«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз



бет6/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
8. Ұлттық идеяны қалыптастырудың стратегиялық мақсаты:
Ұлттық идеяның рухани жағы қазақ халқының өзінің қазақ екенін мақтан тұтуы. Қазақстандағы кез келген этностың өкілі өзінің Қазақстанда тұратынын мақтан еткенде ған біз жалпы ұлттық идеяға қол жеткіземіз. Бұл ел экономикасын, халықтың әлеуметтік, рухани жағынан алдыңғы қатарға көтеру. Біз әр қазақстандықтың оның ішінде қазақтардың өзінің қазақ екендігін мақтаныш сезімімен айтқанда, жүрегімен қазақ болғанын мақтан тұтқанда ғана ұлттық идея қалыптасқанын көреміз. Бізге бірақ идея керек ол қазақ болу идеясы. Қазақстанда қазақ рухы барлық салалардан, өмірдің барлық ашық және жасырын қалтарыстарынан сезініп тұруы қажет. Әр қазақтың рухы қазақ болуы керек. Ол тілімен, ділімен, ең алдымен рухымен қазақ болуы тиіс. Ұлттың рухы биік болса, өресі биік болады. Ол үшін ұлттың рухын көтеру жолында жұмыс жасалуы тиіс. Материалдық жағынан қорғалған, білімді, р ухы биік адам ғана өз Отанының патриоты бола алады.
2 Ұлттық идеяның стратегиялық міндеттері: Еліміз тәуелсіздігін алған бүгінгі кезеңде бізге ең керегі – патриоттық сезім. Халқымыздың негізі елін, жерін, егемендігін шын жүректен сүйетін нағыз патриотқа айналмай елдің тез өсіп, жедел дамып кетуі екі талай.

Қазақ ұлтының қатардағы ұлт ретіндегі және сонымен бірге мемлекеттің негізін құрушы ұлт ретіндегі конституциялық құқығын қорғау, қалпына келтіру және гүлдендіру – бүгінгі Қазақстанның мемлекеттік идеологиясының басты нысанына ашық айналуы тиіс.


Қазақстан Республикасының ұлттық идеясын қалыптастырудың басым бағыттары мыналар болып табылады:
Ұлттық идеяның бірінші басымдығы – ел бірлігін сақтау. Ел бірлігі ұлттық идеяның ұйтқысы. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, интеллектуалды қоғамды қалыптастыру. Өркениетті мемлекет құру. Қазақтарды мемлекет құраушы ұлт ретінде жаңа белеске көтеріліп, Қазақстан халқының берік өзегіне, сенімді діңгегіне айналдыру. Мемлекеттік деңгейде қазақ этносын қолдайтын, оның барлық аспектілерін қарастыратын бағдарлама қабылдау керек. Бұған қаржылай бекітілген және заңдық күші бар, қазақ этносына тілді меңгеру, білім, денсаулық сақтау саласында қолдауды және жұмыспен, сәйкесінше баспанамен қамтамасыз етуді қарастыратын құжаттардың толық пакеті кіру керек.
Сонымен ұлттық идея – атамекенiнде өсiп-өнетiн халықтың тоқтамы мен үмiтi, елдiктi ту ететiн еркiндiк пен естiлiктiң есесi.
Міне, терен сипатты пікір алысу қазақ ұлттык идеясынын қазақстан- дық идея, барлық этностарды біртұтас халыққа біріктіретін, жаһандану үдерісінде өзінің мәдени және ұлттық бірегейлігін сақтап қана қоймай, сонымен бірге оның өмір сүруін қажетгі құрылымдаушы факторына айна- ла алатын қазақстандық идея мәртебесін ала алатын тәсіл болып табыла- ды. Тек ұлттық идея ғана әлемдік қоғамдастыққа ұлттық мақтаныш сезімімен, өзінің мәні мен салмағын таныған санамен кіруге қабілетті нақты күш бола алады.
Ұлттық идеология — күш пен қаталдыққа табынудан — пікір алысу мен келісімге табынуға дейінгі бағыт. Мұндай идеология Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін азаматтық және мәдени бірегейлігін нығайтуға жәрдемдесетін болады, елдің үдей түскен жаһандану жағдайында төтеп беріп қана қоймай, өзінің ұлттық келбетін сақтауға көмектеседі,
Сөйтіп ұлттық идеяның мәні мынадай тұжырымда тезистік түрде айтылуы мүмкін: «Бастау-көзді ұмытпай, біз бірге әрбір қазақ- стандықтың игілігі үшін гүлденген және демократиялық күшті Қазақстан орнатамыз». Ұсынылып отырған ұлттық идея тұжырымы барлық көп этностық қоғамды топтастыра және азаматтық бірегейлік векторын күшейте оты- рып, мемлекетті нығайтудың, жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру- дың аса манызды әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаларын шеше отырады
Қазақстандағы ұлттық идеяның аспектілері:
1 Саяси мемлекеттік. Бұл аспектіде қазақ ұлтын басқа этностардың құқын кемсітпей, қазақ ұлтын қорғайтын, мемлекеттік дәрежеде қолдайтын бағдарлама мен шаралар қабылдау. Қазақ ұлтының мемлекет құраушы рөлін мойындайтын Конституцияға бап енгізу.
2 Әлеуметтік экономикалық аспектісі ұлттық идеяның Елбасы көтеріп жүрген әлемнің бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіру идеясы. Сонымен қатар қазақтарға әлеуметтік қолдау көрсететін, қазақ ұлтының материалдық жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін бағдарламалар қабылдау.
3 Рухани мәдени аспектісі ұлттық рухты көтеру. Осы үшін жұмыс істеу. Ұлттық рухты патриотизм, тіл, діл арқылы ғана көтеруге болады.
4 Тіл мәселесі. Яғни қазақ тілінің жалпыұлттық рөлін көтеру.
5 Қазақтың ұлттық құндылықтарына басымдық берілуі тиіс деген бапты Ұлттық саясат тұжырымдамасы мен Конституцияға енгізу.
Қазақстандағы ұлттық идеяның пайда болуы эволюциясын ұлттықпен қатар кең мағынада жалпыөркениеттік деңгейде қарастыру қажет.
Ұлттық идея оның барлық өзгеруіне қарамастан, қоғамның ортақ мақсаты мен бағытын көрсететін халықтың көпшілігі қолдайтын құндылықтармен анықталатын идеалдармен сәйкессіздіктеріне қарамастан, осы фактіден шыға отырып, жүргізілген талдау негізінде біз қазіргі қазақстандық азаматтардың құндылықтар жүйесі қазіргі кезеңдегі Қазақстанның ұлттық идеясының қалыптасуының потенциалды алғышарттарының бірі бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет