Қазақстанның «АҚ жол» демократиялық партиясы xxi-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы Астана – 2014 ж



Pdf көрінісі
бет17/28
Дата12.03.2017
өлшемі5,45 Mb.
#9204
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28

Ырысбекұлы Айдын «Ақ жол» ҚДП Орталық         

аппаратының идеология бөлімінің директоры,                            

Алаштанушы                                                              


256

«Ақ жол» партиясы Орталық Кеңесінің идеологиялық 

жұмыс жөніндегі Хатшысы Сəбит Байдалының 

«Тілдің мəңгілік тұғыры» атты дөңгелек үстелде жасаған 

баяндамасы

ТІЛ – МƏҢГІЛІК ТҰҒЫРЫ!

Қазақ үні газеті, № 12 (621), 15 наурыз, 2014 жыл.

Мен  тура  осы  аудиторияда,  бір  аптада  болған  жоқ, «Алаш 

рухы жəне мемлекеттік тіл» тақырыбында баяндама жасап, қазақ 

елі тарихындағы үш кезеңнің үкіметтерінің: Алашорда үкіметінің, 

кеңестік кезеңдегі үкіметтің жəне тəуелсіздігімізге қол жеткізген 

кезіміздегі  Қазақстан  Республикасының  үкіметінің  мемлекеттік 

тілге  қатысты  қам-қарекеттерін  салыстыра  отырып,  тақырыпты 

тарқатуға тырысқанмын. Бұл салыстыру, менің талдауым бойын-

ша, Тəуелсіздік алған кездегі Үкіметіміздің пайдасына шешілмеді. 

Тəуелсіздігіміздің ең мықты тұғырларының бірі де бірегейі болуы 

тиіс мемлекеттің тілді нығайту бағытында аңысын аңдиық, асығып-

аптықпайықпен 22 жылымызды өткіздік. Бұл уақыт ішінде біздің 

тəуелсіз  мемлекетімізде  тұтас  бір  ұрпақ  туып,  өсіп  жетілді.  Ре-

спублика азаматтарының мемлекеттік тілді игеру қарқыны біздің 

күткенімізден  əлдеқайда  төмен  екендігін  жасырудың  жөні  жоқ. 

Мемлекеттік  тілге  байланысты  Конституцияның, «Қазақстанның 

тілдер туралы» Заңының талаптары əлі орындалмай отыр. Тілдер-

ді қолдану мен дамытудың талай бағдарламалары жасалды. Бірақ 

соны  жүзеге  асыру  үшін  жасалған  іс-шаралардың  орындалуына 

шынайы  ниет  болмаған  секілді.  Оның  басты  себебі,  жұмсартып 

айтқанда мемлекеттік тілді игеру жəне дамыту, оған өзінің тиісті 

мəртебесін  беру  мəселесі  өне  бойы  «кейінге  қалдырылатын», 



«екінші  дəрежелі»  міндет  деп  қаралғандықтан,  ал  қаттырақ 

айтсақ: 20 жылдан  астам  мемлекеттік  тіліміздің  өзінің  заңды 



тұғырына  қонбауы - Конституцияны  құрметтемеуден, 

заңдарымызды сыйламаудан, заңды орындамаудан шығады. 

Мүмкін  енді  Елбасымыз  «Ана  тіліміз  Мəңгілік  Елімізбен  бірге 

Мəңгілік  тіл  болады»  деген  қағидалы  сөздерін  айтқаннан  кейін 


257

мемлекеттік  тілдің  өзінің  тұғырына  қондыруға  нақты  қадамдар 

жасармыз.  Ендігі  жерде  тіл  мемлекеттік  құрылыстың  ең  ба-

сым  мақсаттарының  бірі  деп  қарастырылып,  тілге  қатысты 

заң  талаптарының  орындалмағаны  үшін  жауапкершілікті 

күшейтетін кез келді. 

Біздің  елде  мемлекеттік  тілдің  өз  мəртебесіне  іс  жүзінде 

ие  болмауының  басты  себебі:  қазақ  тілін  игеруге  қажеттілік 

туындап  отырған  жоқ.  Қажеттілік  болмаса,  мың  жерден 

қазақша-орысша,  орысша-қазақша  сөздіктерді  үйіп  тастасаңда



тіл үйренбейсің. Тілді үйренесің, егер қажеттілік болса жəне тіл-

дік орта болса. Тілдік ортаны кеңейтудің бір жолы шет елдердегі 

отандастарымыздың елге оралуы. Жырақта жүрген бауырларымыз 

өзінің ана тіліне еш нəрсені теңгермейді. Қазақстан – қазақ мемле-

кеті болған соң, мұнда іс-қағаздарынан бастап, бүкіл тіршіліктің 

қазақ тілінде жүргізілмеуін түсінбейді. Олардың тарихи отанына, 

жаңа өмірге еркін араласып кете алмауының бір себебі – орысшаға 

жетік  еместігі,  білмеуі.  Əділдігіне  келсек  те,  мемлекеттік  тілді 

білген жерде басқа тілдерді үйрену-үйренбеу əркімнің жеке шаруа-

сы емес пе? Жалпы кеңестік дəуірде орын алған орысша білмеуді 



ноқай санайтын ғадеттен арылуымыз керек. Шала қазақ, дана 

қазақ  деп  бөліп,  əйтеуір  біреуінен  ноқай  жасағымыз  келсе,  онда 

керісінше, маған десе басқа 10 тіл білсін, нағыз ноқайлар қазақша 

білмейтін  қазақтар  болып  шығады.  Ұлтын  сүйетін  азаматтар 

қазақтың ешқайсысын да кемсітпейді. Тек күйінгеннен ана тіліңді 

үйрен,  айналайын  дейді.  Мемлекеттік  тілді  білмейтіндердің  ара-

сында ана тілін білмегеніне қысылатын ұяты барлары бар. Оларға 

ішің  жылиды.  Ең  масқарасы – солардың  ұяттан  адалары  көшелі 

көсем  болуға  тырысып,  бірдеңелер  айтып,  үйретпек  болады.  Та-

рихи  Отанымызда  шетін  қалған  осы  мəселенің  түйінін  шешуге, 

шетелден  оралған  отандастарымыздың  жаңа  ортаға  еркін  арала-

суына, одан кейін тіпті олардың көшін тоқтатып, біздің тілдік ор-

тамызды кеңейтуге үлкен бөгет болып отырғандар да осылар.

Көптеген  елге  оралған  бауырларымыз  ана  тілінде  еркін 

сөйлеп, ана тілінде Қазақ елінде өмір сүрудің қиындығын сезі-

нуінен артық қорлық жоқ деп санайдыБізде орыс тілін қажетсіз, 

мүлдем  керегі  жоқ  деп  отырған  ешкім  жоқ.  Əлемдік  тəжірибе 



258

көрсеткендей,  ешқандай  тілдің  дамуы  басқа  тілдің  есебінен 

жүзеге аспайды. Мұны білеміз. Оның үстіне қазақтар өзіміздің ана 

тілімізден басқа тағы бір шет тілін - орыс тілін еркін меңгергенбіз 

деп айтуымызға əбден болады. Бұл біздің ешкім тартып алмайтын 

игілігіміз. Қазақтар осындай құрметті басқа ұлттардың өкілдерінен, 

əсіресе  орыстардан  күтуге  адамгершілік  тұрғысынан  да,  заңдық 

тұрғыдан  да  қақылы.  Бірақ  естеріңізде  болса  зиялы  қауымның, 

осыдан  екі-үш  жыл  бұрын  Үндеу  жариялап,  тіл  саясаты  туралы 

қоғамда талқылау жүріп жатқан кезде «босағадан сығалап тұрған 

тілімізді төрге шығарыңызшы» деген жалынудан артылмай жүрген 

«ұлтшылдығымыздың» өзіне орыс «достарымыз» қатты шамдан-

ды. Ұйымшылдықпен қарсылық көрсетті. Олардың біразы нағыз 

шовинист  екендігін  ашықтан-ашық  танытты.  Пікірсайысты  мем-

лекеттік  тілге  өшпенділік  білдіруге  пайдаланды.  Олар  ана  тіліне 

уызында жарымаған қазақтарды ертіп алып, тасадан тас атқызды. 

Шынында  да  мұндай  көзқарас  еліміздің  тарихи  дамуының  жəне 

бізге  дейінгі  көптеген  буындар  күресінің,  соның  ішінде  біздің 

партия  жолын  жалғастырып  отырған  «Алаш»  қайраткерлерінің 

күресінің  заңды  нəтижесінде  келген  Тəуелсіздіктің  маңызын 

бағаламау  болып  табылады.  Ал  біз  болсақ,  өзімізді  ұлтшыл  деп 

айтпасын  деп  өне  бойы  бүгежектеп,  күмілжіктеп  жүреміз.  Жал-

пы,  біздің  Үкімет  мүшелері  қоғамда,  ел  ішінде  өткір  мəселелер 

туындағанда жұрт алдына неге шықпайды, неге жауапкершіліктен 

қашады деген сұрақтар да туындайды. «Ақ жол» партиясы өзінің 

мəлімдемесінде  мемлекеттік  тілдің  мəртебесі  туралы  пікір-та-

ласты  шыдамсыздықпен  бір-біріне  тіл  тигізуге,  қорлауға  айнал-

дырып  жіберуге  тырысқандарды  айыптады.  Бұл  Қазақстанның 

Тəуелсіздігін  жəне  мемлекет  құрушы  ұлт  ретінде  қазақ  ұлтын 

құрметтемеу көрсеткіші деп атап айтты.

Біз  қазіргі  таңда  мемлекеттік  тіл  болып  отырған  қазақ 

тілінің  күнделікті  өмір  пен  отандастарымыздың  өзара  қарым-

қатынасында кеңінен қолданылуы Алаш арыстарының да аңсаған 

арманы болғанын жəне сол үшін күрескендерін ешуақытта естен 

шығармаймыз. Олардың үлгі-өнегесі өте маңызды. Тек қана білім 

саласынан бір ғана мысал келтірсек, 1917 жылдың шілде айында 

Орынборда өткен жалпы қазақ съезінде қабылданған қаулыдағы


259

«Бала қалмай жалпы оқу - міндет. Алғашқы екі жылда бала 

ана  тілімен  оқысын...»  деген  талап  бүгінгі  күні  де  өзектілігін 

жойған жоқ. Мұнда туған тілдің тағдырына деген алаңдаушылық 

көрініп тұрған жоқ па? Ал қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тіл-

ді  республика  аумағына  толық  енгізу  ісін  қолға  алмай  отырған 

кім?  Қазақ  елінің  заңдарын  дайындап,  ұсыну,  талқылау, 

қабылдау  тетіктерінің  бəрін  мемлекеттік  тілге  көшірмей 

отырған кім? Өзінің мəжілістерін мемлекеттік тілде өткізбей 

қасарысып  отырған  кім?  Ол  біздің  орыс  тілді,  яғни  шет  тіл-

ді  үкімет.  Орыс  тілінен  аударып,  іс-қағаздарын  мемлекеттік 



тілде  жүргізіп  жатырмыз  деп  жұртты  алдарқатуды  доғару 

керек.  Кешегі  «жетістігіміз»,  бүгінгі  біздің  басты  кедергіміз. 

Ендеше  өзімізді-өзіміз  алдауды  доғарып,  арымыздың  алдында 

адал болайық. Осы талапты Үкімет барлық салалық министрлік-

терде  жəне  республиканың  барлық  облыстарында  іс-қағаздарын 

мемлекеттік  тілде  жүргізілуін  жуыр  маңда  қамтамасыз  етулерін 

міндеттеулері  керек.  Қажет  болып  жатса  ғана,  Үкімет  диаспора 

өкілдерінің  шоғырланып  тұрған  аймақтары  мен  елді  мекендерін 

нақты  анықтап,  соларда  қажеттілігіне  орай  орыс  тілі  жəне  басқа 

тілдерді қолданудың жағдайларын жасауды тиянақтап қоюына бо-

лады.  


Тіл – ұлттың жаны, қаны, күретамыры. Ол жайбарақаттық пен 

жауапсыздықты  көтермейді.  Украинада  Днепрдің  бір  бетін  ме-

кендеген халық украин тілінде, ал екінші бетін мекендеген халық 

орысша  сөйлейді.  Қазіргі  Евромайданды  мен  Тілмайдан  деп  те 

атар едім. Теледидардан көріп отырмыз, Украинаның Батысы пен 

Шығысындағылар  бейне  бір  екі  планетада  өмір  сүріп  жатқандар 

сияқты. Рух алшақтығынан болып жатқан жəйт, бұл. Тіл – адамның 

рухани болмысын анықтап тұр. Адамзаттың қазіргі даму деңгейінде 

ұлттық нышансыз, ұлттық мəдени ерекшеліксіз дербес мемлекет 

болып қалыптасу мүмкін емес. Ал оның ең басты көрсеткіші - тағы 

да тіл. Тіпті бəріміз білгішсініп айта беретін жаhандану үрдісіне 

төтеп  беруіміз  үшін  де  тілімізді  сақтауымыз  керек.  Жаhандану 

кезіндегі түп қазығымыз  - ана тіліміз бен мəдениетіміз. Ендеше 

ана тіліміздің болашағын ойлау - мемлекетіміздің басты міндеті. 

Мемлекеттiк тiл тəуелсiздiктiң негiзгi белгiлерi – мемлекеттің 


260

туы, елтаңбасы, əнұраны сияқты бағалануы керек жəне соған 

сай  іс-əрекеттер  керек.  «Ақ  жол»  партиясы  мемлекеттік  тілдің 

толыққанды  дамуы  жəне  оны  еліміздің  барлық  азаматтарының 

меңгеруі  əрбір  қазақстандық  үшін  елді  ажыратушы  емес,  бірік-

тіруші  мақсат  болуы  керек  деп  санайды  жəне  осыған  қызмет 

етеді. Ендеше бірге болайық, бірлікте болайық.



261

ЕРЕЙМЕНТАУДАҒЫ ЕРЕКШЕ ШАРА

Биылғы жылқы жылының Əз Наурыз мерекесін «Ақ жол» пар-

тиясы Ақмола облысы Ерейментау ауданынан бастады.

Наурыздың 20-сы  күні  «Ақ  жол»  партиясы  төрағасы, 

Мəжіліс  депутаты  Азат  Перуашев  атамекені  Ерейментауда  ау-

дан ақсақалдары мен зиялы қауымына ата-бабасына арнап Құран 

оқытты.  Асқа  «Ақ  жол»  партиясы  төрағасының  орынбасары, 

«Қазақ үні» газетінің президенті, Халықаралық Алаш сыйлығының 

лауреаты, белгілі ақын Қазыбек Иса, Мəжіліс депутаттары Нұрлан 

Жазылбеков, Талғат Ерғалиев, Алмас Тұртаевтар, «Ақ жол» пар-

тиясы ОК хатшылары Əбдіразақ Сұлтанов пен Берік Дүйсембинов, 

партия ОК Президиумы мүшесі Серікбай Тəшенов, елімізге бел-

гілі кəсіпкер азамат Марат Нəбиевтер қатысып, сөз сөйледі. 

Аудан  имамы  ата-бабалар  əруағына  Құран  бағыштаған  соң, 

сөз алған Азат Тұрлыбекұлы Ерейментау өңірі, Бөгенбай батыр-

дан  бастап,  ата-бабалары,  ел  тарихы  туралы  толғана  баяндады. 

Алашордаға қатысы болғаны үшін 37-нің репрессиясында құрбан 

болған  атасы  Перуаш  Кəрімұлының  құжаттары  қаншама  жыл 

ізденістерден кейін табылғанын жариялады. «Бұл құжатты көру - 

əкем Тұрлыбектің арманы болып кетіп еді, енді, міне, Алла қолдап, 

ұрпақтары, біздің қолымызға тиді. Құдай қаласа, биыл туғанына 

100  жыл  болатын  атамыз  Перуаш  Кəрімұлына  арнап,  осы  Ерей-

ментауда ас береміз», - деді толғаныспен. Сонымен бірге осы өңір, 

Малтабар ауылында өткен есте қалған кезеңдері жайында айтып 

берді. Əрқашан қолдап,қуаттап, тілеулес болып отыратын елге зор 

ықыласын білдірді.

Ерейментауға  алғаш  келіп  тұрған  ақын  Қазыбек  Иса  сөзін 

бұл  өңірдің  ел  тарихындағы  орны,  қазақтың  бас  қолбасшысы 

Бөгенбай батыр, Ақан сері, паң Нұрмағамбет, Құлагер мерт болған 

Сағынайдың  асы  жөнінде  бастады.  Еліміз  үшін  маңызы  зор  На-

урыз  мерекесінің  мəні  мен  мазмұнына  терең  тоқталып,  Алаш 

арыстарының  Наурыз  мейрамына  байланысты  ой-пікірлерін  ай-

тты.  Кешегі 37-нің  қанқұйлы  репрессиясының  алапат  зардапта-

рын баяндап, сол зұлматта Алаш идеясын таратқаны үшін құрбан 

болған Перуаш Кəрімұлы туралы «Мен де аман келермін» деген 

терең толғанысты жырын оқып берді.



262

 Ел қариясы, Азат Тұрлыбекұлының бабасы Кəрім ақсақалдың 

көзін көріп, бірге жұмыс істеген Амантай Имағамбетұлы бастаған 

біраз  ақсақалдар,  ақ  жаулықты  аналар  Бөгенбай  батырдың  се-

гізінші  ұрпағы  Азат  Тұрлыбекұлына  Ұлыстың  ұлы  күні  елі-

не  келіп,  ата-бабасына  Құран  оқытуына  зор  ризашылықтарын 

білдірді.  Сөз  сөйлегендердің  көбісі  əкелері  ерте  қайтыс  болған 

үш  ұл - Азат,  Азамат,  Досты  Ерейментау  еліне  бала  кезінен  жиі 

алып келіп, елмен араластырып, байланысын үзбегені үшін Азат 

Тұрлыбекұлының анасы Мəриам апайға ақ ниеттерін ықыласпен 

жеткізді. Өз кезегінде сөз алған Мəриəм Құдайбердиева Ниязқызы 

да, ауыл ақсақалдарына сəлем салып, асыл жары Тұрлыбек туралы 

естеліктер айтып, елге разылығын білдірді...

  Ерейментау  ауданы  əкімі  Талғат  Қойбағарұлы  бастаған  ел 

зиялылары  да  Азат  Тұрлыбекұлына  өз  разылықтарын  білдіріп, 

ауылда  мектеп  ашып,  ұрпақ  тəрбиелеген  Перуаш  Кəрімұлына 

мектеп  атын  беруді  жоспарлап  отырғандарын  айтты. «Ақ  жол» 

партиясының Парламенттегі жемісті жұмыстарын атап өтіп, соны-

мен бірге, біраз ел аманаттарын жеткізді.

Қ.СЕЙХУНИ


263

САПАР ЖАЙЛЫ ҮЗІК СЫР

Дүниеге келер бір рет, 

Дария- кеуде тау мүсін. 

Құрыштан құйған құдірет,

 Қарттарым, аман- саумысың?

 

Сағи Жиенбаев

Уақытпен 

жарысып, 

жүйткіген 

ойдың 

терезесінен 



Сарыарқаның  кең  жазиралы  даласына  қарап,  терең  толғаныс 

үстінде келеміз. Бағытымыз - Ақмола облысының Ерейментау ау-

данына қарайтын Тайбай ауылдық округінің Малтабар ауылы. 

«Малтабар»  кісі  есімі  емес,  құрттың  атауынан  шыққан 

сөз.  Жергілікті  көнекөз  қариялардың  айтуынша, «Малтабар» 

Кенесарының  жауынгері  беріп  кеткен  атау  көрінеді.  Ханның 

сарбаздары  жер  шолып  жүргенде  кейбіреуінің  аттары  болдырып 

қалып, осы маңға аялдаса керек. Мынау қырдың астында «Шəді» 

деген жерге келіп, аттарын тынықтырып, өздері де демалып, бір-


264

неше күн жатқан. «Апырай, жақында ауыл да жоқ, 2-3 күн болды 

оразамызды  да  ашпадық-ау»  дегенде,  біреуі  тұрып, «менде  мал-

та бар, малта бар» дейді. Барлығы да жарыса:«онда жақсы болды 

ғой» деп малтасын жеп, осы арадан аттанған, содан бұл жердің аты 

«Малтабар» деп аталған деседі. 

Малтабар – негізінен Бөгенбай батырдың ауылы, Бөгенбайдың 

жері.  Бөгенбайдың  ұрпағының  барлығы  осында.  Бүгінде  бізге 

жеткен  тарихи  деректер  бойынша,  Бөгенбай  Ақшаұлы – Қазақ 

мемлекетінің  тəуелсіздігі  жолындағы  айтулы  күрескерлердің  бірі, 

жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қол бастаған даңқты батыр, 

көрнекті мемлекет қайраткері, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – Орта 

жүздің Арғын тайпасының ішіндегі Қанжығалы руы, есімдері елге 

танымал батырлар əулеті. Атасы Əлдеуін батыр -Еңсегей бойлы Ер 

Есімнің, əкесі Ақша батыр - Əз-Тəуке ханның даңқты қолбасылары 

болған. Бөгенбай батыр - бала кезінен бастап қазақ даласының ше-

шендік өнерін бойына сіңіріп өскен. Ол жігіт шағында-ақ ауылдарға 

барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына 

қатысқан.  Тіпті,  өзіне  жақын  адамдардан  əскер  жасақтап,  кейін 

осы  сарбаздарын  халық  арасында  «Қанжығалының  қырық  ба-



тыры»  атандырса,  соңынан  қазақ  жауынгерлерінің  ортасында  да 

зор  беделге  ие  болып,  «Қанжығалы  Бөгенбай  батыр»  атанып, 

халықтың  құрметіне  бөленгенді.  Батыр 1690 жылы  Бөген  өзенінің 

жағасында  дүниеге  келіпті. (кейбір  деректерде  Сырдария  өзені). 

1733  жылы  Өлеңті  мен  Қаратаудың  бауырында  болған  қазақ  пен 

қалмақ арасындағы бір ауыр шайқаста, атышулы қалмақ батырының 

басына  алтын  жүген  салынған,  күміс  ертұрманды  Наркүрең  атын 

олжалаған көрінеді. «300-500 аттың ішінен шоқтығы асып тұратын 

жəне қашсаң құтыласың, қусаң жетесің дейтіндей, тападай талтүсте 

туған мал екен» деп Наркүреңді өзі мінеді де, атақты Нарқызыл атын 

Абылай ханға сыйға тартады. Батыр Торғай өзенінің жағасында жасы 

ұлғайған  шағында  ауырып  қайтыс  болған.  Мəйітін  Түркістандағы 

Қожа  Ахмет  Иасауи  мешітіне  жерлеу  үшін  батырдың  денесін 40 

күн бальзамдағаннан кейін таза арулап, былғарыға орап, қыс бойы 

сөреге қойып сақтаған. Бөгенбай батырдың денесі сөреге қойылған 

жер бүгінге дейін Ереймен өңірінде «Бөгенбай сөресі» деп аталған, 

ал қазір «Шахта» деп аталады.1778 ж. Көктемде баласы Тұраналы 

мен Қанжығалы Айтбай Аткелтірұлы басқарған елдің игі жақсылары 



265

батырдың сүйегін нарға теңдеп, 45 күнде Түркістанға жеткізіп, екін-

ші Мекке саналған  Қожа Ахмет Иасауи мешітіне жерлеген. 

Айтар  ойымыз  бен  негізгі  əңгімеміздің  асыл  өзегі  де,  түйінді 

арқауы да батыр бабамыз-Бөгенбайдан өрбіген ұрпақтарының бірі 

жайында  болғандықтан,  жоғарыда  келтірілген  ел-жұрттың  бəріне 

белгілі осы бір қысқаша мəліметтердің тізбегін беруді жөн санадық.

АРМЫСЫҢ, АТАЖҰРТ!

Қазірде  əр  өлкеден  түлеп  ұшқан  елшіл,  жершіл  айтулы 

азаматтарымыздың біразы туған жерлеріне тағзым етуді өздерінің 

перзенттік  борышы  санап,  игілікті  істерді  де  атқаруда.  Бұны 

енді  туған  ауыл  алдындағы  перезенттік  парыздың  парасатты 

бір  көрінісінің  болғандығында  деп  түсіну  лəзім.  Əр  ауылдың  ту 

ұстарлары өздерінің өскен өңірінің өркендеуіне сеп боларлық істерді 

ілгері бастырып жатса, бұл үлгі тұтарлық үлкен шаруа болып сана-

лады.  Тіпті, кез келген адам асып-тасқан байлығы болмаса да, туған 

ауылының  тұғырлы,  туған  елінің  ғұмырлы  болуын  бар  ниетімен 

тілеп, нақты істерімен қолдауға тиіс емес пе? Ұрпақтар тағзымының 

туған елінің еңсесін бір көтеріп тастағаны қандай ғанибет. 

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, 

Мəжіліс депутаты Азат Тұрлыбекұлы Перуашевтың атамекеніне ат 

басын бұрған кезекті сапары да өзгеше болды. Сонау бір сұрапыл 

кездері жасампаз Алаш идеясын насихаттағаны үшін «1937 жылғы 

қызыл террордың» нақақ құрбаны болған атасы Перуаш жайлы тың 

деректерді  көптен  бері  іздестіру  үстінде  болатынды.  Қазіргі  күні 

Перуаш Кəрімұлының қашан тұтқындалып, қайда қамалғаны жəне 

қай  жылы  қайтыс  болғаны  туралы  ақпараттар  бар  да,  қайда  жер-

ленгені  жайында  əзірше  ешқандай  мəліметтер  жоқ.  Тым  құрмаса, 

басына барып, құран оқып жүретіндей моласының да болмауы пер-

зенті ретінде Азат Тұрлыбекұлының жанын жай таптырмай жүргені 

де  ақиқат.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  ата-бабаларының  туып-өскен 

жеріне  барып,  із-түзсіз  кеткен  атасына  арнап  ескерткіш-белгі  ор-

натуды жəне ол кісінің көзін көрген адамдар болса, оларды тауып 

сұхбаттасуды өзіне борыш санағанды. Көкейіндегі арман-мақсаты 

жетелеп, ойына ортақ боларлық бір шоғыр дос-ниеттес азаматтарды 

ертіп, «Малтабар» ауылына ат басын тіреген еді...


266

КӨНЕНІҢ КӨЗІ -ТАРИХТЫҢ ӨЗІ

Қазақ  даласының  қай  пұшпағын  араласаң  да,  қай  ауылына 

барсаң  да  көреген,  сұңғыла,  дуалы  ауыз,  мəмілегер  қарттар  əр 

өңірден табылатынды.  Шаршы топта аталы сөз, келелі кеңес  ба-

стап, ел мен жердің өткен-кеткен тарихынан сыр шертетін, ауызы-

нан шыққан əрбір лебізі кесек-кесек алтынға пара-пар көнелердің 

жұрнағын  біз  де  көріп  қалдық. «Қарты  бар  елдің  қазынасы  бар» 

деп ежелден ақылгөй де батагөй қариясын, ескікөздерін сыйлаған 

қазақ елі «Ұрының өзіне лайық сойылы бар, кəрінің өзіне лайық 

орыны бар» дегенді де берік ұстанатын-ды. Төр алдында шекпе-

нін  желбегей  салып,  тақиясын  шалқайта  киген,  салалы  сақалын 

уыстай  тарамдап,  қазықтай  шаншылып,  қаршығадай  қомданған 

иманжүзді салиқалы қарт отыр. Біздің қол қусыра берген ілтипат-

ты сəлемімізді де мəнерлей, бипаздай алды. Мына жас ұрпақтың 

алдындағы жауапкершілігін терең сезінетін сыңайлы, өте байсал-

ды кейіпте ойға шомып кеткен. Ертеде бұл жерлерді «Ерейменнің 

бес  төбесі»  дейді  екен.  Осыдан  анау  дөңнің  басындағы  «Əулие 

бұлаққа» дейін жеткенде, қатар-қатар тізілген «Бестөбе» көрінеді 

деп,  дүйім  жұртты  ауызына  қарата  бір  тыныстап  алған  Амантай 

ақсақал ұзақ-сонар əңгімесінің желісін ақырындап ағыта бастады. 

«Мен,  Қылышбай  немересі  Имағамбетұлы  Амантай 1928 

жылы  туылғанмын.  Қазірде, 87 жасқа  қарай  аяқ  бастым.  Осы 

«Малтабардың»  тумасымын. 2-топтағы  мүгедекпін.  Сендерге  ай-

тайын, туғаннан бері жақсылық көргем жоқ, «айналайын» деп те еш-

кім басымнан сипаған емес. Өйткені, менің əкемді де 1928 жылы бай-

кулак деп кəмпескелеп, итжеккенге айдап кетті. Екі шешем болған, 

артынша  ұзамай,  олар  да  қайтыс  болды  да,  мен  жалғыздықтың 

тауқыметін тартып, жетім болып өстім. Ішер ас, киер киім дегенің ол 

уақытта өте тапшы. Өгіздің бас терісі қалыңырақ болады ғой, содан 

аяғыма шəркей жасатып алушы едім. Ол кейде қатып қалады, содан 

суға  салып  жібітетінмін  де,  таспен  ұрып  жұмсартып  алатынмын. 

Жетім балада қандай өмір болушы еді, ылғи даладағы егін басын-

да жүрдім. Өгіз айдау, жер жырту, бараналау, ондай-мұндай ұсақ-

түйек жұмыстарды да қоса атқара беретінмін. Осы қалпыммен 8-9 

жасымда 1-сыныпқа бардым. Перуаш есімді мұғалімнен сауатымды 

аштым. 1, 2 сыныптарды  да  сол  кісіден  толық  оқыдым.  Өзіміздің 



267

ауылдың жігіті, əмбе біздің үймен құдайы көрші болғандықтан, ол 

кісіні өте жақсы білетін едім. Ал, мен 10 жасқа келгенімде Перу-

аш мұғалім ұсталып кетті де, одан кейін оқи алмадым. Ол кісінің 

тұтқындалғанын өз көзіммен көрдім. Өйткені, Кəрімнің отырған үйі 

менің Дүйсенбай деген атамның үйінің артында болды, ал мен сол 

кісінің қолында тұратын едім. Əрине, ол уақытта менің аса сондай 

аңғаратын кезім емес, балалық шағым ғой. Бірақ, көрген-білгенімді 

шамалап жеткізіп отырмын. 1950 жылы əскерге алынғанымда, ме-

тркем де (туу туралы куəлік), паспортым да болған жоқ еді. 54 жыл 

бойы  үзбей  жұмыс  істесем  де, «Еңбек  ардагері»  деген  төсбелгіні 

де ала алмадым. Бұрын осы ауылдың кішісі мен едім, қазір үлкені 

мен  болып  отырмын.  Өзіміз  кіші  жүздің  Алты  ата  Əлімұлының 

ішіндегі  Шөмекей  тармағынан  тараймыз.  Аталарымыз  бұл  өлкеге 

1715  жылдары  келген  көрінеді.  Анау  ескі  Ерейментау,  кейде  оны 

«Каменный карьер» дейді, мына тұстағы Имағамбет бұлағы–менің 

бабаларымның ата қонысы. Енді бірді айтып, бірге кеткендей бол-

майын. 


Жалпы қарға тамырлы қазақпыз ғой. Біз бұл қанжығалы руы-

мен  туыстасып,  құдандалы  да  болғанбыз.  Бұрындары  кіші  жүз 

Тама  Есет  батыр  Бөгенбайдың  қарындасын  алса,  бертінде  менің 

ағам Өсербай Кəрімнің қызы Құсниға үйленген еді. 

Қоңқайұлы Əміре - жершіл адам болған, айсыз қараңғы түнде 

шөптің басына қарап, қай жерде жүргенін айыратын-ды. Ақ түтек 

боранда адасып кетіп бара жатқанда да атынан түсе қалып, жерде-

гі  шөпті  қамшысымен  сілтеп  қағып-қағып  жіберіп,  қарын  тазар-

тып, түбін ояды да, мына бетеге былай жатыр екен, біздің жолы-

мыз  да  былай,  солай  қарай  жүруіміз  керек  деп  өз  жолын  тауып 

кете баратынды. Қарлы-боранда жолдан жаңылып, ауытқып кетіп 

бара жатқан талай жанды аман-есен құтқарып, жолдарына салып 

отырған көрінеді. 

Əміреұлы  Кəрімнен - Перуаш,  Құсни,  Гүлшатай,  Нұршатай 

туады.  Кəрім  ақсақал  ақкөңіл,  білімпаз,  асқан  əңгімешіл,  ертегі, 

шежірелерге  жүйрік  жан  еді.  Қазірде,  кейбір  шежірешілер  аннан-

мұннан қағып алып, сөзін теріп жазып жүр ғой. Жалпы, біздің ауыл-

да  Кəріммен  қатар,  Өмірбай,  Дүйсенбай,  Асайын,  Жүсіп,  Есбай 

сияқты біршама зейінді ақсақалдар болды. Олар сөйлегенде, қысыр 

əңгіме,  жалған  сөзді  емес,  негізінен  ханның,  бидің,  батырдың, 



268

байдың сөзін сөйлейтін. Қандай адам болу керек, қалай өсіп-өну ке-

рек, елге қандай жағдай жасау керек деген сияқты ғибратты, тəртіпті 

сөздерді айтушы еді?!. Кəрім ақсақал шаруақор жəне өте сақ адам 

еді. «Сөз сөйлесе туады, сөйлемесе қайдан туады» дегендей, Азат, 

мен тегінде сенің бабаңмен жұмыс істеген жанмын. Қазіргі кейбір 

жастар үлкен кісілерді кейде тыңдайды, кейде жүре тыңдайды, кей-

де  мүлдем  ұмытып  кетеді.  Ол  уақытта  техника,  трактор,  машина 

деген болмағандықтан, ол кісі бидайды қолмен себетінді, артынан 

мен қолмен бараналайтынмын. Шөпті де өгізбен шабатынбыз, оны- 

«Лабарике»  дейтін.  Мен  сол  кісінің  өгізін  айдайтынмын,  шапқан 

шөбін  жинайтынмын.  Əскердің  тұсы,  соғыс  жүріп  жатыр,  сондай 

бір  қиыншылық  кез  болды  ғой,  ауылда  қалғанымыз  ылғи  бала-

шағамыз.  Жұрттың  бірлі-жарым  сауып  отырған  сиырына  дейін, 

соқаға жегіп, шөпке салады. Оның сыртында, өкіметке өткізетін 8 

кг май, 40 кг ет, 70 жұмыртқа жəне тағы бір малдың терісі бар. Ал 

сиыр ұстасаң, оған салынатын салық тағы бар. 1942 жылы төменгі 

ауылға «лабашы-пұшқантайлар» көшіп келе бастады. Сол уақытта 

оларды жұрт «Мапалар» десе, бізді «Бөгенбайлар» дейтін еді. Өздері 

малға  өте  бай  болатын.  Жер  жыртуға,  шөп  шабуға  келгенде,  осы 

көршілерімізден жалға ат, өгіз алып жұмыстарымызды атқарып та-

стаушы едік. Бұлардың сыртында, біздің ауылдан соғысқа аттанған 

60 адамның 30-ы ғана аман-есен оралды-ау, əйтеуір. 

Негізінен  осы  маңайдағы  ел  біздің  ауылды  бұрыннан  бері 

«Бөгенбай ауылы» деп атап келсе де, кейіннен оның бірнеше аты бол-

ды: Социал, ТОЗ, Бірлік, Крупская, Малтабар деген сияқты. Осын-

дай  атаулармен  əртүрлі  уақытта  əрқалай  біріктірілген  ұжымдарға 

біздің  ауылдың  кісілерінің  əрқайысысы  мəселен,  Дүйсенбай  құла 

биесін,  Мəкен  сары  ала  биесін,  Кəрім  сиырын  дегендей  жəне  т.б. 

бір-бірден малдарын берген болатын-ды. Ал,«Бірлік» қып құрғанда 

Ғалымжан  Бекежанұлы  деген  азамат  елді  де  басқарды,  есепші  де, 

мұғалім де болды. Артынан мұғалімдікті Оспанов Қайыртайға берді 

де, өзі басқарма мен есепшілікті қатар жүргізіп жүрді. Ол да ауыр 

болғаннан кейін, Омбыға оқуға кетіп қалған Əбжанов Жанділдəні 

шақыртып алды да, оған басқармалықты беріп, өзі біркелкі есепші 

болып есепшотпен ғана қалды. Кейіннен, Қайырбайдың сауаты на-

шар болғаннан соң, жаңадан оқу бітіріп келген жас маман Перуаш-

ты мұғалімдік қызметке алды. 



269

Кəрімұлы  Перуаш - жұқалаң  келген  əдемі  жүзді,  қараторы, 

ұзын бойлы, сымбатты жігіт еді. 1934-36 жылға дейін Малтабар-

да  мұғалім  болды. 1937 жылы  Благодатьта  «заврайона»  болып 

жүргенінде Еркеге үйленіп, əкесі Кəрімнің қолына қайтып келді. 

Ұлы Тұрлыбек те осы ауылда дүние есігін ашты. Соңынан (1937 

жылы) Перуашты «Алашордист» деп тұтқындап əкеткеннен кейін 

де, Ерке мен Төкен (Тұрлыбек) осында тұрып жатты. Ерке əжең 

де  осында  мұғалім  болған.  Мен  ол  кісіні  келіншек  кезінде  ғана 

көрдім ғой, талдырмаш қана аққұбаша келген сұлу өңді, биязы жан 

еді. Еркені мына Күншалған (совхоз Ленинский) ауылы жағынан 

бір ағасы келіп, арбаға төсек-орнын, тағы да андай-мұндайын са-

лып, көшіріп əкетті. Ал, Тұрлыбекті ботадай боздап қанша жылап-

еңіресе де, Кəрім шал бермеді. Бұдан əрі қарайғы Еркенің тағдыры 

не болды, ол жағын енді білмедім. 

Перуашұлы  Тұрлыбек 4-5-ші  сыныптарды  осы  Малтабардан 

оқыды.  Сол  оқуын  жалғастыруына  да  болушы  еді.  Бірақ,  Кəрім 

ақсақал: «Əй  балам,  заман  қандай,  заң  қандай?  Кешегі  «бай-

кулактың,  бəленшекенің  баласы»  деп  көзге  түртіп  қуып  жүреді 

ме,  сен  осы  сыртқы  жерде  оқып,  сыртқы  жерде  жүрсең  қайтеді? 

Өзі алдымыз көріп жатқанымыз мынау ғой, жақсылық емес!» деп 

ескерту сөз айтқаннан соң, Тұрлыбек сыртта жүріп оқыды, сыртта 

жүріп  еңбек  етті.  Кейіннен,  ауылға  ара-тұра  келіп  те  жүрді.  Ал, 

үлкен кісілері қайтыс болғаннан кейін, елге сол беті мүлдем орал-

мады. Тұрлыбектің өңі əкесіне келуші еді, ұзын бойлы, қараторы 

жігіт-тін.  Қайша  апаң  да  келбетті  адам  болды.  Тұрлыбек  мына 

Жылқыбайдың əкесі Өндіріспен сонау бала жастан тай-құлындай 

тебісіп қатар өсті. Осы арада орын алған бір оқыс жағдай туралы 

айта кетейін. Бірде ойын баласы емес пе, ойынның қызығына кіріп 

кетіп, аңдаусызда дүрбімен қарап отырған Өндіріске садақ атып, 

оның бір көзі шығып кеткен еді. Дегенменде, Өндіріс марқұм сол 

бір көзбен-ақ «құралайды көзге атқан» мерген болғанын бүгінде 

бүкіл республика жұртшылығы біледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет