«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша /пәннің атауы/ лекция конспектілері


Бірінші дүниежүзілік соғыс және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер



бет7/30
Дата28.04.2022
өлшемі152,84 Kb.
#32745
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Бірінші дүниежүзілік соғыс және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылы басталып 1918 жылға дейін созылды. Европалық державалардың саяси әскери екі тобының – Антанта мен Үштік одақтың арасындағы дүниежүзілік бөлісу жолындағы күрес соғыстың шығуына себеп болды. «Үштік одақ» Германия, Австро-Венгрия, Италия ( 1882 жылы құрылған әскери саяси бұл одақ Франциямен Россияға қарсы бағытталды). «Антанта» бұл одақ 1893 жылы және 1904 жылы келісімдер негізінде құрылды (Англия, Франция, Ресей)Бұл кезеңде Қазақстан Ресейдің отары болғандықтан Ресейге соғыс салығын төлеп отырды. Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақ елінің дамуына ауыр зардабын тигізді.Өлкенің майданды және елді шикізат, азық-түлікпен қамтамасыз етуші қызметі күшейді. Соғыс салығы арқылы 1914-1916 ж. –Түркістан өлкесінің 2089 мың тонна мақта, 300 мың пұт ет,70 мың жылқы, 13 мың түйе, 14 мың киіз үй жиналды.Шаңырақ салығы өсті.Кен, көмір, мұнай өндіру құлдырады. Соғыстың салдарынан өндірістегі мамандығы бар жұмысшылардың үлес салмағы қүрт азайды.Еңбекшілердің әлеуметтік жағдайы төмендеп, жұмыс күннің ұзақтығы 12,14 сағатқа созылды.Соғыс жылдарында ең қажетті деген тұтыну тауарларының құны қымбаттатылды. Мысалы: ұн-70℅,қант-50℅, сабын-200℅-ға өсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі Успен және Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру арта түсті. Бұл кеніштерден 1914 жылы – 246 пұт, ал 1916 жылы – 1551 пұт темір кені өндірілді. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды. Салықтардың жоғарылығынан, қатынас жолдарының қашықтығынан, құрал-жабдықтардың жетіспеуі салдарынан және басқа себептерден алтын кеніштерінің саны қысқарды. Түсті металдарға деген қажеттіліктердің артуы және олардың бағасының күрт өсуі соғыс жылдарында түсті металлургияның, әсіресе Риддер және Скольский кеніштерінің дамуына түрткі болды. Түсті рудалар өндіру 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 25,3 есе түсті.1916 жылғы 25 маусымда патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығында 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы шықты.Қазақ даласында патша жарлығына әртүрлі қозғалыс қалыптасты:1.Феодалдық басшы топтардың көпшілігі және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдап іске асыруға көмектесті.Ұлт-азаттық қозғалыс топ басшылары (Ә.Жангелдин, А.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов) қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.Либералдық демократиялық зиялылар ( Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б.) қазақтарды тыл жұмысына шақыруды дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асырып, уақыт ұту, қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу, ұлттық автономия құру талаптарын ұсынды.Ұлт азаттық қозғалыстың негізгі қозғаушы күші- қазақ жұмысшылары мен шаруалар болды. Көтеріліс басшылары ұлттың амандығымен рухани түлеу проблемаларын көтерді. Көтеріліс барысында ұлт азаттық көтерілістің көрнекті басшылары қалыптасты:

-Жетісуде - Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ.Саурықов, Ж.Мәмбетов, А.Қосақов;

- Торғайда - Ә.Жангельдин, А. Иманов, Ә. Жанбосынов;

- Орал облысы мен Бөкей Ордасында - С. Меңдешев, Ә.Әйтиев т.б.

1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды. Көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте көтеріліске дейінгі мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтірді.Хан сайлау: Шерубай Нұра болысында Н.Қияшевті Қарашақ болысында О. Шомырды Верный уезінің Шайымтал болысында Б.Әшекеевті. Торғай уезінде Ә. Жанбосыновты хан сайланды.Сондай-ақ ел бегі- әкім, жасақшы –сот алқасы, сардарбек- әскер басшысы тағайындалды. 1916 жылғы 23 тамыздағы генерал-губернатор Куропаткиннің құпия бұйрығы бойынша қара жұмыстан мыналар босатылды: басқармалардың лауазымды адамдары, төменгі полициялық шенділер, имам молда, есепші бухгалтер, үкімет оқу орындарындағы оқушылар , жоғарғы лауазымдылар, дворяндық және құрметті азаматтық құқ алғандар. Көтерілісшілер мынандай әрекеттерге барды: қара жұмысқа шақыру тізімдерін жойды, борышқорлық салық тіл хаттарын, жер сату жөніндегі құжаттарын жойды, болыс басқармаларын, болыс ауылдарын талқандады, патша әскерлерімен қақтығысты. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Ең ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда пайда болды. Жетісуде 1916 жылы шілде-тамыз айларында бұқаралық сипат алды. 20-шы шілдеде Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болып тағайындалған Куропаткин мынандай бұйрық шығарды:

1. Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай көтерілісшілерді бағындыру.

