Қазақстанның физикалық географиясы пәні бойынша глоссарий аккумуляциялық процесс



Pdf көрінісі
Дата27.02.2017
өлшемі209,36 Kb.
#5015

Қазақстанның физикалық географиясы пәні бойынша  

ГЛОССАРИЙ 

 

Аккумуляциялық  процесс  –  су,  жел,  т.б.әсерінен  әр  түрлі  бос  жатқан 

минерал шөгінділері мен органикалық тұнбалардың бір жерге жиналуы, үйілу. 

 

Аллювий  –  үйінді  жиынтастардың  өзен  суымен  шайылып,  өзен 

арналарына жиналатын шөгінді. 

 

Альпілік  тектогенез  –  жер  қыртысының  неоген  дәуірінен  осы  кезге 

дейінгі тауларды  жаратушы қозғалысы. 

 

Антициклон – атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақ . 

 

Антропогенді әрекет – адамның  ландшафтыны өзгерту  әрекеті. 

 

Антропоген  дәуірі  –  жердің  геологиялық  тарихының  қазіргі  өтіп  жатқан 

кезеңі, бұдан 1 млн жыл бұрын басталған деп шамаланады. 

 

Антропогенді  ландшафт  –  адам  әрекетінің  түлеп  қайта  түзілген  

ландшафт 

 

Антропогендік    фактор  –  ландшафтылардың  пайда  болуындағы  адам 

әрекеті. 

 

Ареал  –  жер  бетінің  жануарлар  мен  өсімдіктердің  белгілі  бір  түрлері 

тіршілік ететін бөлігі. 

 

Аридті ландшафт (қуаңшылық ландшафт) – құрғақ жылы немесе ыстық 

континенттік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт. 

 

Ауа  айналымы  –  жер  бетіндегі  ауаның  әр  түрлі  қызуы  және  ондағы 

қысым айырмашылығы салдарынан  пайда болатын  ауа ағыстарының  жүйесі. 

 

Аэротермикалық  градиент  –  ауа  темпиратурасының  белгілі  бір  өлшем 

айырмасы байқалатын биіктік. 

 

Батолит – жер қыртысын беткі қабатына қатқан интрузивті жыныс. 

 

Бедленд  (шөл  адыр)  –  эрозияның  әрекеті  нәтижесінде  құрғақ  климат 

жағдайында пайда болған аласа таулы жер бетінің күрделі түрі. 

 

Биогенді  кешен  –  аумақтық  табиғат  кешендерінің  топырақ  жамылғысы, 

өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. 

 

Биоклиматтық  белгі  –  белгілі  бір  климатпен  үйлескен  биоценоздардың 

жай – күйі. 

 

Бионика – тірі ағзалар құрылысынаң заңдылықтары туралы ғылым. 

 

Биотикалық  фактор  –  ландшафтвлардың  пайда  болуына  тілі  ағза 

тіршілігі әрекетінің тигізетін әсері. 



 

Биохимиялық процесс – тірі ағзаның қоректік заттарды сіңіруінен бастап, 

олардың толық ыдырауына дейінгі реакциялар . 

 

Биоценоз  –  тіршілік  жағдайларда  азды  –  көпті  біркелкі  болып  келетін 

аймақты мекендейтін микроағзалар,  өсімдіктер мен жануарлар бірлестігі. 

  

Борықты сор – тұзы шығып жатқан жер. 

 

Галофиттер – тұзды топыраққа өсетін өсімдіктер. 

 

Гамада – таты шөлдердің араб тілінде аталуы. 

 

Геодезия  –  жердің  пішіні  мен  көлемін  зерттейтің,  оның  бетін  план  мен 

картада  бейнелеу  үшін  жергілікті  жерде  өлшеу  жұмыстарын  жүргізумен 

айналысатын ғылым. 

 

Геоморфологиялық  кешен  –  жердің  ішкі  және  сыртқы  күштері 

әрекетінен түзілетін жер бедері пішінінің кешен бірлігі. 

          Геосинклиналь – жер қыртысының ұзынан созылып жатқан тектоникалық 

қозғалмалы ойпаң үлескісі. Мұнда сейсмикалық процестер күшті байқалады. 

          Геофизика  –  жердің  ішкі  құрылысын,  физикалық  қасиеттерін,  оның 

қабаттарында өтіп жататын процестерді зерттейтін ғылымдар кешені. 



           Гербицид – арамшөптерді жою үшін қолданылатын  химиялық қосылыс. 

          Гидротермиялық  градиент  –  ылғал  және  жылу  балансының  белгілі  бір 

өлшем айырмасы байқалатын биіктік сатысы. 

           Гидротермиялық  коэффициент  –  ылғал  балансын  жылу  балансына 

бөлгендегі шама. Аумақтық табиғат кешендерінің құрамдық бөліктерінің жетіліп 

кемелденуіне  қаншалықты  өлшемде  ылғалдың  немесе  жылудың  жетіспейтінің  , 

артық екенін көрсететін өлшем. 

          Гидрофизика  –  өзен,  көл,  жер  асты  суының,  теңіз,  мұхит  суының 

физикалық құбылыстарын, процестерін зерттейтін ғылым. 

           Гляциальды-нивальды  зона  –  көпжылдық  омбы  қар  мен  мұздық 

ландшафтылары  тарағант жер. 

          Гравитацияық  қозғалыс  –  заттардың  салмақ  күші  әсерінен  орын 

алмастыруы. 

          Гравитацияық 

процесс 

– 

заттардың 



түрліше 

гравитацияық 

қозғалыстарына байланысты дамитын құбылыстар мен процестер. Мысалы, сел 

тасқыны, қар көшкіні, қорым тастардың беткейден сусып түсуі, т.б. 

          Гравитацияық  энергия  –  заттардың  гравитациялық  қозғалысының  күші. 

Мысалы, су, жел күшінен электр қуатын, жылу алу. 



          Гумидті  процесс – тірі ағзалардың өлгеннен кейінгі шіруіне  байланысты  

болатын құбылыстар, процестер. 

          Гумидті ландшафт – климаты жылы және ылғалды жердегі ландшафт. 

          Дефляция  (лат.deflatio  -  үрлеу)  –  топырақ  пен    тау  жыныстарының  жел 

әсерінен үгілуі. 

          Дендрология  (грек.dendron    ағаш  және  логия)  –  ботаниканың  ағаш,  бұта, 

шала бұтаны зерттейтін  бір саласы. 

          Дендро  бағы  -    жеке  бір  жерде  не  ботаника  бағының  бір  бөлігінде  ағаш 

өсімдіктердің әр алуан түрлерін өсіретін арнайы бақ. 

          Денудациялық  процесс  –  тау  жыныстарының  үгілу  және  пайда  болған 

үйінділердің биік жерден су, жел, мұздың әрекетінен сырғып, ойысқа шөгуі. 

          Депрессия – жер бетінің немесе жер қыртысының  ойыс жері. 

         Дигрессиялық ландшафт өзгерісі – ландшафтының құнарсыздануы. 

         Дренаж – жер асты суының деңгейін төмен түсіру үшін  қазылатын канал. 

         Жер  беті  жыныстарының  аярациясы  -    жер  беті  жыныстары  мен  

ауаның төменгі қабатындағы зат алмасуы. 

        Зоомасса  –  аумақтық  табиғат  кешендеріндегі  жануарлар  дүниесінен 

түзілген масса. 

          Инсоляция – күн радиациясының жер бетіне сәуле болып түсуі. 

          Инсоляциялық беткей – күнгей беткей. 

          Интрузия (лат. Intrudo – итермелеп енгізу ) - 1)жер қыртысының жоғарғы 

зоналарында,  тереңдікте  пайда  болған  кеңістіктерге,  жер  бетіне  шығып 

үлгермеген  магманың  енуі;  2)  осы  магманың  қатаюынан    пайда    болған 

магмалық дене. 

          Интрузивтік тау жыныстары – жердің терең қыртысында баяу суынудан 

пайда болған силикат құрамды магмалық жыныстар. 

          Карбонатты  шөгінді  –  құрамында  көмір  қышқылының  қоспалары 

болатын жыныстар. 

         Каппилярлық  су  -  топырақ  пен  топырақ  асты  жыныстарының  қыл  

түтікшесінен жер қызған кезде топырақ астынан жер бетіне қарай көтерілген  су. 

         Киммериялық  тектогенез  –  мезозой  эрасындағы  қатпарлық.  Маңқыстау 

таулары түзілген. 

        Консервативті  ландшафт – барлық кешендері динамикалық тепе- теңдік 

тапқан ландшафтылар. 



        Күн  радиациясының  интенсивтілігі  –  күн  сәулесіне  перпендикуляр 

қойылған  ,  абсолют  қара  денеден  жасалған,  1  см(квадрат)бетке  1  минут  ішінде  

күннен келетін жылу мөлшері. 

        Күннің тік радиацциясы -  күннен жер бетіне тік түсетін сәуле. 

        Кайназой  эрасы  -    жердің  геологиялық    тарихындағы  ең  жас  эра,  бұдан 

60- 70 млн жыл бұрын басталған.  Үш дәуірге бөлінеді: палеоген, неоген, төрттік 

немесе антропоген. 

        Қалқанды  жазық – тасты қатты жыныстан түзілген жазық. Ежелгі таулы 

аймақтардың үгіліп тегістелген аймақтарында кеңінен таралған. 

        Қатқыл – беткі қабаты қабыршықтанып қатып жататын сор. 

        Моласса  –  тасты  жынысты  жердегі  тектоникалық  жарықтардың  ізіне 

жиналған үгінділі үйіндер. 

      

Мортмасса – өсімдіктер мен жануалардың  қурап қалған қалдықтары. 

      


Морфомүсін – сыртқы күштер (су, жел, мұздық, т.б.) әрекетінен түзілетін 

жер бедері пішінінің кешені (өзен аңғары, құмды шағыл, т.б.) 

     

 Морфоқұрылым  –  ішкіжәне  сыртқы,  әсіресе  ішкі  күштердің  басым 

әрекет  етуінен  түзілген  жер  бедері  пішіндерінің    кешені.  Мысалы,  тау  жотасы, 

тау іші жазығы, т.б. 

      


Неоген  дәуірі  –  жердің  геологиялық  тарихындағы  кайназой  эрасының 

жаңа дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдында өткен. 

     

Неотектоникалық  қозғалыс  –  неоген,  антропоген  дәуірлеріндегіжер 

қыртысы қозғалысы. 

   

Нивальды белдеу – таудағы мәңгі тау басқан белдеу. 

     


 Оазис (жазира) – шөл мен шөлейттегі тұщы суы бар көгалды алқап. 

    


  Органогенді шөгінді – органикалық жолмен тараған тау жынысы. 

     


 Орқаш тау – жер қыртысының жарықтары арасынан көтерілген бөлігі. 

      


Палеоген  дәуірі  –  жердің  геологиялық  тарихындағы  кайназой  эрасының 

ескі дәуірі, неоген дәуірінің алдында өткен. 

      

Палеозой  эрасы  –  жердің  геологиялық  тарихындағы  ескі  өмір  кезеңі. 

Қазіргі  кезеңнен  570  млн  жыл  бұрын  басталып,  340-350  млн  жылға  созылған. 

Өсімдіктер  дүниесі  балдырлардан  ірі-  ірі  орман  ағаштарына    дейін  дамыған. 

Жануарлар  дүниесі  омыртқасыздардан  ірі  бауырымен  жорғалаушыларға  дейін 

дамыған. 

        Пермь  дәуірі  –  палеозой  эрасының  ең  соңғы  дәуірі,  55  млн  жылға 

созылған. Орал – Тянь-Шань геосинклиналында герцин қатпарлануы аяқталған. 


      

 Платформа жазығы – іргетасы қатпарланған қатты жыныстардан түзіліп, 

жер бедері жазық болып келген тектоникалық тұрақты аймақ. 



 Плиталы жазық – шөгінді жамылғысы қалың жазық. 

  

Радиациялық жылу – күн сәулесінің жылуы. 

         Регрессия  –  теңіз,  көл  деңгейінің  қайтуы,ландшафтының  құнарсыздану 

бағытындағы өзгеріс. 



 Рекреациялық жүйе – көрікті, саялы жерлер. 

        Реликтілі  ұсақ  шоқы  –  қатты  жынысты  жерде  сақталған  ұсақ  шоқылы 

ежелгі  таулы  аймақтың  үгіліп  тегістелуінен  кейін  түзілген  жазық(мысалы, 

Сарыарқа). 

      

Сапрофаг  –  шіріп  ыдыраған  органикалық  заттармен  қоректенетін  тірі 

ағзалар. 

    

  Синеклиза  –  жыныс  қабаттары  ойысты  болып  келетін  аймақ(мысалы, 

Каспий маңы ойпаты). 

   

  Су  буының  сублимациялануы  –  ауадағы  су  буының  төмен 

температуралық  ортада мұз кристалдарына айналуы. 

   

  Тақыр  –  шөл,  шөлейт  жердегі  топырақ  ,  өсімдік  жамылғысы  нашар 

дамыған, жер беті жарылып кеткен алаң. 

     

 Тартпа  сор  – шөл, шөлейт және дала зоналарының ащы (тұздылығы 1%-



дан  жоғары)  жынысты  алаң.  Көбіне  тартылып  қалған  көл  табанында  таралған, 

топырақ  жамылғысы  нашар  дамыған.  Өсімдік  жамылғысы  сораң  шөптерден 

тұрады. 

 

Тау  беткейінің  инсоляциялық  әрекеті  –  тау  беткейінің  күн  сәулесін 

тосып қалу әрекеті. 

 

Тау  беткейінің  айналымдық әрекеті -  тау беткейінің ауа ағысын тосын 

қалу әрекеті. 

 

Тектоника  (грек.tektonikos  -  құрылыс)  –  геотектоника  жердің  қыртысы 

мен  жоғарғы мантиясының (тектоносфера) құлымдарын  ғаламшардың (Жердің) 

уақыт  пен  кеңістікке  жартылай  бағыттала  дамуымен  байланыстыра  зерттейтін 

ғылым. 

 

Тектоникалық  жарық  –  жердің  ішкі  күшіне  байланысты  жер 



қыртысының жарылуынан пайда болған жарық. 

 

Тектоникалық қозғалыс – жердің ішкі күшіне байланысты болатын жер 

қыртысының қозғалысы. 

 

Теңіз трансгрессиясы – теңіз суы деңгейінің көтеріліп, құрлықты басуы



 

Триас  дәуірі    -  мезазой  эрасының  юрадан  кейінгі  бордан  бұрынғы  өткен 

дәуірі.35 млн жылға созылған. Табиғат жағдайы континентті болып келеді. 

 

Циркті  ойыс  –  аса  биік  тау  беткейіндегі  мұздықта  жатқан  жердегі  ойыс. 

Олар  беткейдегі  мұздықтардың  біресе  еріп,  біресе  қатуының  нәтижесінде 

шұңқырланып түзіледі. 

 

Шашыранды  радиация  –  күн  сәулесінің  ауа  қабатынан  өткенде  ауаны 

құрайтын  зат  түйіршіктеріне  шағылысып  шашырауынан  түзілген  радиация 

жиынтығы. 

 

Шық нүктесі – ауадағы су буының су тамшысына айналатын температура 

шегі. 


 

Ылғалдану  коэффиценті  –  нақтылы  жердің  жылдық  жауын  –  шашын 

мөлшерінің буланғыштық мөлшеріне қатынасы. 

 

Хемосинтез  –  кейбір  ұсақ  ағзалардың  қоректену  тәсілі  (олар 

бейорганикалық заттардан органикалық зат түзе алады). 

 

Экзогендік  процесс  –  сыртқы  қүштер  (жер,  су,  мұздақ,  т.б.)    әрекетіне 

байланысты болатын геоморфологиялық процесс. 

 

Экология – тірі ағзалардың айналадағы ортамен қарым – қатынасы туралы 

ілім.  Экология  ортаның  өсімдіктер  мен  жануарлар  ағзаларына,  сондай  –  ақ 

олардың ортаға тигізетін әсерін зерттейді. 

 

Экологиялық  жағдай  –  айналадағы  ландшафт  ортасының  жарылыс 

жағдайына ықпал ететін фактор (ландшафт ортасының жаратылыс жағдайы). 

 

Экологиялық фактор – айналадағы ортаның тірі ағзалардың тіршілік ету 

жағдайын  анықтайтын  сыртқы  күш  (күнқызуы  мен  жел,  су,  өсімдіктер, 

жануарлар, адам әрекеті). 

 

Эол(грек. aiolis – жер әміршісі),  Аккумуляция(лат.accumulatio - жиналу). 

Жел  ұзақ  уақыт  айдап  көшірген  құмның  минералдық  құрамы  тұрақты  (Каспий 

теңізінен Қызылқұмға дейінгіаймақтағы эолдық құмдар) болады. 

 

Эффузия  (лат.  Effusion  –  төгілу)  –  жер  бетіне  шыққан  сұйық 

лаваныңжайвла суынып, тасқын жамылғы түрінде қатаюы (магма, вулкандық тау 

жыныстары). 

 

Эффузиялық  тау  жыныстары  –  лаваның  жер  бетінде  немесе  жер 

қыртысының  жоғарғы  қат  –  қабаттары  арасында  суынуынан  түзілген  атпа 

магмалық тау жыныстары. 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет