Байланысты: « аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан
67. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз Ежелгі Қазақстанда алғашқы мемлекеттер мен тайпалық қауымдастықтың біздің дәуірімізден едәуір ертеректе пайда болғаны баршамызға мәлім . Оларға біз Сақтар, Үйсіндер, Қаңлы мемлемлекетін , Ғұн державасын , Сармат тайпалар одағын жатқызар едік . Олардың да өз ішіндегі ерекшеліктерін де атап өте аламыз :
-Олардың әрқайсысы әр түрлі дәуірде өмір сүрді . Уақыт өткен сайын билік форматы өзгеріп немесе ауысып отырды . Мысалы Сақтарда мемлекетті тайпа көсемі басқарса , Ғұндарда мемлекет басында шаньюй , Қаңлыларда Хан , Үйсіндерде Гуньмо болды .
-Олардың саясаты және құбылысы орналасқан жері мен қарым –қатынас жасаған мемлекетіне байланысты болды. Мәдениеті мен салт-дәстүрі де сондай болды. Үйсіндер мен Ғұндар Қытайдың Цинь империясымен тығыз-қарым қатынаста болса; Сармат , Сақ империялары Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынаста болды .
Уақыт өте келе Қазақстан территориясында жоғарыда аталған империялардың бір –бірімен араласуы немесе бір-бірін жойып жіберуі салдарынан жаңа Түрік дәуірінің империялары пайда болды.
Бұл оқиғалар тізбегі Европада Рим империясының жойылуымен , Қытайда жаңа саяси әулеттердің билік басына келуімен , Кушан империясының құлауымен ,Орталық Азияда Эфталиттер мемлекетінің құрылуымен дәлме –дәл келді. Ең бастысы Араб патшалығында ислам дінінің пайда болуы жаңа тарихи сипатқа ие болды. Ислам дінінің пайда болуы бүкіл әлемнің өзгеруіне сипат берді .
Аталған жаңа Түрік мемлекетіне : Түрік , Түргеш, Қарлұқ ,Қимақ , Қарахан мемлекеттерін мысал етіп аламыз . Бұл державалардың алдыңғы мемлекеттерден айырмашылығы бірнеше тарихи факторлармен, мемлекеттің жеке ерекшеліктерімен айқындалды:
-Уақыт өте келе барлық тайпалар Ислам дінін ұстана бастады . Ислам дінінің келуімен жаңа мәдени процесс пайда болды . Салт-дәстүр мұсылманшылыққа негізделді.
-Ұлы Жібек жолы барынша (maximum) жанданып көптеген нәрсеге негіз болды . Сауда өркендеді ,жаңа қалалар пайда болды және мемлекеттердің дамуына үлес қосты( Отырар.Сауран,Сығанақ т.б)
-Қытайлардың келуімен МОҢҒОЛОИДТЫҚ белгілер басымдық бере бастады . Мемлекетті жаңа саяси билеушілер басқарды. Мемлекет басына қандай тайпа келсе ;мемлекет сол тайпаның атымен аталды.
Кейіннен , Моңғол ханы Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары Қазақ елін жаулап алып ,оның алпауыт территориясын бөліске салды. Тағы да жаңа заман талабына сай жаңа империялар пайда болды. Оларға Алтын Орда, Ақ Орда ,Шайбани ұлысы , Моғолстан , Әбілқайыр хандығы мен Әмір Темір мемлекеті жатады .
Бұл елдердің барлық патшалары мен билеуші сұлтандары Шыңғыс тұқымынан тарағандықтан барлық хандықтардың билеу форматтары бір –біріне жақын болды. Хандықтар бір-біріне ұқсас болды және құрамындағы тайпалар өзара туыстас болып келді .Уақыт өте келе осы елдер көптеген жылдар бойы өзара билік пен көптеген территориялық аймақтар үшін бірнеше мың рет бітіспейтін қырқыстар мен шайқастар өткізді . Мұның барлығы жаңа ұлт пен жаңа халықтың пайда болуын кешеуілдетті . Халық болып қалыптасу процесін Шыңғыс хан шапқышшылығы 250 жылға кешеуілдеткен еді.
Әмір Темір , Ақ Орда және Моғолстан мемлекеттерінің өзара қырқыстары нәтижесінде жаңа саяси мемлекет ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ пайда болды .Бұл мемлекет Ұлы дала халықтарының сан ғасырлар бойы армандыған жас, тәуелсіз мемлекеті еді . Билеушілері Жошы ханның тікелей ұрпағы болып келеді . Бұл мемлекеттің басқа ежелгі дәуір мемлекеттерінен басты айырмашылығы өзара ынтымақтастық пен ешқандай саяси қырқыссыз пайда болған мемлекет еді . Құрамындағы тайпалары бір тәуелсіз мемлекеттің құрамына бірігуді қалады . Әбілқайырдың Ойрат тайпаларынан жеңіліс табуы жаңа хандықтың пайда болуына барынша жағдай жасады . Ең басты ерекшелігі бұрынғы хандықтарда болмаған жаңа процесс болды . Ол жаңа ұлттың пайда болуы еді . Ежелгі мемлекеттердің ешбірінде де бір мемлекеттің құрамында жалғыз ұлт болмады. Ендігі жерде Қазақ хандығының территориясында жаңа ұлт –қазақ ұлты пайда болды . Үшінші ерекшелігі : Бұл мемлекет уақыт өте келе басқа хандықтар сияқты ыдыраудың орнына жаңа жерлерді бағындырып ,жерін кеңейтіп отырды .
Төртіншіден: Сыртқы саясатта тек жақын елдермен шектеліп қоймай, Алыс елдермен дипломатиялық қатынасқа қол жеткізді . Өз ішінде заңдар бекітіп оны жүзеге асырды.
Бесіншіден : Қазіргі Қазақстан сол кездегі Қазақ хандығының тікелей ұрпағы , Территориясының мұрагері болып келеді .