Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге дәйектілікпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді.
Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
[ adilet.zan.kz https://adilet.zan.kz>docs]
Еліміздің өркендеп көркеуіне мемлекетімізде өмір сүріп жатқан әрбір азамат жауапты деп ойлаймын . Өйткені біз сонау сан ғасырлық қиындықтардан бері бірге бір халық болып, бір шаңырақ астында жасап келеміз мұндай өркениетті ел болу үшін ата-бабаларымыз аянбай тер төкіті. Болашақта біз енді өзімізден кейінгі ұрпақ үшін ата-бабаларымыз бізге қандай кең байтақ елді бізге жеткізген болса бізде дәл солай ұрпаққа өз елімізді аманат етуімз қажет деп білемін. Және де бұл біздің қолымыздан келеді деп сенемін. Әрине ондай жастардың ішінде өзім де бармын және сол үшін әрекет етемін. Мен қазіргі таңда білім алудамын Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің 2-курс студентімін. Және де мен ең бірінші орынға білімді қояр едім. Сапалы білім бар жерде, саналы жастар да бар сол себепті алдымен білім алып сосын оқыған білімің, мамандығың бойынша жұмыс жасап еліңе сенде көркейуіне үлес қосып жатқаныңды елестетуден артық бақыт болмайтын шығар. Мен оқып жатқан мамандық Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі. Қазіргі кезде елімізде ең өзекті мәселелердің біріне айналған тіл мәселесі- Менің ойымша әрбір елдің азаматы өз мемлекеттік тілінде тілдесу қажет, ал қосымша сөздіктерді білу артықтық етпейді дегенмен қазіргі кезде шет ел тілдеріне қатты көңіл бөлініп кеткен сияқты, сол көңілді өз ана тіліміз мемлекеттік тілге бөлмек елімізде мекен ететтін халықтарда қазақ тілінде тіддесетін болар еді. Әрине мұның барлығы бірден болатын жағдайлар емес бірақта алдағы уақытта қолға алынса үш-төрт жыл көлемінде еліміздің тілдік жағдайында жақсартып алар едік. Енді өз мамандығыма тоқтала кетсем менің мамандығымда тіл жанашыры ретінде қарастыруға болады. Өйткені мен оқумды бітіргеннен соң міндетті түрде жоғарғы оқу орны немесе орта мектепке жүмыс жасаймын және балаларға қазақ тілін үйретемін және оны ары қарай дамытамын деген ойдамын. Әрине бірінші кезекте мен үшін оқуды жақсы аяқтап одан соң ғана сапалы жұмыс жасау деп білемін. Алдағы уақытта оқуымды аяқтап менде елімнің көркейуіне өз үлесімді қосамын деп сеніммен айта аламын.
Қазақстанда бірден-бір барынша қарқынды даму жолындағы экономика құрылды, ашық демократиялық қоғамдық институт қалыптастырылды, тұрғындардың әлеуметтік өмір стандарттары жақсарды. Ең бастысы – осы жылдар ішінде көпұлтты көпконфессиялы Қазақстан халқы ел ішіндегі ерекше тұрақтылық және барлық көрші мемлекеттермен бейбіт жағдайда өмір сүріп келеді. Қазақстанға халықаралық қоғамдастықтағы ең беделді де ықпалды мемлекет ретіндегі шынайы атақпен қатар, өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында елеулі жетістіктерге жеткен мемлекет деген үлкен баға да берілді. Осы орайда, ең алдымен, Қазақстанның осындай зор жетістіктерге жетуінің ерекше маңызды факторларының бірі 2030 жылға дейінгі Қазақстанның ұзақ мерзімді Даму стратегиясының қабылдануы және ойдағыдай жүзеге асырылуы болып отырғандығын ерекше атап көрсеткен жөн. Сонау бір өкпені қысқан өтпелі кезеңде, 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиясы өзінің бойына ең маңызды базалық тұжырымдар мен қағидаттарды сіңіре білді. Қазір елдегі инфляция белгіленген шектен аспайды. Ұлттық валюта бағамы тұрақты қалпында сақталуда. Елдің халықаралық алтын-валюта қоры 64 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Мемлекетте тартымды инвестициялық ахуал қалыптасты.
[ egemen.kz https://egemen.kz> article]
Ең бастысы әрқайсысымыздың тұтастай келбетіміз, ішкі сыртқы мазмұнымыз, әртүрлі армандарымыз болады, бірақ түбі бір бәрі бір өзіндік сипатқа ие. Осыған байланысты әрбіріміздің атқарар міндетіміз бар.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан -деп қара өлеңнің патшасы Абай атамыз айтып кеткендей, кез-келген адам «Өмір» атты дүниенің босағасын аттағаннан кейін өз орнын, кірпіш секілді өз кетігін табуға ұмтылады, яғни биіктиді өнеді, өседі. Алдына қойған қағидасын берік ұстанып, таңдаған мамандықтарының қызығын көруге ұмтылады. Сол секілді елімізде біз де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару арқылы бірлікте өмір сүрсек, білім алсақ бізде ұрпағымызға жарқын болашақ аманат етіп кете аламыз.
[ Абай Құнанбаев bilimainasy.kz https:// bilimainasy.kz>]
Еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатын азаматтар мен азаматшалар саны көбейеді деп ойлаймын. Соның арқасында еліміз көркейіп дамып, өркендеп, биік беоестерден көрінетін болады. Әрине ауыз бен айтқан оңай, іспен орындау қиын. Әр адам өз елінің өркендеуі үшін үлес қосуға міндетті. Мер осы міндетімді орындаймын және болашағымыздың жарқын болатынына сенімдімін