«Қазақстанның дәстүрлі мемлекеттік тарихы» пәні бойынша дәрістер



бет8/14
Дата12.06.2023
өлшемі78,51 Kb.
#100712
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.
1 Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди (Хақ жолындағылар тарихы). – Алматы, 2003.

  1. Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине 16 века. – Алма-Ата, 1985.

  2. Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII вв.: история, политика, дипломатия. – Алматы, 1998.

  3. Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII веков (Извлечения из персидских и тюркских сочинений). Сост.: С.К.Ибрагимов, Н.Н. Мингулов, В.П. Юдин. – Алма-Ата, 1969.



XVІ ғасырдың 20-шы жылдарынан - XVII ғасырдың ортасына дейінгі Қазақ хандығының саяси дамуы. 1-сағат.
Негізгі сұрақтар
1 Қазақ хандығының уақытша әлсіреу кезеңі.
2 XVІ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақ хандығы.
3 -XVII ғасырдың басы мен ортасына дейінгі Қазақ хандығы
XVI ғасырдың басында нығайған Қазақ хандығының жағдайы аталмыш ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлсірей бастады. Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң оның мұрагерлері арасында өкімет билігі үшін ішкі талас пен қырқыстар туды. «Тарихи Рашидидің» авторы Мұхаммед Хайдар Дулати айтқандай: «Қазақ сұлтандары арасында дау-шар басталды». Қасым ханның баласы Мамаш әкесінің орнына хан болып, бірақ көп ұзамай өзара қырқыстың бірінде қаза тапты.
Бұдан соң 1523-1533 жж. Қасымның немере інісі Тахир хан болды. Бірақ оның ел билеуге қабілеті төмен, әскери-саяси және елшілік істерге олақ адам еді. Ол феодалдық қырқыстарды тия алмады, көрші елдердің көпшілігімен: Шайбани әулетімен, Ноғай Ордасымен және Моғолстан хандарымен де жауласты. Бұл соғыстарда қазақтар жеңіліп, Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің біраз бөлігінен айырылып, оның ықпалы тек Жетісуда ғана сақталып қалды. Тахир хан Жетісуға қашып барып Моғолстан ханына қарсы қырғыздармен одақ жасасты. 1527 жылдан кейін ол көбінесе қырғыздарды биледі, ойрат-жоңғарлардың Жетісуға жасаған шабуылына қарсы күресті. Мемлекеттік билік құлдырап, мемлекеттің шекара аумағы қысқара түсті.
Тахир ханның өлімінен кейін оның інісі Бұйдаш (1533-1534 жж.) қазақ-қырғыз бірлестігінің басшысы болды. Жетісу өңіріне билік еткен ол қазақтардың бір бөлігін ғана билеген. Оның тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ. ХҮІ ғасырдың 30-жылдарында Бұйдаш ханмен қатар өзге де қазақ хандары, мысалы, Қазақстанның батыс өңірінде Ахмет хан, Жетісуда Тоғым хан болған. Міне, бұл жағдай Қазақ хандығының феодалдық бытыраңқылыққа ұшырағандығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет