Қазақстанның қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі



Pdf көрінісі
Дата19.02.2023
өлшемі1,58 Mb.
#69184
Байланысты:
аза станны азіргі заман ы халы аралы атынастар ж йесіндегі



Қазақстанның қазіргі заманғы халықаралық
қатынастар жүйесіндегі рөлі.
Орындаған: Арыстанбек Мұхаммед Байтемірұлы


Жұмыстың мақсаты:
1.Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.
2.Қазақстанның сыртқы саясаты.
3.Әлемдік саяси үрдіс.
4.Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның
орны мен рөлі.


Әлемдік саясат және халықаралық
қатынастар.
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-
әрекеттері жатады. Халықаралық қатынасқа мемлекеттік не топтық мүдделерді
жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы
қоғамдык қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер,
мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси,
экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және
оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен
ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады.


Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға
ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және
көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық
аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына
байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық,
көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын
құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен
тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі
күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен
дәлелденіп отыр.
Қазақстанның сыртқы саясаты.


Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық.
Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси
және экономикалық, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия
мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймақтың ең ipi
мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан
аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға
қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы
аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз
байланысты. Бұл бірлестікке Қазақстаннан басқа аймақтың Өзбекстан,
Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан сияқты мемлекеттері де кipyi
мүмкін. 


Қазақстанның сыртқы саясатының басты
бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып
табылады. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй
президенттің және екі ел халқының өзара тығыз
байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен
Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және
коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс
өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Сөз
тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы,
Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік
туралы келісім Ұйымдары. 
Рессей Федерациясымен ынтымақтастық.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет