«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша /пәннің атауы/ лекция конспектілері


Лекция № 11 Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі



бет25/30
Дата28.04.2022
өлшемі152,84 Kb.
#32745
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30


Лекция № 11 Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан алдында тиімді әлеуметтік саясат пен қоғамның барлық саласында кешенді реформалар жүргізу міндеттері тұрды. Бұл реформалар халықтың әл-ауқатын күшейтуге бағытталуы тиіс болды. Халықаралық тәжірибені зерделеу халықты әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйесінің төмендегідей басты элементтерден тұратындығын көрсетеді:

1) мемлекеттік жәрдемақы;

2) міндетті әлеуметтік сақтандыру;

3) жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету;

4) әлеуметтік көмек. Республикада 90 жылдары осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылды. Бірнеше арнайы құрылымдар мен қоғамдық қорлар қалыптасты. Олардың қатарында Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мемлекеттік қоры(1991); Зейнетақы қоры (1991), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (1992), «Бөбек» қоғамдық қоры (1992), т.б.бар. Мұның сыртында бірқатар нормативті-құқықтық актілер қабылданды. Дегенмен бұл құрылымдар мен заң актілері елдегі әлеуметтік- экономикалық, құқықтық, демографиялық жағдайды түзей алмады. КСРО заңдары мен ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған заңдар аясында өмірге келген бұл құқықтық нормалар арасында үлкен алшақтық байқалды. Қаржылық-экономикалық дағдарыс тұрғындардың өмір сүру деңгейін күрт нашарлатты. Осы жылдардағы ұлттық армия құру, шекараны бекіту, кедендік бақылау орнату, елдің дипломатиялық корпусын құру сияқты кезек күттірмес мәселелерді шешу, оны қаржыландыру әлеуметтік саланы қаржыландыруды қысқартуға мәжбүрледі. Республикада жұмыссыздар саны күрт өсті. Олардың 40%-ы ауыл тұрғындарының үлесінде болды. Осы жылдары жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көрініс тапты. Экономикадағы дағдарыс тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді қиындата түсті. Нәтижесінде 1996-2000 жылдар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 13,5%-дан 12,8%-ға дейін тұрақсызданып тұрды. Азаматтардың нақты табысы қысқарды. 1991 жылмен салыстырғанда ол 1999 жылы шамамен 10%-ды құрады (мысал үшін – Молдавияда, Украинада, Әзірбайжанда – 25%, Ресейде-50%). Елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық көші-қоң үрдісінің кең етек алуының бірден-бір себебіне айналды. 1993 -1999 жылдар аралығында елден 3 280,4 мың адам көшіп кетіп, 1 643 мың адам көшіп келді. Осындай көші- коң салдарынан Республика халқы 1 637,3 мың адамға кеміді. Әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер қажет болды. Бұл тұтас, әрі жүйелі мемлекеттік әлеуметтік саясатсыз мүмкін болмады.

1993 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев осы бағыттағы тәуелсіз Қазақстанның алдындағы тұрған міндет «әлеуметтік үлгідегі нарықтық экономикаға негізделген мықты егеменді мемлекет құру» деп белгілеп берді. Президенттің осы тұжырымдамалық идеясын басшылыққа алған атқарушы үкімет әлеуметтік саладағы басты бағыттарды айқындады:

- зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы отбасылар, балалар мен жастар, басқа да жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру;

- әлеуметтік және экономикалық қайта құруларды жүзеге асырудың басты факторы ретінде жеке кәсіпкерлікті қалыптастыру;

- мемлекеттік емес құрылымдарда жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді және экономикалық тетіктірді кеңейту есебінен тұрғындарды әлеуметтік топтастыруға жағдай туғызу;

- әлеуметтік қорғаудың қосымша тетіктері ретінде сақтандыру жүйесін дамыту;

- әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен аймақтардың әлеуметтік даму деңгейін көтеру.



Елдің дамуының болашақ бағыттарын айқындап берген 1997 жылдың қазан айындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаеватың «Қазақстан-2030» даму стратегиясында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру басты жеті басымдықтың бірі болды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы, ал 2001 жылы «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдамада Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары, әлеуметтiк қорғаудың негiзгi тетiктерi, халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiн қаржылық және институционалдық қамтамасыз етудi жетiлдiру бағыттары және оны iске асырудың кезеңдерi нақтыланды. 2010 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 745, 8 мың адамды құрап. 184, 5 мың адам арнайы көмектерге ие болды. 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заң жарық көрді. Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша 2010 жылы Қазақстанда 1,6 млн зейнеткер тіркелген. Осы 2010 жылы зейнетақының төменгі көлемі - 18 325 теңгені, орташа деңгейі - 27 481 теңгені құрады. Әлеуметтік қорғау саясатының бір тармағы – халықты жұмыспен қамтудағы кепілдіктер еді. Мәселені шешу жолындағы маңызды кезең – Жол картасы бағдарламасы болды. Бағдарлама елдегі жұмыссыздықты азайту жолындағы бірден-бір мүмкіндік болды. «Жол картасы» шеңберінде жүз мыңдаған адамдар қайта даярлықтан өтіп, 400 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Президенттің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы өз нәтижелерін берді. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ мемлекеттің әлеуметтік саясатында аналар мен балаларды қорғау, әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері ерекше жолға қойылды. 2009 жылы 2009-2015 жылдарға арналған әйелдер кәсіпкерлігін дамыту Бағдарламасы бекітілді. 2009-2010 жылдары оны жүзеге асыруға мемлекет 9 млн доллар қаржы бөлді. 2010 жылы мемлекет әйелдердің бала туу жәрдемақысына 15 млрд тенге, 1 жасқа толмаған балаларға қарау үшін 19 млрд тенге қаржы бөлген. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы тапсырмасымен «Балапан» Бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынды. Бір жылдың ішінде 35 балалар бақшасы, 137 мектепке дейінгі жеке меншік мекемелер, 1,5 мыңнан астам балалардың шағын орталықтары салынды. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың 3 шілдесінде «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын жария етті. Онда басты мәселе - әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету деп міндеттеді. Елбасы «...біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құруға бағытталуы тиіс, шындықты мойындайық: болашақта XXI 64 ғасырда тек еңбек қана барлық қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады»,- дей келе қазақстандықтарды әлеуметтік жаңғыру жолында еңбекке үндеді. Әлеуметтік саясаттағы келесі бір қадам ретінде 2012 жылы 14 желтоқсанда Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050»: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы, онда жаңа стратегиялық мақсат - Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатын қойды. Мемлекет басшысы дамудың екі шешуші бағытының маңызын атап көрсетті - бұл адами капиталды дамыту және кәсіпкерлік пен инновациялардың одан әрі өсуі үшін қолайлы ортаны қалыптастыру. Денсаулық сақтау саласын дамыту Қазақстан үкіметі алдындағы басым міндеттердің біріне айналды. 65 2000 жылдардан бастап денсаулық сақтау саласын қаржыландыру оң үрдіске ие болды. Мәселен, 1999 жылы мемлекеттік бюджеттен осы салаға 44 825 миллион теңге бөлінсе, 2003 жылы – 89 781 миллион, яғни екі есе көп қаржы бөлінді, 2004 жылы – 131 184 миллион теңге, 2005 жылы – 185 456 миллион теңге бөлінді. 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақты бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында Денсаулық саласына жеке бөлім арналды. Елбасы денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың 2002 жылы ЖІӨ-нің 1,9 %-дан 2010 жылы 3,2 %-ға өскенін атап өтті. Ауқымды іс-шаралар нәтижесінде 2000-2010 жылдары аралығында ана мен бала өлімі азайып, бала туу көрсеткіші 1,5 есеге өсті. Халықтың табиғи өсіп-өнуі 3 есеге артты. Бұл 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде мүмкін болды. 2010 жылдың мамырында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2011-2015 жж. арналған Денсаулық сақтау саласын реформалау туралы мемлекеттік бағдарлама әзірледі. Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту және бәсекеге қабылетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға негізделді. 2011-2015 жылдары денсаулық сақтау саласына 449,3 млрд теңге бөлінді. 2016 жылыдың қыркүйегінде Астанада «Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын реформалау: ұлт саулығын қорғау» тақырыбындағы Форум өтті. Онда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова Денсаулық сақтау саласын дамытудың екі мемлекеттік бағдарламасын (2005- 2015 жж.) іске асыру нәтижесінде Қазақстандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 70 жастан асқанын, халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткіші 15,3%- ға, ана мен сәби өлімі 1,8 есеге төмендегенін атап өтті.

1990-жылдары орын алған әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар білім беру саласын да айналып өтпеді. Осы бағыттағы басты проблемалар қатарында мыналарды атауға болады: - оқытушы еңбегін материалдық ынталандыру жүйесінің мүлдем болмауы, осы саладағы еңбекақы көлемі ең төменгі деңгейде болып, ол елдегі орташа еңбекақының 60 %-ын ғана құрады; - оқытушы мамандығы беделінің күрт төмендеді; - білікті маман кадрлардың білім беру саласынан халық шаруашылығының басқа саласына жаппай кетуі байқалды ; - елде орын алған сыбайлас-жемқорлық күшейді; - оқытушылардың 80%-нан астамын әйелдер құрады. Жалпы білім беретін мектептерді жаппай жабу болмағанымен, жұмыссыздық пен кедейліктің өсуі салдарынан интернаттық мекемелер үш еседен астам қысқарды, бұрын-соңды болмаған құбылыс - мектеп жасындағы балалардың мектепке бармауы өршіді. Республикада кәсіптік-техникалық білім беру саласының да жағдайы мәз емес еді. Кәсіптік-техникалық мектептердің саны 1991 жылмен 66 салыстырғанда 1997 жылы 40%-ға, ал олардағы оқушылар саны 40%-дан астамға қысқарды. Бюджеттен қаржыландыру мүмкіндігінің шектелуі мемлекеттік жоғары оқу орындарына қабылдау жоспарының қысқаруына әкелді. Ол 1991 жылғы 59 950 адамнан 1995 жылы 40 160 адамға дейін азайды, яғни 33%-ға дейін шегерілді. 1997 жылы студенттердің төрттен бірінен астамы шарт негізінде оқыды. 1990-жылдары білім беру саласын трансформациялаудың қажеттілігі айқын көрінді. Оған мынадай төмендегі факторлар түйткі болды:

- ақпараттық-технологиялық дүмпу, ақпаратты іздеу және қайта әрлеу дағдысы;

- әлемдік білім беру жүйесіндегі өзгерістер: білімді меңгеруден дағды жинауға өту;

- қазақстандық мамандардың әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграциясын қамтамасыз ету және тиісінше әлемдік білім беру стандарттарына өту.

Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына қарамастан 1990 жылдардың басында-ақ білім беру саласы мен маман-кадрлар даярлау саласын реттеу мақсатында алғашқы шаралар қолға алынды. 1992 жылдың 18-қаңтарында «Білім туралы Заң» қабылданып, ол Білім беру саласындағы негізгі мқсаттар мен міндеттерді айқындап берді. 1993 жылы Қазақстан үкіметі Жеке меншік оқу орындарын лицензиялау тәртібі туралы бірінші ережені, 1995 жылы Білім беретін мемлекеттік емес мекемелер туралы ережені бекітті. 1999 жылғы 7 маусымда барлық білім беру деңгейі үшін ортақ Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы» Заңы қабылданды. Кейін 2000 жылы осы заң аясында жоғары оқу орындарын жекешелендіру тұжырымдамасы қабылданды. 67 2004 жылғы 11 қазанда Елбасы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлыққа қол қойды. Бағдарламаның басты бағыттары «Білім туралы Заңда» (2007 ж.) бекітілді. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында қазақстандық ұлттық білім беру құрылымы ЮНЕСКО ұсынған Білім берудің Халықаралық стандарттау классификациясымен сәйкестендірілді. Бастауыш және орта мектеп деңгейінде 12-жылдық білім беру моделін енгізуге жағдайлар жасалынды, техникалық және кәсіби білім беруді қайта құру жұмыстары басталды. Жоғары мектеп деңгейінде үш деңгейлі (бакалавриат-магистратура-PhD) маман-кадрлар даярлау енгізілді. 2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама мына негізгі үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс болды. Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы. Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады. Екінші басым бағыты – ақпараттық революция болуы тиіс, яғни ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу. Үшінші басым бағыты - жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет