Қазақстанның ежелден күні бүгінге дейінгі тарихын зерделеу негізінде алынған білім арқылы, студенттің тарихи санасын қалыптастыруға арналған



Дата18.06.2023
өлшемі15,41 Kb.
#102075
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
JAIJHEGYEYAL17062023141948


АННОТАЦИЯ

Қазақстанның ежелден күні бүгінге дейінгі тарихын зерделеу негізінде алынған білім арқылы, студенттің тарихи санасын қалыптастыруға арналған.


Бағдарлама Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тарих емес білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымына сәйкес пән бойынша оқу ұзақтығы 150 академиялық сағатты (5 академиялық кредит) құрайды.
Пәннің мақсаты:
Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру.
Пәннің міндеттері:
1) білім алушыларды фундаментальді деректанулық және тарихнамалық материалдармен, сондай-ақ қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының жетістіктермен таныстыру;
2) Қазақстан тарихының гуманитарлық білім беру жүйесіндегі орнын анықтау;
3) дамудың заманауи кезеңіндегі өзекті мәселелерді талдау үшін Қазақстан тарихының нысаны мен пәнінің ерекшелігін анықтау;
4) Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік формалары мен өркениеттердің эволюциясын, қазақ халқы этногенезінің негізгі кезеңдерін толық және объективті көрсетуге негізделген Қазақстан тарихының ғылыми-негізделген тұжырымдамасын жасау;
5) қазіргі тарихтың азаматтық ұстаным мен ғылыми дүниетаным қалыптастыратын негзгі оқиғалары туралы тарихи білімдерді жүйелеу;
Оқу нәтижелері:
1) Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету;
2) сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу;
3) Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру;
4) заманауи қазақстандық даму үлгісінің ішкі ерекшеліктерін объективті және жан-жақты зерделей білу;
5) Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстарды жүйелеу және сыни баға беру.
Курс 5 тақырыптық блоктан тұрады: Ежелгі адамдар және көшпелі өркениетттің қалыптасуы, Түркі өркениеті және Ұлы дала, Жаңа дәурдегі Қазақстан (ХVIII-XX ғ.басы), Қазақстан кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрамында, Қазақстан әлемдік қауымдастықта (1991-2022 жж.).
Пререквизиттері: орта білім беру, техникалық және кәсіби білім беру бағдарламалары шеңберіндегі Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы.
Постреквизиттер: мәдениеттану, психология, педагогика, философия, саясаттану және әлеуметтану.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет