«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз


Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық қарсылығы мен көтерілістер ұлт азаттық көтелістер жалғасы екенін дәлелдеңіз



бет17/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Байланысты:
« аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан

21.
Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық қарсылығы мен көтерілістер ұлт азаттық көтелістер жалғасы екенін дәлелдеңіз.
1927 жылы желтоқсанда бкп!б! XV съезі болып, ол ұжымдастыруға бағыт алған съезд ретінде тарихқа енді. Съезд 1932 жылға дейінгі қысқа мерзімде жеке шаруашылық қожалықтарынан ұжымдық шаруашылық !колхоз! жүйесіне көшу туралы шешім қабылдады.
Ұжымдастыру жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескерместен, күштеу саясатымен жүргізді.
1928 ж Қазақстанда ұжымдастырылған шаруашылықтар 2% құрады. 1930 жылы 1 сәуірде бұл көрсеткіш 50,5%, 1931жылы қазанда 65% жетті. Кейбір облыстарда мұндай екпінді көрсеткіш бұданда өсіп кетті. Мысалы, Орал, Петропавлда қазақтардың жеке шаруа қожалықтарын ұжымдастыру 70% жеткен. 1931 жылы күзде 122 ауданның 78-нде 70-100% орындалған. Қтал күш көрсету әдісімен жүргізілген ұжымдастыру өрескел заң бұзушылықтармен жүзеге асты. Әсіресе, адам құқығы аяқ асты болды. Шаруаларды заңсыз тұтқындау, сайлау құқығынан айыру, жер аудару, ату жазалары қолданылды. Тек 1933 жылдың өзінде Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма органдары қазақ өлкелерінен 21 мың адам тұтқындаған.
Қазақ халқының күштеп ұжымдастыру саясатына наразылығы бірден басталды. Осы жылдары 372 халықтық бас көтерулер мен көтерілістер болған.
Қазақстанның оңтүстігіндегі Созақ ауданында ірі бой көрсету болды. Бұл көтеріліс өзінің ұйымшылдығымен және табандылығымен көзге түсті. Көтерілісшілер аудан орталығы Созақты басып алды. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатысты. Көтерілісшілер өздерінің ханы етіп болыс қызметін атқарушы Е.Шопановты сайлап алды. Көтерілісті басып жаныштауға Қызыл Армияның тұрақтары әскері жөнелтілді. Көтеріліске қатысқандарды қудалау 1938 жылға дейін созылды.
Ірі бас көтерілулер Алматы, Маңғыстау, Семей округтерінде де болды. Маңғыстауда 60-қа жуық көтерілісшілер тобы болған. Мұндағы көтеріліс Ойыл, Үстірт, және Маңғыстауды тұтас қамтыды. Бұл бас көтеруді басуға ДАғыстан, Саратов, Бакуден Қызыл Армия мен БМСБ арнайы әскери бөлімшелері жұмылдырылды.
Ұжымдастыруға қарсы өткен бұл көтерілістердің басрлығы да А.Иманов, Б. Әшекеев бастаған 1916 жылғы көтерілістер мен XIX ғасырдағы Кенесары Қасымұлы, Сырым Датұлы көтерілістерінің жалғасы деуге болады. Бұл көтерілістердің басрлығы да патшаның отарлау саясатына қарсы бағытталған. Созақта өткен көтеріліс 1916 жылғы өткен көтеріліс саяси ұйымшылдығымен, тактикасымен ерекшеленді. Сондықтан бұл көтерілістердің барлығы ұлт- азттық көтерілістердің жалғасы деп қарастыруға болады.
22
ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихы өзінің аса күрделі әлеуметтік және қоғамдық – саяси қайшылықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар рухани азаттық пен демократиялық – ағартушылық идеяларға толы бұл кезеңде, ұлт зиялыларын ойландырған мәселелер, елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін қазақ елін қалың ұйқыдан оятып, оқу, өнер – білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы дербес мемлекет құру еді. Олай болса ғасыр басындағы дағдарыстан шығудың жолын қарастырған алаш көсемдерінің теориялық ізденістері, практикалық қызметі бүгін де өз маңызын жойған жоқ.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының тарихында аса құндылығымен, маңыздылығымен және қасіретімен де мәңгі қалатыны даусыз. Өйткені, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласы жаңа тұрпатты мемлекет құруға қадам жасады. Ал оның жемісті дамуына барынша ат салысып, ана тілінде тұңғыш оқулықтар жазып, қазақ ғылымының қалыптасып дамуына, отандық мәдениетіміздің ілгерілеуіне барынша ат салысқан бір топ қазақ зиялылары сталиндік тоталитарлық режимнің қысымына ілінді. «Біз,- деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев,-өз тарихымызды өзгелер тұрмақ өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан ұрпақпыз. Зерттемесек, жазбасақ, жарияламасақ кім не таниды?...»[2, 15].
Қазақстан халқына орны толмас қасірет пен қайғы әкелген отызыншы жылдар ойранына байланысты ойтолғаулар және Алаш қозғалысына байланысты cүбелі үлес қосқан еңбектерді ғалымдар Д.Аманжолова, К.Нұрпейісов, М. Қойгелдиевтер жазған болатын [4]. 1996 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «1997 жылды жалпы ұлттық келісім және саяси репрессия құрбандарын есте сақтау жылы деп жариялауы туралы» жарлығы шықты. Жарлықтан кейін саяси репрессия тақырыбы кеңінен зерттеле бастады.

Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.


ҚУҒЫН СҮРГІН ЗАРДАПТАРЫ
. Саяси қуғын – сүргін шаралары қазақты елдік санадан айыруға жол ашты. Саяси қуғын-сүргін салдарынан тексіздікке жол ашылғанымен, сталиндік зобалаң ұлт болмысының тамырын қиюға шамасы жетпеді. Оның түп-төркінін қазақ тарихының кісілік келбетінің биіктігінен, рух үндестігінің қуаттылығынан іздейміз. Әрине, бұл өз алдына бөлек зерделенетін іргелі тақырыптардың бірі екендігі де даусыз.
Қазақстан тарихының өркениетті көзқарас шеңберімен зерделейтін өзекті мәселелері жеткілікті. Кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіптің ұлт санасына салған «жаралары» жеткілікті. Одан арылу үшін уақыт ғана емес, уақыт ағынымен бірге ұлтшылдық келбетті қалыптастырып үлгеруіміз қажет. Осы мақсатта өткен тарихымыздың өзекті мәселелерін ақылмен пайымдауға да күш саламыз. Соның бірі 1920-1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің ұлттық рухымызды тұншықтырған тұстары. Ұлт еңсесін түсіріп, тексіздікке жол ашқын кеңестік билікті ақылмен зерделеу қазақ тарихының кісілік келбетін дәйектемек.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси қуғын – сүргін құқық қорғау органдарының қолымен жасалды
Сөз жүзінде заңдардың сипаты демократиялық бағытта болғанымен, іс жүзінде адамдарды жікке бөліп «таптар арасындағы күресті» өмірге әкелді. Бұл адам баласының мәдениетіне, адамзат өркениетіне аса қауіпті еді. Кеңестік тоталитарлық тәртіпті жамандау мақсат емес, алайда оның миллиондаған адам өмірін құрбандыққа қиған саясаты ұлт санасына ізін салып та кетті. Кеңестік жүйеде өмір сүрген халықтардың саяси қуғын – сүргін зобалаңына ұшырамағаны кемде кем.
Саяси қуғын – сүргін салдарынан конформизм, бюрократизм, жағымпаздану секілді көптеген адами дамуға кереғар теріс түсініктер өмірден орын алып, тамырын тереңге жайды. Алаш зиялыларының «большевиктер ылаңы көпке кетер, биліктен кеткенше талайды былғап кетер»,- деген мазмұндағы даналығының ақиқатына біз куә болып отырмыз.
Осы Қазақстандағы қуғын сүргін жылдарында Ахмет Байтұрсынов, Тұрар Рысқұлов, т.б. ұлт зиялылары құрбан болды. Бұл саясатың негізгі идеясы КСРО халықтары мен қоса қазақ халқын мәңгүрттендіру, қазақ ұлтын рухсыздандыру болды. Сол кездерде қазақтың атын атап шығар ерлердің барлығы осы опаттың құрбандары болып кете берді. Ұлттың ұлт ретінде дамуы да біршама уакытқа тоқтап қалгандай еді. Қазақ ұлтының бір зиялы ұрпағын жоқ қылған бұл зардапты жылдардың орнын ештеңе де толтыра алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет