«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз


Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын Ұлы Дала тарихымен сабақтастығын баяндаңыз



бет3/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
4.Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын Ұлы Дала тарихымен сабақтастығын баяндаңыз.


Елдің мәдени дамуы қиындықтар мен коллизияларда жаңа тәуелсіз мемлекеттің құрылуымен сипатталады. 1986 жылғы декабрь оқиғасынан кейін Қазақстанда мәдени мәселелерді шешуге қазақ халқын «ұлтшыл» деп жазалау да өз таңбасын қалдырды. Екінші жағынан 1980 жылдың аяғындағы 1990 жылдың басындағы мәдени мәселелерде әртүрлі меншік нысанын, әр алуандылықты, қоғамдық-саяси жаңаруды және алуан түрлі пікірлерді бекітетін алғашқы қадамды көруге болады. Егеменді Қазақстанда мәдениеттің қалыптасу процесі көптеген қиындықтарды және қарама-қайшылықтарды бастан кешірді және бастан кешіруде. Жоспарлы экономикаға ауысу жолының басында өндіріс көлемінің құлауымен ілесе жүрген нарықтық қарым-қатынас рельсінде «мәдениетті, халықтық білім беруді және ғылымды материалды-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету маңызды шыңындарды алып келді.


ХХ ғасырдың 80 жылдарының екінші жартысынан бастап философия, тарих, құқықтану және т.б. салалардағы әлемдік ғылыми ойдың негізін қалайтын еңбектерді, сондай-ақ қазақ тіліндегі аудиторияларға арналған көркем әдебиеттерді шығару тоқтап қалды. Осыған байланысты, өскелең ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазақ халқының сан ғасырлық рухани тәжiрибесiн қорыту мақсатында мемлекеттік тiлде тарихи, көркем, ғылыми толық дестелердi шығарудың мәселелерi ерекше өзектi болып отыр. Жоғарыда аталған проблемаларды осы Бағдарламаның шеңберінде кешенді шешу Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және жария ету жүйесін одан әрі дамытуға мүмкін туғызады. «Мәдени мұра» - «Культурное наследие» Мемлекеттік бағдарламасы қысқа тарихи уақыт ішінде жалпы адамзаттың тарихи-мәдени және өркениетті процестерінің толыққанды құрамы ретінде, Қазақстанның аумағында мемлекеттіліктің ұрпағын және дәстүрін, уақыт байланысын, рухани мирасқорлықты кейіптейтін біздің елдің классикалық бренді ретінде сақталып қалды. Жалпы тарихи жоспарда – ол өзінің ауқымы мен нәтижесі бойынша барлық посткеңестік кеңістікте ұқсастығы жоқ, қазіргі заманның бірегей жоспары болып табылады. Елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырудың алдыңғы кезеңі бұрынғы дәуірлердегі аға ұрпақтың материалдық және интеллектуалдық құндылықтарын сақтау мен оны одан әрі дамытуға мемлекеттің үлкен қамқорлығының қажеттілігін көрсетті.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2004-2006 жж. «Тарих және этнология» саласы бойынша «Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы», «История Казахстана в русских источниках», «История Казахстана в западных источниках» 10-томдық сериялар, «История Казахстана в античных источниках», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» 2-томдық сериялар соңғы жылдары жарық көрді. Сонымен қатар 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан өркениеттер тоғысында: антикалық дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі әлеуметтік мәдени тұғырлардың өзгеріске түсуі мен дамуы» Ұлттық стратегиялық жобаны іске асырудың талаптары мен міндеттерін нақтылау барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бағдарлама нәтижесінің тиімділігін арттыру мен нәтижелігі жөніндегі ұсынысты басшылыққа алды: жалпыұлттық ынтымақтас үрдісіне, ұлтаралық келісімге және жалпыұлттық идеологияның нығаюына жағдай жасау; Қазақстанның ұлттық нышандарын көне ұлттық мемлекеттіліктің ескерткіштерін жаңғырту арқылы насихаттау және қазіргі нышандар; Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттырудың қуатты құралы ретіндегі Республиканың қайталанбас ұлттық брендін қалыптастыру; Әлемдік тарихтағы көшпенділердің рөлін жан-жақты ашу; Қазақстанның Ұлы дала өркениеті мен түрік мәдениетінің алтын бесігі екенін насихаттау; Бағдарламаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде табылған тарихи-мәдени мұраларды ғылыми айналымға тарту және білім беру саласына еңгізу мақсатында жан-жақты кешенді түрде зерттеу; «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерттеудің тұғырлы ұстанымдарын әзірлеу; «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру барысында алынған мәліметтер жүйеленіп, енген оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу; табиғи-мәдени мұражайлар, қорықтар жасауды және Қазақстан Республикасының таңдаулы тарихи орындарының туристік бағыттарын әзірлеуді ғылыми тұрғыда негіздеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет