Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер ортағасырларлық қытай, араб, парсы тарихшылары, географтары мен саяхатшыларының еңбектерінде кездеседі. Олар ӛз еңбектерінде ӛздері тікелей кӛзімен кӛрген немесе ӛздеріне айтылған әңгіме бойынша мәлім болған қалалар мен қоныстардың жҧрттарын, ғажайып туындыларды, бейнелерді айтып ӛтеді. Жаңа заманда Қазақстанның ӛткендегісін ғылыми зерттеуде І Петрдің кӛне мҧраларға ҧқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге іргелес жатқан Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралар маңызды рӛл атқарды. Осы әрекеттер нәтижесінде 1701 жылы Тобыл боярының ҧлы С.Ремезов жазған «Чертежная книга Сибири» («Сібірдің сызба кітабы») жарық кӛрді. Онда географиялық деректермен қатар, қазақ сахарасының археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер де жинақталған. Сібірге бірінші академиялық экспедиция кӛрнекті ғалым Г.Ф.Миллердің басқаруымен 1733 жылы ҧйымдастырылды. Бҧл экспедиция материалдарында Сібір мен Қазақстан археологиясына қатысты қызықты мәліметтер келтіріледі. Экспедиция қҧрамында ӛз заманының белгілі ғалымдары – профессор Г.Ф.Миллер, И.Гмелин, Л.Делаклоер, геодезистер А.Красильников, А.Иванов, Н.Чекин, М.Ушаков болған еді. Кейінірек оларға Сібірдің атақты тарихшысы И.Фишер қосылды. Экспедиция маршруты Тверь, Қазан, Екатеринбург қалалары арқылы жҥрді. Тобылдан саяхатшылар Тара, Железинск, Ямышев, Семей бекіністері арқылы Ӛскеменге, одан Барнаул, Кузнецк арқылы Сібірге барды. 1740 жылы И.Гмелин Солтҥстік Қазақстан болып, одан ары Жайықтың (Оралдың) жоғарғы ағысына дейін жетті. И.Гмелин еңбектеріне қарағанда, ол Қазақстан археологиясына қатысты қомақты материалдар жинақтаған, бірқатар ескерткіштердің сипаттамасын жасап, суреттерін салған. Г.Ф.Миллер Ертіс бойында кең кӛлемді археологиялық барлау жҥргізді, Ямышев бекінісінің аудандарында мен Ӛскемен маңындағы Ҥлбіде қазба жҧмыстарын ҧйымдастырды, оның қызметкерлері Ертіс алабындағы Қалбасын мҧнарасы, Семь палат (Семей), Абылайкит замоктары секілді кӛне қҧрылыстарды есептеп шығып, суретін қағазға тҥсірді. 1768-1774 жылдары Еділ бойы, Орал, Сібір мен Қазақстан халықтарының тарихын, географиясы мен этнографиясын зерттеу мақсатымен ҧйымдастырылған екінші академиялық экспедиция Қазақстанда археологиялық зерттеу ісін жалғастырды. Экспедиция жҧмыстарына ӛз заманының аса кӛрнекті ғалымдары П.С.Паллас, И.П.Фальк, И.Г.Георги, П.И.Рычков, Х.Барданес қатысты. 16 П.С.Паллас ӛз кезегінде И.Гмелин мен Г.Миллер жазған ескерткіштер туралы толымды сипаттама беріп, тарихи-мәдени талдау жасады. И.П.Фальк Солтҥстік және Орталық Қазақстанда саяхаттады. Оның мҧрағатында Қазақстанның тарихи топографиясы, археологиясы мен ескерткіштер тарихы туралы қомақты материалдар сақталуда. И.П.Фальк экспедициясының белсенді мҥшелерінің бірі Х.Барданес болды. Бҧл Петропавлдан Аягӛзге дейінгі Орталық Қазақстанды басып ӛткен алғашқы ғалым еді. Ол қазақ сахарасында қирағанына ҧзақ уақыт бола қоймаған қалалардың кӛп екендігін айтады. «Аягӛз ӛзені маңында қырғыздар (қазақтар) Ксу-Кӛрпеш (Қозы-Кӛрпеш) деп атайтын тастан тҧрғызылған ҥлкен ғимарат қалдықтары кӛрініп тҧр» - деп жазады. Қазақстан географиясын, тарихи топографиясын мен археологиясын зерттеуге П.И.Рычков та мол ҥлес қосты. Оның бірқатар еңбектерінде, әсіресе «Топография Оренбургская» атты шығармасында археология сауалдары қамтылды. Ол алғашқылардың бірі болып «Татагай, Жубан-Ана, Белян-Ана» атауларымен белгілі «кӛне қалалар мен қҧрылыстардың» сипаттамасын жасады, және де баянауылдық ҥңгірлерге ғылыми бағасын берді. П.И.рычковты ежелгі кен ӛндіретін, соның ішінде мыс, қорғасын және қалайы кентастарын қорытатын орындар қызықтырған еді.