Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары
1.Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының мақсаты мен міндеттері. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын кезеңдерге бөлу
Ең бірінші тарих деген ұғымға анықтама беріп кетсек.Тарих (көне грек.ioropia- сұрастыру)- адамзат баласының өткен тарихын зерттейтін білім саласы. «Қазақстанның қазіргі заманғы» пәні-азамат баласы мен қоғамның өткені, заңдылықтары мен ерекшеліктері,рухани даму,белгілі бір уақыт кезеңі.
Енді тарих пәнінің мақсаттарына тоқталатын болсақ;
-Қазақстанның қазіргі заманғы дамуының кезеңдері турал
тарихи анықтама беру;
-Білім алушылардың назарын мемлекеттіліктің және тарихи
мәдени дамуындағы негізгі мәселелерге назар аударту;
-Ғылыми дүниетатым мен азаматтық ұстанымды
қалыптастыратын оқиғалар туралы білімдерді арттыру;
-Қазақстан қоғамындағы полиэтникалық және
поликонфессионалды дамуындағы идеологиялық және
рухани көзқарасын қалыптастыру;
-Қазіргі заманғы Қазақстанның әлемдік контекстіндегі
ғылыми мәселелерді аша білу.
Ал енді міндеттеріне көз жүгіртіп шықсақ;
-Халықтың ұлттық тарихи жадын қалпына келтіру;
-Ұлттық идея мен бірлікті қалыптастыру;
-Азаматтық ұстанымға, отаншылдыққа тәрбиелеу;
-Өз елін-жерін,халқына деген сүйіспеншілікті дамыту.
Қазақстанның хронологиялық шеңбері сонау тас дәуірінен басталады.
1.Тарихқа дейінгі кезең: 2,5 млн – б.з.д. VIII ғасырға дейін.
2.Ежелгі кезең: б.з.д VIII ғасырдан-б.д. VI ғасырға дейін.
3.Орта ғасыр кезеңі: б.з.д VI ортасынан бастап – XVI ғасырдың аяғына дейін.
4.Жаңа дәуір кезеңі: XVII ғасырдың басынан ХХ ғасырдың басына дейін.
5.Қазақстан Кеңес дәуірі кезінде: 1917 жылдан 1991 жылға дейін.
6.Егеменді Қазақстан:1991 жылдан қазірге дейін.
Кезеңделуі:
1.ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан (1905-1917 жж.)
2.Қазақстандағы Кеңестік құрылыстың қалыптасуы (1918-1935жж.)
3.Сталиндік-тоталитарлық дәуірдегі Қазақстан (1936-1941 жж.)
4.Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан (1941-1945жж.)
5.ХХ ғ.ІІ жартысындағы реформалар кезеңіндегі Қазақстан (1946-1964 жж.)
6.Тоқырау жылдарындағы Қазақстан (1965-1985 жж.)
7.Қайта құру кезеңіндегі Қазақстан (1985-1990 жж.)
8.Тәуелсіз Қазақстан (1991 жылдан бері бүгінгі күнге дейін)
2.Қазақстанның қазіргі заманғытарихы пәнінің дерекнамасы мен тарихнамасы
Қазіргі кезеңдегі шет ел және отандық деректанудың теориясы мен әдісін, Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі тарихы бойынша тарихи деректерді іздестірудің шеберлігімен белгіленеді. Осыған байланысты тарихи құжаттардың қалай және қайда сақталуы туралы ақпарат түсінігі беріледі, аталған мамандықтың проблемалары бойынша маңызды публикациялар мен библиографиялық деректер бойынша анықтама беріледі.
Ғылымда тиімді əдістерді пайдалану мынадай факторларға байланысты болады: ғылымның даму деңгейі, зерттеушінің біліктілігі, оның əлеуметтік позициясы, дəстүрлер жəне т.б. тарихнамадағы тарихи салыстырулардың, теңеулердің, параллельдердің жəне т.б. маңызы зор. Осындай «қасиеттерді» салыстырмалы-тарихи əдіс өз бойына жинаған. Бұл əдіс басқалардың арасында алдыңғы орынды иеленеді, себебі тарихилықтағы əмбебап потенцияны біріктіреді, тарих ғылымының болашағын болжауға қолайлы жағдай тудырады.
Тарихнамада осы əдіс өзінің мақсат-міндеттерінен шыға отырып, белгілі бір тарихи жағдайда пайда болып, əр түрлі даму сатыларында түбегейлі өзгеріп отырған, əрекет еткен тарихнамалық фактлерді оқып-үйренуге мүмкіндік береді. Бұл əдіс тарихнамада сонымен қатар жекелеген тарихи сатыларда қалыптасып, тарихи білімнің жаңа міндеттері мен шарттарына қарамастан, қайталанатын құбылыстардың алғы шарттарын, себептерін айқындауда аса қажет.
3.. Тарихи жад ұрпақтардың мәдени сабақтастығының негізі ретінде және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Менің ойымша бір мемлекет басқасын бағындыру үшін, алғаш оның тарихын, тілін, дінін жоюға әркет жасайды. Сондағана ол халық мәңгүрт есетелінеді. Ал өзіміз білетіндей мәңгүрт адамға не айтсаң соны жасай береді. Жалпы бүгінгі заманауи өмірде біз өзіміздің өздігімізді сақтап қалуымыз біршама қиындап жатыр. Айтқым келгені шет елдіктерге қатты еліктеп жатырмыз. Соның нәтижесінде қазақилығымызды, салт-дәстүрлерімізді және әдет ғұрыптарымызды ұмытудамыз. Бұл әрине аянышты жағдай. Менің ойымша осындай жағдайларды орын алдырмау үшін үлкендер институты жақсы жұмыс атқаруы тиіс. Себебі біз бірбірімізге бейпарқ болсақ, онда көпке бармайтындығымыз әбден мүмкін. Егер ата-әжелеріміз, ата- аналарымыз бізге тарих жайлы мәдімет беріп отырса ондай жағдай орын алады дегенге мен күмәнмен қараймын. Яғни олар бізге 7 атамызды түсінтіріп, әдет ғұрыптың қаншалықты маңызды екендігін түсінтіре білсе біз өзіміздің қазақ екендігімізді сезінеміз. Соның үшін болшаққа ұмтылар алдында тарихты ұмытпаған жөн. Тарих халықты бірлестіреді. Сосын бізде бүгінггі күннен бастап тарихты дұрыс үйреніп білуіміз керек, кімнің перзенті екенімізді сезінуіміз керек. Ертеңгі күні келешек ұрпаққа өзіміздің әдебиетіміз, музыкамыз, салт-дәстүріміз және әдет-ғұрпымыз жайлы мәлімет бере алуымыз керек. Бұл әрбір адамның алдындағы борышы деп есептеймін.
4. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы: қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыру ісінің қарқын алуы және қазақ жерінде өнеркәсіптің қалыптасу ерекшеліктері.
Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді.
«Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті.
Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетті. 1897 жылғы санақ бойынша Дала өлкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті.
1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды.
Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді.
5.Қазақ халқының ХХ ғ. басындағы ұлттық қозғалысы. Қарқаралы петициясы.
Қарқаралы петициясы.Орал және Торғай облыстарынан дін және жерге байланысты арыз-тілектер
XX ғасырдың басында Қазақстан Ресей империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлық отарлық шет аймағы болды.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: тілінен, дінінен, ділінен айыру бағытында қатігездікпен ойластырылған шаралар жүйесін жүзеге асырды. Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің, елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді;
«… Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық… Оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек емес нәрселерге жұмсалады… Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға, біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселесіне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды» Қазақ ауылын басқаратын әкімшілік жүйе патша үкіметінің отарлау-әкімшілік аппаратымен біте қайнасып бай-шонжарлар өкілдерінің қолында болды.
Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуал, негізінен, аграрлық,ұлттық және белгілі дәрежеде таптық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді. Қазақстанда осы шиеліністен туындаған аграрлық және ұлттық-азаттық қозғалыс ең алдымен отаршылыққа қарсы бағытталады.
Жұмысшы табының қалыптасуы басталады, жаңа әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар пайда болып, қалаларда майда кәсіпкерлер шоғыры дүниеге келеді. Қазақтар арасынан шыққан зиялылардың іс әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрды. Олар қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыстың бастауында тұрды.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қалыптасқан қазақ интеллигенттерінің басым көпшілігі тек қана бір кәсіби мамандықтың тізгінін ұстаумен шектелмей, әмбебап мамандар ретінде қызмет етті: олар оқу-ағарту ісімен де, қазақ тілінде басылымдар (кітаптар, газеттер, журнал) шығару қам-қарекетімен де, жан-жақты шығармашылық жұмыспен де қатар айналысты. XX ғасыр басында тек ағартушылық іс-әрекетімен шектелмеді, өздерінің дүниетанымының қалыптасуы барысында Ресей империясында болып жатқан ірі қоғамдық саяси оқиғалардың, саяси партиялардың және ұйымдардың пайда болуының куәсі және қатысушылары да болды.
Осылардың барлығына ортақ қасиет, ортақ ерекшелік олардың қазақ қауымының саяси сұраныстарына мүмкіндігінше толық жауап беруге атсалысуы еді.
Достарыңызбен бөлісу: |