«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша /пәннің атауы/ лекция конспектілері


Лекция №3 Бірінші орыс буржуазиялық революциясының қазақ даласына тигізген ықпалы. Бірінші дүниежүзілік соғыс және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер. Ресейдегі Ақпан



бет5/30
Дата28.04.2022
өлшемі152,84 Kb.
#32745
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Лекция №3 Бірінші орыс буржуазиялық революциясының қазақ даласына тигізген ықпалы. Бірінші дүниежүзілік соғыс және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі.

1.ХХ ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстанда ұлттық сана өрлеу үстінде болды. Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс бүкіл халықтық сипат ала бастады. Дегенмен ұлттық зиялыларының дербес саяси күш ретінде белсенді қоғамдық күреске араласуы 1905 жылдан басталады. Өйткені отаршылдық тауқыметін, ұлттық езгіні бастан кешіріп жатқан қазақ халқының пісіп жетілген наразылықтарынң сыртқа шығуына, азаттық қозғалысының қарқын алуына 1905 жылы басталған орыс революциясы өзінің әсерін тигізбей қоймады. Петербургтегі 1905 жылғы «қанды жексенбі» оқиғасынан кейін бүкіл империя революцияның жалынына оранады. Бұл жалынның ұшқыны қазақ даласына да жетіп, патша өкіметінің 9 қаңтардағы халықтың бейбіт шеруін жауыздықпен атуы кешірілмес күнә ретінде айыпталды. Бүкіл империяда қалыптасқан бұл жағдай патша мен оның үкіметін абыржытқаны соншалықты, орыс патшасы ІІ Николай басталған революцияны әлсірету мақсатында 18 ақпанда «халықтан сайланған» адамдарды заңдық жобаларды дайындауға және талқылауға қатыстыру туралы рескрипке қол қояды. Ресейдегі либералды топтар бұл рескрипті «арғы жағынан жарқын болашақтың көкжиегі көрініп тұр» деп мәлімдеп, оны зор қуанышпен қарсы алады. Осы құжатпен қатар сол күні жеке адамдар мен ұжымдарды мемлекет қызметі мен халықтың әл-ауқатын жетілдіре түсуге байланысты өз ұсыныстарын орталық билікке жеткізуге үндейтін құжаттар да өмірге келеді.

Мұның артынша 17 сәуірде дін еркіндігі жөнінде патшаның жарлығы шығады. Аталмыш құжаттар халықтың көңіл-күйін көтеріп, олардың саяси өмірге құлшына араласуына жол ашады. Осылайша Ресей империясында 1905 жылы қалыптасқан саяси ахуал ұлттық езгіні бастан кешіріп жатқан халықтардың азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді. Бұл жайлы Ә.Бөкейханов «Қазақтар» атты мақаласында былай деп жазған еді: «Халық сеніміне ие болған адамдарды жинауға және халық мұқтаждығын білдіретін петицияларды беруге рұқсат еткен 18 ақпан рескриптін дала үлкен құлшыныспен қарсы алды. Бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық күшін қозғалыс тасқынының аясына енгізді. Қазақ халқының мұқтаждықтары жөнінде хат арқылы пікір алмасу басталып кетті. 17 сәуірдегі дін сыйластығына қатысты қаулы көңіл-күйді одан бетер көтере түсті». Қазақтар арасында 18 ақпандағы патша рескриптінен кейін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кең етек алғанын жергілікті патшалық әкімшілік жіті қадалаған. Олардың жоғары жаққа тапсырған мәлімдемелерінің мазмұнына қарағанда қазақтар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізушілердің қатарында көршілес уездер мен облыстардан ғана емес, шалғайдағы өңірлерден де келген. 1905 жылдың көктемінен бастап қазақ даласының барлық аймақтарында қазақтардың үлкенді-кішілі жиналыстары өткізіліп, отарлық билік орындарына петициялар тапсыруға әзірлік жұмыстары жүргізілген.1905 жылы 22 маусымда Семей облысындағы Қарқаралы, Семей, Павлодар уездерінің қазақтары Қоянды жәрмеңкесінде жиналып 16000 адам қол қойған Қарқаралы петициясы шын мәнінде қазақ жерінің басқа өңірлерінен жіберілген петициялардан анағұрлым жоғары тұрды. Өйткені құжат авторларының сапалы жаңа даму сатысына аяқ басқан қазақ азаттық қозғалысының ең негізгі талап-тілектерін тұңғыш рет тұжырымдап, қалыпқа салып, патшалық билік алдына қойып, сол арқылы қазақ елінің өз еркіндігі үшін күрес жолына түскендігін ашық білдіруінде еді. Бұл, әрине, сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамы үшін қатардағы оқиға емес-тін. Деректік материалдардың көрсетуіне қарағанда, Қарқаралы петициясын дайындауда Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев және басқа сол кезеңдегі белсенді қазақ интеллигенттері жетекшілік рөл атқарған. Сондай-ақ бұл іске дін қызметкерлері де өз үлесін қосқан және олардың ықпалы аз болмаған. Ә. Бөкейханов бұл арыз-тілекті жазуға, бір жағынан, «орыс әдебиетінде тәрбиеленген, еуропалық мәдениетке сеніммен қарайтын, отанының бақытын батыс мәдениеті жетістіктерін тура кабылдай білумен байланыстырып, ал дін мәселелеріне екінші кезектегі іс деп қарайтын интеллигенттер қатысса, екінші жағынан, «шығыстық ортодоксия мен ұлттық-діни ерекшелік рухында тәрбиеленген интеллигенция» ат салысқандығын айтып, «соңғылары дінді негізгі мәселе есебінде қойып, мұсылман схоластикасына ешкім, ешуақытта аса алмайтын ғылым ретінде қарап, қырғыз халқын, жалпы Мұхаммед дініндегілерді басқа халықтардан жоғары санап, ақ ниетпен және саналы түрде діни тұтастық пен ұлттық тұтастық арасындағы айырмашылықты көргілері келмеді»,- деп жазды. Қарқаралы петициясы сияқты талап-тілек хаттар жазу қазақ даласының басқа да өңірлерінде орын алды. Мәселен, 1905 жылдың жазында Торғай мен Орал облысындағы қазақтардың патша өкіметіне арнап жазған петициясының басты ерекшелігі екі облыс қазақтарының бірігіп жазуында жатты. Бұл петицияны дайындауда басты рөлді Б. Қаратаев атқарған және оған 44 адам қол қойып, патшаға апарған делегацияның құрамына Б. Қаратаев, М. Қайдаров, С. Кийкин, Ж. Мусин, Ғұбайдолла хазірет Ешмұхамедов, М. Меңдіқұлов, Ә. Бірімжанов, Д. Тоқтабаев, Ж. Сейдалин кірген. Патша үкіметіне петициялар тапсыру Түркістан өлкесінде де орын алады. 1905 жылы тамыз айында 1000 адам қол қойған Жетісу облысы, Лепсі уезінде, 50 адам қол қойған Сырдария облысындағы Әулиеата уезінде және Қазалы уезінің қазақтарының петицияларының орны ерекше. Лепсі уезінің өзінен 1000 қазақ қол қойған петиция туралы айта кетіп Тынышбаев мұның өзі үкіметтің барлық пасық саясаты халықтың төзімін тауысуынан деп түсіндіреді. Автор петициялардағы талаптарға да көңіл бөлді. Мәселен 6 тамызға дейінге талап –тілектер де мынадай мәселелер қамтылды: кең түрде толықтай өзін-өзі басқару, ерекше заңдар мен әкімшілік бұйрықтардың күшін тоқтату, генерал-губернаторлықты шаруашылық басшылары мен урядниктерді жою, әскери басқаруды азаматтық басқарумен алмастыру, қазақтар жөніндегі заңдарды олардың өкілдерін қатыстыра отырып қайта қарау, осы мақсаттар үшін орыс сотын қайта құру және халық сотын юстиция министріне бағындыру, жеке басқа, тұрғын үйге, ар-ожданға, сөзге тиіспеу, одақ және жиындарға қатысу негізіндегі азаматтық бостандық, газет, брошюра, кітап жіне т.б болу үшін типография ашудың барлығына бірдей тәртібі, жалпыға бірдей дауыс беруге негізделген сайлау. Қазақтардың иелігінде жерледі олардың меншігі ретінде мойындау және т.б. Отаршылдық билікті әшкерелеген баяндаманың нәтижесі-автордың Жетісу облысына келуіне тиым салынуына әкелді. Тіпті оқуын бітіргеннен кейін М. Тынышбаев саяси күдіктілер қатарында қалды. Ал баяндама басылған Ташкент қаласынан шығатын «Русский Түркістан» газеті тәркіленіп, әкімшілік айыпқа тартылды. Министрлер комитетінің төрағасы М.Ю. Витте атына қазақтардың жазған питициясы тек Жетісу өңірінен ғана емес, Сырдария облысының Әулиеата уезінен де жолданды. Бұл петицияны жолдауды Әулиеата уездік басқармасында хатшы болған Әзімхан Кенесарин ұйымдастырған. Қазақ зиялылары ұйымдастырған 1905 жылғы петициялар қазақ халқының азаттық қозғалысында елеулі рөл атқарды.Осы жылдары Қазақ халқының саяси ой-өрісінің дамуында І-ІІ Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу науқаны маңызды роль атқарып, онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметімен көзге түсті. Мәселен, І-ші Мемлекеттік Думаға қазақ халқы атынан 4 депутат: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Құлманов сайланды. Олар Дума жұмысына мұсылман депутаттары фракциясы құрамында болды. ІІ-ші Мемлекеттік Думаға 6-ы қазақ ұлтының өкілдері: Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Алдабергенов, Х. Нұрекенов, Ш. Қосшығұлов, М. Тынышбаев сайланды. Екінші Дума депутаттарының құрамы жағынан болсын, күн тәртібіне қойылған мәселелерді талқылау жағынан болсын бірінші Думаға қарағанда солшыл бағытта болғанды. Негізгі пікір тартысын тудырған мәселелердің бастысы аграрлық және қоныс аудару мәселесі болды. Әсіресе, депутаттар Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Ш.Қосшығұлов, Х. Нұрекенов өте белсенді түрде, заң шеңберінде патша өкіметінің қоныс аудару саясатына қайткенде бір ықпал етуге тырысты. Мәселен, 1907 жылы 17 мамырда депутаттық сауалға байланысты жарыссөзде депутат Б. Қаратаев сөйледі. Ол өзінің сөзін қазақ халқы үшін ең маңызды іске айналған жер мәселесіне арнады. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің жарыққа шығуы отарлық езгіге қарсы күрестің мазмұнына сапалық өзгерістер енгізуде және қоғамдық саяси ойдың дамуына үлкен серпін берді. «Айқап» пен «Қазақ» әлеумет істеріне бұрыннан араласып жүрген азаматтардың ой-пікірлерін ғана жариялап қоймай, сонымен бірге жас қаламгерлердің де қаламын ұштап, саяси ой жүйесі, көзқарасының қалыптасуына мүмкіндіктерін кеңейтті. «Айқап» журналы қазақ елінде 1911-1915 жылдары шығып тұрды. Оның шығарушысы және редакторы Мұхамеджан Сералин (1871-1929) болды. Журнал Қазақстандағы сол кезеңнің идеялық-саяси ой-пікірдің аграрлық-демократиялық бағыттарын білдірді. Оған Б. Қаратаев, Ж.Сейдалин, С. Торайғыров, Б.Майлин және басқалар қатысып тұрды. Журнал беттерінде негізгі мәселелер қатарында оқу-ағарту ісі мен аграрлық мәселе, яғни жер қатынастары, көшпенділердің дәстүрлі мал шарушылығы және олардың отырықшылыққа көшуі туралы мақалалар көптеп жазылды. Сондай-ақ, журналда патша өкіметінің отаршылдық саясаты әшкерленіп отырды. Сонымен қатар, Орынбор қаласында 1913-1918 жылдары А. Байтұрсыновтың басшылығымен шығып тұрған ресми «Қазақ» газеті болды. Ол либерал-демократиялық бағыт идеяларын ұстанды. Газет редакциясында сол кездегі қазақ конституциялық-демократиялық партиясының және қазақ халқының жалпы ұлттық қозғалысының жетекшісі, экономист-ғалым Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқалар қызмет істеді. Олар ең күрделі аграрлық мәселеде жерге Ресей патшалығының тарапынан мемлекеттік меншіктің күшін жою және оны қазақтардың меншігіне беру, жер сатуға тыйым салу талаптарын қойды. Қазақ халқы дамудың қандай бағытын таңдауы керек, қандай жолмен жүруі қажет деген мәселе бойынша: «Айқап» газеті исламдық бағыттағы шығыстық үлгіні ұсынса, «Қазақ» газетінің төңірегіне орналасқан зиялылар ұлттық ерекшеліктерді сақтай отыра батыстық өркениет даму жолының бағытын ұсынды. «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы қазақ халқының саяси және рухани өмірінде терең із қалдырды. Бұл жалпыұлттық деңгейге көтерілген басылымдар халықтың санасын жандандыруда маңызды роль атқарды. Ал Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Сералин, Б.Қаратаев сынды зиялы қауымның алдыңғы қатарлы өкілдері қазақ халлқының ғасырлар бойы отарлық езгіге қарсы азаттық күресін жаңа сапалық деңгейге көтерді. Ол бұрынғы қарулы көтерілістерден саяси-интеллектуалдық деңгейге көтерілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет