«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәніне жалпы сипаттама


Н.Ә. Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген еңбегі



бет28/30
Дата24.04.2023
өлшемі265,48 Kb.
#86144
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
« аза станны азіргі заман тарихы» п ніне жалпы сипаттама

1. Н.Ә. Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген еңбегі:
А) «Тарих толқынында»
В) «Бейбітшілік кіндігі»
С) «Әділеттің ақ жолы»
D) «Казахстанский путь»
2. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында:
А) Тарихи еңбектер ақталды
В) Қожа Ахмед Яссауи кесенесі реставрацияланды
С) Бейбарыстың Дамаскіде кесенесі салынды
D) Барлық жауабы дұрыс
3. «Мәдени мұра» негізінде шетелден тарих, этнографияға қатысты:
А) 3 мыңға жуық ескерткіштер қалпына келтірілді
В) 5 мыңға жуық қолжазбалар мен баспалық басылымдар табылды
С) 7 мың кітап басып шығарылды
D) Деректі филмдер түсірілді.
4. Президентіміздің «Халық тарих толқынында» бағдарламасы қабылданды:
А) 2010
В) 2012
С) 2013
D) 2014
5. Елбасы ұсынған «Халық тарих толқынында» бағдарламасының мақсаты:
А) Тарих ғылымын сапасы дамыту
В) ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру
С) Қазақстанның қазіргі заман тарихының кейінгі екі он жылдығын жете ұғыну
D) Барлық жауабы дұрыс.
Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес)
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысының мәртебесі қандай құжаттарда заң түрғысынан бекітілген?
2. Ел астанасын Алматыдан республиканың орталығына көшіру идеясын ұсынған кім?
3.Алматы неге өзінің тәуелсіз Қазақстан астанасы ретіндегі мүмкіндіктерін сарқып болды?
4.Президенттің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауларының мәні мен мазмұнын ашып көрсетіңіз.
5.Жолдаулардың, шын мәнінде, дамудың және мемлекеттік стратегияны жүзеге асырудың кезекті кезеңдері ретінде қандай маңызы бар?

2

№ 15 дәріс

Ортақ болашағы бар ұлттың қалыптасуы

1. Мәңгілік елдің негізгі идеялары мен құндылықтары.


2. "Мәнгілік ел" ұлттық идеясының мәні мен маңызы.
3. "Мәңгілік ел"- ежелгі түркілер мұраты.

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – халқымыздың бастан кешірген елеулі оқиғаларының бірі. Осы жылдар аралығында Қазақстан әлемде дамыған 50 мемлекеттердің қатарына қосылды. Болашаққа жоспарланған 2030-стратегиясын мерзімінен бұрын іске асырып, алдағы мақсаттарды айқындау үшін Қазақстан-2050 жоспарын қолға алды. Ұлттың дамуын нақтылайтын, алға жетелейтін 5 институционалды реформа белгіленіп, ол реформаларды жүзеге асыратын 100 нақты қадам бойынша бүгінде нақты істер жүзеге асырылып жатыр.


Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімге бастайды. Ал, бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Бұл, Елбасымыздың: «...біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін..., ...өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгiлiк Ел», – деген сөздерімен толыға түседі. «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
«Мәңгілік ел» идеясының тарихи бастамасына көз жүгіртер болсақ, көне түркілердің осы сипаттағы идеясы үш негізден тұрады. Оның біріншісі – көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі. Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы қазіргі Қазақстанның тәуелсіздік рухы және азаттық идеясымен үндесіп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет