89. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» туралы 2004 жылғы заңы. «НұрОтан» Жастар қанатының қызметі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты
саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты, міндеттері және қағидаттары
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың толыққанды рухани, мәдени, білім алып, кәсіптік және тәни дамуы, сәтті әлеуметтенуі үшін жағдайлар жасау және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:
1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету;
2) саламатты өмір салтын қалыптастыру;
3) жастардың құқықтық мәдениетін жоғарылату;
4) жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау;
5) жастарға және жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;
6) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
7) жастардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін ашу;
8) мемлекеттік жастар саясатын ғылыми-зерттеу тұрғысынан қамтамасыз ету және оның нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
9) халықаралық байланыстарды және жастар кәсіпкерлігін дамыту болып табылады.
90. Н.Ә. Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуы туралы көзқарастарының қалыптасуы.