2. Лаң салушыларға қарсы күресу үшін рулық , тайпалық араздықты



пайдалану .

Осы бұйрықтың іске асуы барысында ұлт араздық қақтығыстар, арандату шаралары қолданылды. 17 шілдеде Жетісуда және Түркістан өлкесінде соғыс жағдайы жарияланды. Патша өкіметі орындары мұнда ірі әскери күштер әкелді, әскери гарнизондарды нығайтты, Жетісудағы қоныс аударушы халықтың ауқатты топтарынан қазақ және қырғыз көтерілісшілерін жазалау үшін қарулы отрядтар құрды. Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның таулы алқабында, Самсы станицасында, Қастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Құрам елді мекендері аудандарында, Лепсі уезінің Садыр-Матай болысында және т.б. жерлерде патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстары болды.Жетісудегі көтерілістің ірі ошақтарының бірі Қарқара аймағында қалыптасты. 5 мың көтерілісші Қарқара жәрмеңкесін қоршап Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. Басшылары Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов былай деп мәлімдеді «Балалар қырылғанша, кәрілердің өлгені жақсы, патша жарлығын орындамаймыз». Жетісуда Т.Бокин үгіт жұмысына басшылық етті. Соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді, феодалдардың сатқындық рөлін әшкереледі. Жетісудағы көтеріліске қарсы патша үкіметі 14ботальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет бар жазалау экспедициясын жіберді.1916 жылы қазанда патша әкімшілігі «Қырғыздарды көшіру туралы» шешім шығарып: Пішпек, Пржевальск, Жаркент уездеріндегі шұрайлы жердің 2 млн. 510 мың  360 десятинасы тартып алынды. Жетісудағы  300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар жазалаушылардың қудалауымен Қытайға өтіп кетті. 37335 қазақ отбасы құнарсыз таулы аймаққа, Балқаш маңындағы шөлді далаға қуылды. 1916 жылы қазанда Жетісу көтерілісі талқандалды. Жетісу өлкесіндегі көтеріліс басшыларының бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы қыркүйекте Верныйда қолға түсіріп, жазалаушылардың дарға асу жөнінде үкімі Боралдай асуында орындалды. Бекболат Әшекеевтен кейін оның ең жақын 23 серіктері Түркістан әскери-округтік сотына берілді. Б.Әшекеевтың баласы Әбділдә Бекболатов барлық құқықтары мен дәулетінен айырылып, 20 жыл мерзімге каторгалық жұмыстарға айдалды.Сотсыз тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 жылы 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына,168 адам каторгалық жұмысқа, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді.Торғайдағы көтеріліс табандылығымен, ұзақа созылғандығымен ерекшеленеді. Бұл аймақта басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесі қалыптасты. Көтеріліс басшыларының бірі Амангелді Имановтың өзіндік тактикасы болды.Ол жүйелі тәртіпке негізделген әскер құрды, қару өндіруді ұйымдастырды,көтерілісшілерге әскери өнер үйретіп, азық-түлікпен,көлікпен қамтамасыз ететін тыл қызметін ұйымдастырды. Кейкі батыр бастаған мерген жасақтарын құрып, партизандық іс-қимыл әрекет қолданды. Амангелді Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің ішінара Сырдария, Ақмола, Семей болыстары көтерілісшілерінің басын біріктірді. Көтерілісшілер саны 50 мыңға дейін жетті. Негізгі шайқастар Торғайда, Татыр, Шошқалы қопа, Доғал Үрпен аймағы маңында болды.Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілісі барлық аймақтарда қатаң басып- жаншылды. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 атты әскер жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады, ал Торғай көтрілісшілеріне қарсы патшалық өкімет орындары 17 атқыштар ротасын, 18 қазақ жүздігін, 4 атты әскер эскадронын, 18 зеңбірек, 10 пулемет және басқалары әкеп төкті. Осыған қарамастан, Торғай облысында көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады. Қорыта айтқанда, 1916 жылы көтеріліс мынандай себептерге байланысты жеңіліске ұшырады. Көтеріліс бытыраңқы болды, әскери қару әлсіз,жеткіліксіз,ру аралық тартыс өріс алды, жергілікті халық пен қоныстанушылар арасында қайшылық күшейді, ұлттық демократиялық зиялылардың қатарында бірлік болмады, қазақ феодалдарының арасында сатқындық өріс алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет