«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша /пәннің атауы/ лекция конспектілері


Түркістан және Қазақ АКСР-нің құрылуы



бет11/30
Дата28.04.2022
өлшемі152,84 Kb.
#32745
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Түркістан және Қазақ АКСР-нің құрылуы. Азамат соғысы жүріп жатқан кезде болашақ Қазақ мемлекеттігін құру туралы мәселе қойыла басталды. 1919 жылдың шілде айының 10-да Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы декретке қол қойылды. Онда Қазақ революциялық комитеті өлкенің ең жоғарғы әскери-азаматтық басқармасы ретінде құрылады делінген. Оның территориясына мынадай аймақтар енді: Астрахань губерниясының қазақтар тұратын аймағы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары қарады. Басшысы болып С.Пестковский тағайындалды. Оның құрамында: Ә.Жангелдин, А.Байтұрсынов, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев, М.Сералин, С.Сейфуллин тағы басқалар болған. Сібір үкіметі Семей, Ақмола, Орал облыстарының Қазақстанға қосылуына қарсы болды. Саяси тартыстардың нәтижесінде 1919 жылдың 19 қыркүйегінде Орынбор Қазақстанға қосылды. А.Байтұрсынов, М.Сералин Қостанай облысының қазақ халқының ата-мекені екендігін дәлелдеп жөнді, айқын пікірлер айтумен бұл жерлердің Қазақстанда қалуына барынша еңбек етті. Нәтижесінде 1920 жылдың 26 тамызында құрамында Ақмола, Торғай, Семей, Орал облыстары, Маңғыстау уезі, Адай болысы қараған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. 1920 жылдың қазан айының 4- 12 аралығында Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болып өтті. Онда жоғарғы үкімет органдары сайланды: Орталық атқару комитетінің төрағасы болып С.Меңдешев, ал Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып В.А.Радус-Зенькович сайланды. 1924 жылы Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік межелеу нәтижесінде Сырдария облысының Ақмешіт, Қазалы, Түркістан, Шымкент уездері, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Самарқан облысының Жизақ уезінің бір бөлігі, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек, уезінің бір бөлігі Қазақстанға қосылды. Қазақстан құрамынан негізгі халқы орыстар болып келетін Орынбор губерниясы бөлінді. Республика территориясы 2,7 млн-ға өсті. Халқының саны 5 млн. 230 мың адамды құрады. Қазақтар 61 пайыздан асты. 1925 жылдың 15-19 сәуірдегі Ақмешітте болған Кеңестердің 5 съезі «қырғыз- қазақ» деген ұғымды қабылдады. 1936 жылдан бастап «қазақ» деп атала бастады. 1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндіруіндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент болды. Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн. басқа кеміді, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ мал болды. Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-ң жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа душар болды. Жалпы зерттеушілер осы жылдары 2 млн 300 мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді. Партияның Х съезі (8 наурыз, 1921 ж.) жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады. Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ірі өндіріс орындарын, банкті қалдырып, жеке капиталды өндіріске ендіруге рұқсат берді.Мемлекеттік жерлер, кішігірім мемлекеттік кәсіпорындар белгілі мерзімге жеке шетел ұйымдары мен тұлғаларға жалға беріледі. Сауда бостандығы жүзеге асырылады, яғни мемлекеттің бақылауымен жеке саудаға рұқсат беріледі. Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы – азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды. Өндірілген өнімнің белгілі мөлшерін ғана мемлекетке тапсырып, қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін өтеуге мүмкіндік алды. Осыған байланысты енді шаруа қожалықтары егістік көлемін ұлғайтуға, сөйтіп өнімді көп өндіруге, яғни еңбек өнімділігін арттыруға ынталы болды. Көшпелі жеке қазақ шаруашылықтарына 3-5 жылдық мерізімдерге жеңілдіктерге негізделген несиелер берілді. Сонымен қатар мемлекет тарапынан ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алуға негізделген несиелер де белгіленді. Осының бәрі ұсақ товар өндірушінің материалдық құштарлығын арттырды, оның өз шаруашылығындағы қорларына иелік ету еркіндігін күшейтті. ЖЭС-тің аясында нарықтық қатнастардың күшеюі сауданың дамуына ықпал етті. 1926 жылы Қазақстанда 128 жәрмеңке жұмыс істеді. Бұл кездегі ірі жәрмеңкелер қатарына – Ойыл, Қоянды, Қарқара, Темір, Көкшетау, Атбасар жәрмеңкелерін жатқызуға болады. Осы кездегі жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20–23 млн. сомды құрады. Сондай-ақ, осы өркендей бастаған жәрмеңкелік сауда да ауыл шаруашылығының дамуына ықпалын тигізді. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде 1925 ж. егістік жердің көлемі 3 млн. гектар болса, 1928 жылы 4 млн. гектарға жетті, яғни бұл 1913 жылдың (4,4 млн. га) деңгейіне жеткендігін көрсетеді. 1925 ж. 92 млн. пұт астық жиналса, 1927 ж. астықтың жалпы түсімі 1,4 млн. пұтты құрады. 1925 ж. мал саны 1922 ж. салыстырғанда екі есе өссе, 1925-1928 ж. аралығында жыл сайын 5%-ке артып отырды. Алайда экономиканы мемлекеттің тарапынан жоспарлы түрде дамыту мен әкімшілікбасқару әдістері нарықтық қатынаспен сәйкес болмады. Соған қарамастан таптық идеологияны ту еткен Кеңес үкіметі экономиканы жоспарлы түрде дамыту идеясына сүйеніп, 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өндірісін халық шаруашылығының жетекші саласы етіп белгіледі және оның жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз етті. Бұл ЖЭС аясында қалыптасқан көпукладты ұдайы өндірістік жүйенің қатар даму барысын шектеді, яғни 20-жылдардың аяғында ұсақ товар өндірушілерге қарсы күресті күшейтті. Соның нәтижесінде нарықтық қатынас тоқырады, яғни ЖЭС тоқтатылды.

1921-1922 жылдары Қазақ өлкесінде жер-су реформасы жүргізілді. Бұл реформаның мақсаты Орал, Сібір казак әскерлеріне патша үкіметі тартып әперген Ертіс бойы, Орал өзенінің сол жағалауы, сондай ақ Жетісу өлкесі мен Қазақ өлкесінің оңтүстігінде тартып алынған қазақ жерлерін шаруаларға қайтару еді. Жер су реформасының нәтижесінде барлығы 1млн  385 мың десятина жер қазақ шаруаларына қайтарылды. 1921 жылы құрылған «Қосшы» кедейлер одағы мүшелері жер-су реформасына белсене араласты. Бұл кедейлер одағы шаруашылықтың Кеңес үкіметіне деген сенімін нығайту мақсатында құрылғын болатын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет