«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз


ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз



бет4/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
« аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан

5. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.
XX ғасырдан бастап Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық өмірінде күрделі өзгерістер болды. Қазақ қоғамында демократиялық ой-пікір , ұлттық сана өсті . Отаршылдық –әкімшілік басқару жүйесі қазақ халқының алдыңғы қатарлы азаматарының сана –сезімі , ұлттық намысының оянуына түрткі болды.
Патша үкіметінің Қазақстандағы саяси тәртібі , оның салдары және соған байланысты қазақ қоғамында саяси –қоғамдық ой –пікірдің қалыптасуы дамуы туралы ғылыми зерттеулер жазылып, кеңестік дәуірге сәйкес бағасын алды. Бірақ оларда қазақ ағартушыларының және зиялыларының еңбектеріндегі саяси-құқықтық идеяларына ұлттық мүдде тұрғысынан баға берілмеген.
XX ғасырдың алғашқы ширегінде орын алған I орыс революциясы, ұлт –азаттық қозғалыс, Ақпан және Қазан төңкерістері ж/е т.б оқиғалар қазақ қоғамдық- саяси ойдың дамуына зор ықпал тигізді . Осы оқиғалармен қатар ел өміріндегі саяси өзгерістер қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына әсерін тигізді . Ұлттық интеллигенция тобы қазақ қоғамдық –саяси ойдың дамуына елеулі ықпалын тигізді . Мысалы :

  1. А.Байтұрсынов *Маса *, М.Дулатұлы *Оян қазақ!* кітабін жазып , қазақ халқының сол кездегі ой-санасын оятты .

  2. Ә.Бөкейханов неше түрлі саяси-құқықтық идеялар мен бағдарламалар жасаумен айналысты.

  3. 1913 жылдан бастап жарық көрген *Қазақ* газеті либералдық демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді . * Қазақ* газеті арқылы Алаштың зиялы қауымы қазақ халқының саяси сауатын ашты .

  4. Қазақтың тұңғыш магистрі Ж.Ақбаевтың саяси күресі мен құқықтық идеялары қазақ халқының ұлттық –саяси бағытын айқындауда зор рөл атқарды

Қорыта келгенде, қазақ халқының қоғамдық- саяси ойдың дамуы қазақ ұлттық интеллигенциясымен тығыз байланыста болды . Ол болмаса қазақ халқының қоғамдық –саяси сауаты ашылмай , мәңгі түнекте қалар еді.
Қазақ балалары үшін білім алу өте маңызды рөл атқарды . Елдің дамуы үшін,саяси көзқарастың өзгеруі үшін , қазақ халқының жер бетінен ұлт болып жойылып кетпеуі үшін саяси интеллигенцияның тұрақты түрде қалыптасуы, білімділердің саны артуы маңызды рөл атқарды. Тарих сахнасына жаңа білімді, саяси интеллигенция толқыны келген сайын , саяси көзқарас өзгеріп отырды. А.Бөкейханов , Т.Рысқұлов бастаған саяси топ осының дәлелі еді. Ол кездегі басты мақсат ҚАЗАҚ ұлтын сақтап қалу , Егеменді тәуелсіз ел құру еді
5.1991 жылы қазанда жетекшілері О.Сүлейменов пен М.Шаханов болған Қазақстан Халық Конгресі партиясы құрылды. Сондай-ақ, бірқатар коммунистер бұрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызметін қайтадан қалпына келтіруге әрекет жасады. Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды. Бұл саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тек құқықтық жағдайда өзара түсінісу, келісу арқылы байланыс жасап отыруға тырысты. Қайта құру жағдайында Қазақстанның қоғамдық ұйымдарында да сапалық жаңа өзгерістер іске асты. 1991 жылы қазан айында Қазақстан комсомолының кезектен тыс ХҮІІІ съезі болып өтті. Съезд делегаттары республика комсомолын Қазақстанның жастар одағына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Оның алдында республика жастарының құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті қойылды. Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе, бастауыш ұйымдарының рөлін көтеруге ерекше мән берілді. Қазақстан Орталық кәсіподақ комитеті және облыстық кәсіподақ комитеттері салалы кәсіподақ Кеңестері болып қайтадан құрылды. Соңғы жылдардағы кәсіподақ ұйымдарының негізгі қол жеткен табысы – ол әр түрлі саяси және мемлекеттік ұйымдардан тәуелсіздік алды. , республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс істеді. Бұл жоғарыда аталған фактілердің барлығы ХХ ғ. 80-ші жылдардың 2-ші жартысында қоғамды қайта құру барысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде демократиялық қатынастардың кең өріс ала бастағанын көрсетеді. Қазақстанның бірлескен демократиялық, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылтай съездері боЛды.Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеуметтік әділдік, демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. Саяси партиялардың көпшілігі Республика президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жетуімен қазақ халқының рухани өмірінде жаңа мәдени процестер кеңінен өріс алды. Астана қаласында тұңғыш рет ұлттық музыка Академиясы құрылды. Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде колледж, ал жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов “ПЕН-клубын” ашты. Осының бәрі өнер саласындағы дарынды адамдардың өз идеяларын жүргізу үшін тиімді де пайдалы нысандар тауып жатқанын көрсетеді. Мәдениетті дамытуда жоғары кәсіби мәдениет кадрлары мен мамандардың атқаратын рөлі зор. Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет саласына қажетті кадрларды дайындау ісі республиканың 5 жоғары 39 орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырылып келеді. Еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылды – Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауының үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. 727 мәдениет мекемелері жаңадан ашылды. Олардың қатарында Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде және Түркістан қаласында ашылған театрлар бар. Мәдениетті қолдау жылының шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын откизди.. Қазақстан полиграфиялық баспаларынан тарихи-мәдени мұраларды, әлем әдебиетінің ең үздік үлгілерін жарыққа шығару жандана түсті. Соңғы жылдары “Қазақстан ұлттық энциклопедиясының” 10 томы, Н.Ә.Назарбаевтың “Ғасырлар тоғысында”, “Сындарлы онжылдық” т.б. еңбектері, 10 томдық “Тарихи және мәдени ескерткіштер” жинағы, Мұстафа Шоқай шығармаларының екі томдығы, Қытай мұрағаттары негізінде қазақ тарихына арналған бес кітап, бес томдық Қазақстан тарихының үш томы жарық көрді. Қазақ халқының 125 томдық ауыз әдебиетін, “Алаш мұрасы” атты көп томдық серияларын, Ә.Марғұлан еңбектерінің 14 томдығын, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин тағы да басқа қазақ әдебиеті классиктерінің көп томдық серияларын басып шығару қолға алынды. Алдағы кезеңде республика мәдениетін дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, оған қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. Осыған байланысты Президент Н.Ә.Назарбаев “Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары” Жолдауында мәдениетті дамытудың нақты жолдарын “Мәдени-тарихи мұраны сақтау” деген бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Онда мынадай нақты міндеттер қойылған: Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау. Екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету. Үшіншіден, ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық дестелер жасау. Төртіншіден, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау. Қорытып айтқанда, мұның барлығы елдің экономикасы оңала бастаған тұста әдебиет пен мәдениет, жалпы руханият мәселелеріне айрықша назар аударатын кез келгендігін, еліміздің болашағы мәдени дамумен байланысты екен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет