Қазақстанның физикалық географиясы пәні бойынша
ГЛОССАРИЙ
Аккумуляциялық процесс – су, жел, т.б.әсерінен әр түрлі бос жатқан
минерал шөгінділері мен органикалық тұнбалардың бір жерге жиналуы, үйілу.
Аллювий – үйінді жиынтастардың өзен суымен шайылып, өзен
арналарына жиналатын шөгінді.
Альпілік тектогенез – жер қыртысының неоген дәуірінен осы кезге
дейінгі тауларды жаратушы қозғалысы.
Антициклон – атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақ .
Антропогенді әрекет – адамның ландшафтыны өзгерту әрекеті.
Антропоген дәуірі – жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан
кезеңі, бұдан 1 млн жыл бұрын басталған деп шамаланады.
Антропогенді ландшафт – адам әрекетінің түлеп қайта түзілген
ландшафт
Антропогендік фактор – ландшафтылардың пайда болуындағы адам
әрекеті.
Ареал – жер бетінің жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түрлері
тіршілік ететін бөлігі.
Аридті ландшафт (қуаңшылық ландшафт) – құрғақ жылы немесе ыстық
континенттік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт.
Ауа айналымы – жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызуы және ондағы
қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі.
Аэротермикалық градиент – ауа темпиратурасының белгілі бір өлшем
айырмасы байқалатын биіктік.
Батолит – жер қыртысын беткі қабатына қатқан интрузивті жыныс.
Бедленд (шөл адыр) – эрозияның әрекеті нәтижесінде құрғақ климат
жағдайында пайда болған аласа таулы жер бетінің күрделі түрі.
Биогенді кешен – аумақтық табиғат кешендерінің топырақ жамылғысы,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.
Биоклиматтық белгі – белгілі бір климатпен үйлескен биоценоздардың
жай – күйі.
Бионика – тірі ағзалар құрылысынаң заңдылықтары туралы ғылым.
Биотикалық фактор – ландшафтвлардың пайда болуына тілі ағза
тіршілігі әрекетінің тигізетін әсері.
Биохимиялық процесс – тірі ағзаның қоректік заттарды сіңіруінен бастап,
олардың толық ыдырауына дейінгі реакциялар .
Биоценоз – тіршілік жағдайларда азды – көпті біркелкі болып келетін
аймақты мекендейтін микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлар бірлестігі.
Борықты сор – тұзы шығып жатқан жер.
Галофиттер – тұзды топыраққа өсетін өсімдіктер.
Гамада – таты шөлдердің араб тілінде аталуы.
Геодезия – жердің пішіні мен көлемін зерттейтің, оның бетін план мен
картада бейнелеу үшін жергілікті жерде өлшеу жұмыстарын жүргізумен
айналысатын ғылым.
Геоморфологиялық кешен – жердің ішкі және сыртқы күштері
әрекетінен түзілетін жер бедері пішінінің кешен бірлігі.
Геосинклиналь – жер қыртысының ұзынан созылып жатқан тектоникалық
қозғалмалы ойпаң үлескісі. Мұнда сейсмикалық процестер күшті байқалады.
Геофизика – жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін, оның
қабаттарында өтіп жататын процестерді зерттейтін ғылымдар кешені.
Гербицид – арамшөптерді жою үшін қолданылатын химиялық қосылыс.
Гидротермиялық градиент – ылғал және жылу балансының белгілі бір
өлшем айырмасы байқалатын биіктік сатысы.
Гидротермиялық коэффициент – ылғал балансын жылу балансына
бөлгендегі шама. Аумақтық табиғат кешендерінің құрамдық бөліктерінің жетіліп
кемелденуіне қаншалықты өлшемде ылғалдың немесе жылудың жетіспейтінің ,
артық екенін көрсететін өлшем.
Гидрофизика – өзен, көл, жер асты суының, теңіз, мұхит суының
физикалық құбылыстарын, процестерін зерттейтін ғылым.
Гляциальды-нивальды зона – көпжылдық омбы қар мен мұздық
ландшафтылары тарағант жер.
Гравитацияық қозғалыс – заттардың салмақ күші әсерінен орын
алмастыруы.
Гравитацияық
процесс
–
заттардың
түрліше
гравитацияық
қозғалыстарына байланысты дамитын құбылыстар мен процестер. Мысалы, сел
тасқыны, қар көшкіні, қорым тастардың беткейден сусып түсуі, т.б.
Гравитацияық энергия – заттардың гравитациялық қозғалысының күші.
Мысалы, су, жел күшінен электр қуатын, жылу алу.
Гумидті процесс – тірі ағзалардың өлгеннен кейінгі шіруіне байланысты
болатын құбылыстар, процестер.
Гумидті ландшафт – климаты жылы және ылғалды жердегі ландшафт.
Дефляция (лат.deflatio - үрлеу) – топырақ пен тау жыныстарының жел
әсерінен үгілуі.
Дендрология (грек.dendron ағаш және логия) – ботаниканың ағаш, бұта,
шала бұтаны зерттейтін бір саласы.
Дендро бағы - жеке бір жерде не ботаника бағының бір бөлігінде ағаш
өсімдіктердің әр алуан түрлерін өсіретін арнайы бақ.
Денудациялық процесс – тау жыныстарының үгілу және пайда болған
үйінділердің биік жерден су, жел, мұздың әрекетінен сырғып, ойысқа шөгуі.
Депрессия – жер бетінің немесе жер қыртысының ойыс жері.
Дигрессиялық ландшафт өзгерісі – ландшафтының құнарсыздануы.
Дренаж – жер асты суының деңгейін төмен түсіру үшін қазылатын канал.
Жер беті жыныстарының аярациясы - жер беті жыныстары мен
ауаның төменгі қабатындағы зат алмасуы.
Зоомасса – аумақтық табиғат кешендеріндегі жануарлар дүниесінен
түзілген масса.
Инсоляция – күн радиациясының жер бетіне сәуле болып түсуі.
Инсоляциялық беткей – күнгей беткей.
Интрузия (лат. Intrudo – итермелеп енгізу ) - 1)жер қыртысының жоғарғы
зоналарында, тереңдікте пайда болған кеңістіктерге, жер бетіне шығып
үлгермеген магманың енуі; 2) осы магманың қатаюынан пайда болған
магмалық дене.
Интрузивтік тау жыныстары – жердің терең қыртысында баяу суынудан
пайда болған силикат құрамды магмалық жыныстар.
Карбонатты шөгінді – құрамында көмір қышқылының қоспалары
болатын жыныстар.
Каппилярлық су - топырақ пен топырақ асты жыныстарының қыл
түтікшесінен жер қызған кезде топырақ астынан жер бетіне қарай көтерілген су.
Киммериялық тектогенез – мезозой эрасындағы қатпарлық. Маңқыстау
таулары түзілген.
Консервативті ландшафт – барлық кешендері динамикалық тепе- теңдік
тапқан ландшафтылар.
Күн радиациясының интенсивтілігі – күн сәулесіне перпендикуляр
қойылған , абсолют қара денеден жасалған, 1 см(квадрат)бетке 1 минут ішінде
күннен келетін жылу мөлшері.
Күннің тік радиацциясы - күннен жер бетіне тік түсетін сәуле.
Кайназой эрасы - жердің геологиялық тарихындағы ең жас эра, бұдан
60- 70 млн жыл бұрын басталған. Үш дәуірге бөлінеді: палеоген, неоген, төрттік
немесе антропоген.
Қалқанды жазық – тасты қатты жыныстан түзілген жазық. Ежелгі таулы
аймақтардың үгіліп тегістелген аймақтарында кеңінен таралған.
Қатқыл – беткі қабаты қабыршықтанып қатып жататын сор.
Моласса – тасты жынысты жердегі тектоникалық жарықтардың ізіне
жиналған үгінділі үйіндер.
Мортмасса – өсімдіктер мен жануалардың қурап қалған қалдықтары.
Морфомүсін – сыртқы күштер (су, жел, мұздық, т.б.) әрекетінен түзілетін
жер бедері пішінінің кешені (өзен аңғары, құмды шағыл, т.б.)
Морфоқұрылым – ішкіжәне сыртқы, әсіресе ішкі күштердің басым
әрекет етуінен түзілген жер бедері пішіндерінің кешені. Мысалы, тау жотасы,
тау іші жазығы, т.б.
Неоген дәуірі – жердің геологиялық тарихындағы кайназой эрасының
жаңа дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдында өткен.
Неотектоникалық қозғалыс – неоген, антропоген дәуірлеріндегіжер
қыртысы қозғалысы.
Нивальды белдеу – таудағы мәңгі тау басқан белдеу.
Оазис (жазира) – шөл мен шөлейттегі тұщы суы бар көгалды алқап.
Органогенді шөгінді – органикалық жолмен тараған тау жынысы.
Орқаш тау – жер қыртысының жарықтары арасынан көтерілген бөлігі.
Палеоген дәуірі – жердің геологиялық тарихындағы кайназой эрасының
ескі дәуірі, неоген дәуірінің алдында өткен.
Палеозой эрасы – жердің геологиялық тарихындағы ескі өмір кезеңі.
Қазіргі кезеңнен 570 млн жыл бұрын басталып, 340-350 млн жылға созылған.
Өсімдіктер дүниесі балдырлардан ірі- ірі орман ағаштарына дейін дамыған.
Жануарлар дүниесі омыртқасыздардан ірі бауырымен жорғалаушыларға дейін
дамыған.
Пермь дәуірі – палеозой эрасының ең соңғы дәуірі, 55 млн жылға
созылған. Орал – Тянь-Шань геосинклиналында герцин қатпарлануы аяқталған.
Платформа жазығы – іргетасы қатпарланған қатты жыныстардан түзіліп,
жер бедері жазық болып келген тектоникалық тұрақты аймақ.
Плиталы жазық – шөгінді жамылғысы қалың жазық.
Радиациялық жылу – күн сәулесінің жылуы.
Регрессия – теңіз, көл деңгейінің қайтуы,ландшафтының құнарсыздану
бағытындағы өзгеріс.
Рекреациялық жүйе – көрікті, саялы жерлер.
Реликтілі ұсақ шоқы – қатты жынысты жерде сақталған ұсақ шоқылы
ежелгі таулы аймақтың үгіліп тегістелуінен кейін түзілген жазық(мысалы,
Сарыарқа).
Сапрофаг – шіріп ыдыраған органикалық заттармен қоректенетін тірі
ағзалар.
Синеклиза – жыныс қабаттары ойысты болып келетін аймақ(мысалы,
Каспий маңы ойпаты).
Су буының сублимациялануы – ауадағы су буының төмен
температуралық ортада мұз кристалдарына айналуы.
Тақыр – шөл, шөлейт жердегі топырақ , өсімдік жамылғысы нашар
дамыған, жер беті жарылып кеткен алаң.
Тартпа сор – шөл, шөлейт және дала зоналарының ащы (тұздылығы 1%-
дан жоғары) жынысты алаң. Көбіне тартылып қалған көл табанында таралған,
топырақ жамылғысы нашар дамыған. Өсімдік жамылғысы сораң шөптерден
тұрады.
Тау беткейінің инсоляциялық әрекеті – тау беткейінің күн сәулесін
тосып қалу әрекеті.
Тау беткейінің айналымдық әрекеті - тау беткейінің ауа ағысын тосын
қалу әрекеті.
Тектоника (грек.tektonikos - құрылыс) – геотектоника жердің қыртысы
мен жоғарғы мантиясының (тектоносфера) құлымдарын ғаламшардың (Жердің)
уақыт пен кеңістікке жартылай бағыттала дамуымен байланыстыра зерттейтін
ғылым.
Тектоникалық жарық – жердің ішкі күшіне байланысты жер
қыртысының жарылуынан пайда болған жарық.
Тектоникалық қозғалыс – жердің ішкі күшіне байланысты болатын жер
қыртысының қозғалысы.
Теңіз трансгрессиясы – теңіз суы деңгейінің көтеріліп, құрлықты басуы.
Триас дәуірі - мезазой эрасының юрадан кейінгі бордан бұрынғы өткен
дәуірі.35 млн жылға созылған. Табиғат жағдайы континентті болып келеді.
Циркті ойыс – аса биік тау беткейіндегі мұздықта жатқан жердегі ойыс.
Олар беткейдегі мұздықтардың біресе еріп, біресе қатуының нәтижесінде
шұңқырланып түзіледі.
Шашыранды радиация – күн сәулесінің ауа қабатынан өткенде ауаны
құрайтын зат түйіршіктеріне шағылысып шашырауынан түзілген радиация
жиынтығы.
Шық нүктесі – ауадағы су буының су тамшысына айналатын температура
шегі.
Ылғалдану коэффиценті – нақтылы жердің жылдық жауын – шашын
мөлшерінің буланғыштық мөлшеріне қатынасы.
Хемосинтез – кейбір ұсақ ағзалардың қоректену тәсілі (олар
бейорганикалық заттардан органикалық зат түзе алады).
Экзогендік процесс – сыртқы қүштер (жер, су, мұздақ, т.б.) әрекетіне
байланысты болатын геоморфологиялық процесс.
Экология – тірі ағзалардың айналадағы ортамен қарым – қатынасы туралы
ілім. Экология ортаның өсімдіктер мен жануарлар ағзаларына, сондай – ақ
олардың ортаға тигізетін әсерін зерттейді.
Экологиялық жағдай – айналадағы ландшафт ортасының жарылыс
жағдайына ықпал ететін фактор (ландшафт ортасының жаратылыс жағдайы).
Экологиялық фактор – айналадағы ортаның тірі ағзалардың тіршілік ету
жағдайын анықтайтын сыртқы күш (күнқызуы мен жел, су, өсімдіктер,
жануарлар, адам әрекеті).
Эол(грек. aiolis – жер әміршісі), Аккумуляция(лат.accumulatio - жиналу).
Жел ұзақ уақыт айдап көшірген құмның минералдық құрамы тұрақты (Каспий
теңізінен Қызылқұмға дейінгіаймақтағы эолдық құмдар) болады.
Эффузия (лат. Effusion – төгілу) – жер бетіне шыққан сұйық
лаваныңжайвла суынып, тасқын жамылғы түрінде қатаюы (магма, вулкандық тау
жыныстары).
Эффузиялық тау жыныстары – лаваның жер бетінде немесе жер
қыртысының жоғарғы қат – қабаттары арасында суынуынан түзілген атпа
магмалық тау жыныстары.
Достарыңызбен бөлісу: |