшке 

көнбейтін өр мінезді еркін даланың батыры. Адам арыстанды да, 

жолбарысты да, аюды да таяқпен қорқытып, өзіне құл етті де, цирк 

аренасына шығарды. Ал, бөріні əлі күнге дейін ешкім бағындыра 

алмай  келеді.  Ол - айбындылықтың,  еркіндік  пен  тəуелсіздіктің, 

бостандықтың символы. М. Əуезовте «Көксерек» əңгімесін жазу 

арқылы  бүкіл  түркі  əлемінде  осыны  дəлелдеп  берген,  бөрі  мен 

қазақтың  табиғи  үндестігі  барын  астарлап  жеткізген.  Кешегі  ақ 

империя  мен  қызыл  империядағы  орыс  шовинизмінің  кесірінен, 

қалыптасқан  қағидаларымыздан,ұлттық  құндылықтарымыздан 

айырылып  қала  жаздадық.  Қанша  мəрте  тағдырдың  талқысына 

түсіп,  өмірдің  қақпа-соқпа  торуыл  тосқауылдарынан  əбден 

сұрыпталып,  шыңдалып  шықтық.  Ғасырлар  бойы  бодандықтың 

құрсауынан құтыла алмай жанталасқан қазақ халқы бүгінде азат ел 

болдық. Ұлт үшін азаттық дегеніміз – өз еңбегінің өзіне бұйырып, 

өз жүрегіндегіні жасқанбай айта алуы. Бұл салмақты сөздің байы-

бына бара алсақ, түп–төркінінен тағылым ала алсақ, күн түбіне бес 

дүркін  жортып, «Ұлын  –Ұрымға,  Қызын-  Қырымға»  қондырған 

аталарымыздың  жауынгерлік  рухына  бір  табан  жақындай  түсер 

едік,  бүкіл  түркі  жұртының  күш-қуаты  жұмылдырылған  ортақ 

Елтаңбасы - Көкбөрінің  таңбасын  қайта  жарыққа  шығаруға  күш 

салар  едік.  Бір  кездері,  Көкбөрінің  таңбасын  көтеріп,  дүниенің 

шартарабын еркін жайлаған ержүрек бабаларымыз сол қуатынан 

қалай айырылып қалды, қандай қателік жіберді......?

  Тарихқа  көз  жүгіртсек,  ататегіміздің  рухын,  салт-  санасын, 

қаҺармандығы  мен  даналығын,  болашаққа  үмітін,  арман-  тіле-


414

гін  жеткізетін  құнды  белгі  де,  біріктіруші  күші  де – Көкбөрінің 

таңбасы  болғаны  анық.  Жер  шарының  Азия,  Африка,  Еуропа, 

Америка сияқты құрлықтарына түгел тараған түркі халықтарының 

ортақ  Елтаңбасы – Көкбөрінің  таңбасын  қайта  жаңғыртса,  руха-

ни мəдениетіміздің тегершігі тектес дəстүр–дағдыға енгізсе, бүкіл 

түркілердің  атамекені,  тарихи  отаны - қарашаңырақтың  иесі  бо-

лып отырған қазақ жеріндегі біз үшін ардақтап, мақтан тұтар, ки-

елі де, құнды жəдігерге айналар еді. 

Айдын ЫРЫСБЕКҰЛЫ 

«Ақ жол» ҚДП Орталық аппаратының 

идеология бөлімінің директоры

Алаштанушы 



415

АЛАШ АПТАЛЫҒЫ

Бүкіл  қазақ  қоғамының  көшбастаушысы  болған,  ұлт тық-

демократиялық сипатта өрбіген 

Алаш ұлт-азаттық қозғалысының, 

Алаш  партиясының,  Алаш  Орда  үкіметінің  жəне  Алаш 

автономиясының  құрылғанына 95 жыл

 

толуы  құрметіне  орай, 



«

Ақ жол» ҚДП Семей филиалы мен «Туған қалам - Семейім» 

ҚҚ жəне Семей қалалық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі

 

бірлесіп, 2012 жылдың 5-13 желтоқсаны  аралығында  Қазақстан 



көлемінде тұңғыш рет

 

«Алаш идеясы - қазақтың ұлттық идея-



сы»  атты  «Алаш  апталығын»

 

өткізді.  Апталықтың  соңғы  күні 



- 13 желтоқсанның, тарихта  қазақ ұлтының Тəуелсіздік мəселесін 

қараған II Жалпықазақ съезінің аяқталған, қазақ даласының түкпір-

түкпірінен келген съезд делегаттарының тарқаған күні болғандықтан, 

Алаш  арыстарының  рухына  бағыштап  «Құран  қатым»  түсіріліп, 

«ас»  берілді. (Алаштың  көшбасшысы - Ə.Бөкейханнан  бастап, 

Алаш  арыстарының  соңғы  тұяғы - Қ.Мұхамедханұлына  дейінгі 

Алаштың 82 азаматының аты- жөні жеке-жеке аталып отырылды). 

Апталыққа,  Орынбордағы II Жалпықазақ  съезінің  өткен  күндері 

5-13  желтоқсанның  алынған  себебі,  болашақта  осы  екі  аралықты 

республика  көлемінде  дəстүрлі  түрде  атап  өтілетін  -



«Алаш 

апталығына»

 

айналдыру.  Осы  мақсатпен  аталмыш  апталықтың  



төмендегідей үлгі-нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз!

Апталықтың жұмыс жоспары:

№   Іс-шараның атауы

Өткізілетін  

орны

Өтетін 

уақыты

Жауапты  адамдар

1.

Алаш ұлт-азаттық 

қозғалысының 

көшбасшысы 

–Əлихан 

Бөкейханның 

ескерткішіне 

тағзым ету.                                   

 

(гүл шоғын қою, 

ақындар шеруі).

Семейдің 

мемлекеттік 

педагогикалық 

институтының                

№1 оқу 

ғимаратының қас 

беті

5.12.2012 ж.

сағ  - 9.00

Мəдениет жəне 

тілдерді дамыту 

бөлімінің бастығы 

Қ.Нұрқасым.

2.

Алаштың                                   

95 - жылдығын 

қалай атап өтеміз

?                   

(баспасөз-

конференциясы).

Достық үйінің 

кіші акт залы

5.12.2012 ж.

сағ - 10.00

«Туған қалам-

Семейім!» ҚҚ 

президенті 

А.Ырысбекұлы.

416

3.

Алаш ұғымы 

жəне Алаш 

ұлт - азаттық 

қозғалысы.            

 

(Дөңгелек үстел).

 «Алаш арыстары 

- М.Əуезов» 

мұражайы

6.12.2012 ж.               

сағ - 15.00

Директоры 

Ж.Əубəкір

4.

Алаштың ресми 

құжаттары 

сыр шертеді....

                            

(Ашық есік күні).

«ШҚО Қазіргі 

заман тарихын 

құжаттандыру 

орталығы» ММ 

(архив)

7.12.2012 ж.                    

сағ - 15.00

Директоры 

Г.Қасымова

5.

Алаш 

автономиясының 

мемлекеттілігі.

                        

(кітап көрмесі).

«Орталықтан-

дырылған кіта-

пхана жүйесі» 

КММ

8.12.2012 ж.                 

сағ - 12.00

Директоры 

А.Шаймарданова

6.

Алаш идеясы жəне 

бүгінгі Қазақстан.

(Дөңгелек үстел).

Семейдің 

мемлекеттік 

педагогикалық 

институтының 

№1 оқу 

ғимаратының 

конференция залы

9.12.2012 ж.                

сағ - 10.00

Ректоры 

М.Бектемесов

7.

Алаш Орда 

үкіметінің қазақ 

тарихындағы

 

алатын орны.

                   

(Ашық есік күні).

Облыстық 

тарихи- өлкетану 

мұражайы

10.12.2012ж.                

сағ - 14.00

Директоры

Б.Теміров

8.

«Алаш жəне 

Тəуелсіздік».

                           

(ақындар айтысы).

Семей қалалық 

мəдениет үйінің 

концерт залы

11.12.2012ж.                

сағ - 11.00

Халықтық ақындар 

орталығының 

жетекшісі 

С.Молдабеков

9.

 

Патриоттық 

əндер.

  (концерт).

Семей қалалық 

мəдениет үйінің 

концерт залы

11.12.2012ж.                

сағ - 15.00

Директоры 

Н.Иманбаев

                                                                               

10.

«Алаш идеясы 

-қазақтың ұлттық 

идеясы».

(ғылыми - практи-

калық конференция).

Достық үйінің 

үлкен акт залы

12.12.2012ж.             

сағ - 14.00

Қр Халық ағарту 

ісінің үздігі, тарих 

ғылымдарының 

кандидаты, доцент 

М.Мұхамадиұлы

11.

Алаш арыстары-

ның соңғы 

тұяғы-Қайым 

Мұхамедхан ұлының 

ескерткішіне 

тағзым ету.                                

 

(гүл шоғын қою,  

ақындар шеруі).

Достық үйінің 

жаны

12.12.2012ж.                

сағ - 16.00

 «Ақ жол»          

ҚДП-ның Семей 

қаласы бойынша 

үйлестірушісі 

О.Сəрсенбин

12.

Алаш 

арыстарының 

рухына бағыштап 

«Құран қатым» 

түсіру, «Ас» беру.

Əнет баба 

атын дағы қос 

мұнаралы орта-

лық мешіттің 

қатымханасы

13.12.2012ж.               

сағ - 12.00

Бас имам 

Е.Маямеров

417

«АЛАШ ИДЕЯСЫ - ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ»

 

атты ғылыми-тəжірибелік конференцияның бағдарламасы

 

 

Конференцияның  өтетін  күні,  уақыты

: 12.12.2012 жыл, 

сағат 14.00. 



Өткізілетін  орны:

  Семей  қаласы,  Ленин  көшесі, 4, 

Достық үйінің үлкен акт залы.

Қатысушылар:

 Семей қаласының Құрметті азаматтары, зия-

лы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым басшылары, Шəкəрім атындағы 

Семей мемлекеттік университетінің магистранттары, студенттері 

жəне №38 мектеп-лицейдің мұғалімдері мен оқушылары.

Мақсаты:

 

Алаштың 95 жылдығын ұлықтау.



Жұмыс тəртібі:

Баяндамалар -

 7 мин.


Жарыс сөз -

 3 мин.


Модератор:

 А.Ырысбекұлы «Шығыс Қазақстан облыстық Се-

мей  қалалық  əкімдігінің  мəдениет  жəне  тілдерді  дамыту  бөлімі» 

ММ инспекторы.



Алаш  маршы:

  «Арғы  атам-Ер  Түрік,  біз-  Қазақ  Еліміз!» 

-орындайтын М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжінің хоры. 

Бағдарламада:

Құттықтау  сөз:

  Ақын  əрі  композитор,  Алаштанушы 

Қ.Нұрқасым. 

Талқылауға ұсынылатын тақырыптар:

1.«



Алаш  зиялылары-қазақ  ұлтының  төлқұжаты»(

М.

Мұхамадиұлы т.ғ.к. доцент).



2

.«Алаш  Орда  үкіметінің  Шығыс  бөлімшесінің  қызметі»

 

(«ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» ММ ар-



хеографы Л.Қадырова). 

3. 



«Алаш  Орда-  азаттықтың  алтын  күні» 

(Шəкəрім 

атындағы  Семей  мемлекеттік  университетінің  магистранты 

Ш.Абдрасулова).

4

.«Қазақ  газеті  жəне  Ахмет  Байтұрсынұлы»

  (Шəкəрім 

атындағы  Семей  мемлекеттік  университетінің  магистранты 

Е.Ахметова)

5

.«Алаш  қайраткерлері  баспасөз  беттерінде



»  (Шəкəрім 

атындағы  Семей  мемлекеттік  университетінің  магистранты 

А.Əдікеева).


418

6. 


«Алаш  арыстарының  тəуелсіз  мемлекет  құрудағы  не-

гізгі  ұстанымдары»

  (Шəкəрім  атындағы  Семей  мемлекеттік 

университетінің магистранты А.Оспанова).

7

.«Алаш қозғалысының көсемі - Əлихан Бөкейханұлымен 



оның жақтастарының ұлттық өндірісті дамыту бағытындағы 

қызметі»

 (Н.Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі, Алашта-

нушы Е.Шағимолдин).



Жарыс сөзге шығатындар:

1. «Алаш  арыстары  -М.Əуезов»  мұражайының  аға  ғылыми 

қызметкері- Қ.Ибрагимова;

2.  Шəкəрім  атындағы  Семей  мемлекеттік  университетінің 

cтуденті -Ұ.Бақытжанұлы;

3.  № 38мектеп- лицейдің мұғалімі–Е.Мурумбаев;

4. «Ақылдастар»  қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы – 

С.Бейсенбаев; 

5. «Ақ жол» ҚДП-ның Семей қаласы бойынша үйлестірушісі 

–О.Сəрсенбин.



Қ.Нұрқасымның  əні:

  «Алаш-Семей»-орындайтын  ҚР 

Мəдениет қайраткері Н.Көшеров.

Ұйымдастыру комитеті

Семейдің мемлекеттік педагогикалық институтының  №1 оқу 

ғимаратының қас бетіндегі Алаш ұлт-азаттық қозғалысының 

көшбасшысы-

 Əлихан Бөкейханның ескерткішіне тағзым!


419

«Алаш арыстары - М.Əуезов» мұражайындағы «Дөңгелек үстел:

 

Алаш ұғымы жəне Алаш ұлт - азаттық қозғалысы

». 

ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығындағы Ашық есік 

күні:  

«Алаштың ресми құжаттары сыр шертеді....»

420

Орталық кітапханадағы кітап көрмесі:

«

Алаш автономиясының мемлекеттілігі»

Семей педагогикалық институтындағы «Дөңгелек үстел:

 

Алаш идеясы жəне бүгінгі Қазақстан».

421

Қалалық мəдениет сарайындағы ақындар айтысы:

 

«Алаш жəне Тəуелсіздік!».

 

Достық үйінің үлкен акт залында өткізілген ғылыми - тəжірибелік 

конференция: 

«Алаш идеясы -қазақтың ұлттық идеясы»

422

Достық үйінің жанындағы  Алаш арыстарының соңғы тұяғы

-

Қайым Мұхамедханұлының ескерткішіне тағзым !

 

Əнет баба атындағы қос мұнаралы Орталық мешіттің 

қатымханасында:«

Алаш арыстарының рухына бағыштап «Құран 

қатым» түсіріп, «Ас» беру рəсімдері»

423



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет