Қазақстанның қазіргі заман тарихы


«МӘНГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ



бет38/40
Дата09.05.2022
өлшемі138,74 Kb.
#33689
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
аза станны азіргі заман тарихы

1.«МӘНГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

“Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” деп аталатын ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында (2014 ж. 17 қаңтар) Елбасы былай деген еді:

Қадірлі халқым! Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. 2014 жылғы 17 қаңтар.

МӘҢГІЛІК ЕЛ” ИДЕЯСЫНЫҢ БАСТАУЫ ТЫМ ТЕРЕҢДЕ ЖАТЫР...«Мәңгілік ел - түрік жұртының данагөйі, үш  бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...».Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Қаржаубай Сартқожаұлы Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет