Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы
Дәріс тақырыбы:
МАҚСАТЫ:
Студенттерге Қазақстан аумағының геологиясы мен тектоникалық құрылымын түсіндіре отырып республика бойынша жазықтықтар мен таулардың орналасу ерекшеліктерін анықтау.
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық және тектоникалық картасы, геохронологиялық жержылнамалық кесте.
Дәрістің міндеті:
- Геохронологиялық кестенің мазмұнын түсіндіру;
-Қазақстан аумағының геологиясы және тектоникасымен таныстыру;
-Аумақтағы платформалар мен геосинклинальдық аймақтармен таныстыру;
Мазмұны:
1. Палеозой дәуіріндегі Қазақстан
2. Герцин қатпарлы дәуірінде Қазақстандағы тау түзілімдері
3. Мезозой эрасында Қазақстан аумағындағы өзгерістер
4. Қазақстан аумағындағы жас платформалар
5. Қазақстанның таулы ауданларындағы тектоникалық құрылымдар
Архей және протерозой
Палеозойға дейін, яғни архей және протерозой эраларында, республика аумағын тұтастай дерлік теңіз суы басып жатқан геосинклинальды аймақ болды. Қазақстанның батыс аймағында ғана жер қыртысының тұрақтанған белігі (учаскесі) Шығыс Еуропа (Орыс) платформасының шағын аймағы қалыптасты.
Палеозой
Палеозой эрасында 2 рет тау түзілістері болған. Бұл эрада дамыған қатпарлықтар - каледон және герцин.
Каледондық тау түзілу кезінде қозғалмалы құрлықтар қалыптаса бастаған. Сарыарқаның солтүстік-батысы мен тянь-Шаньнің солтүстігі түзілген. Теңіз тартылып, құрлық көбейген. Ежелгі Шығыс Еуропа платформасы көтерілген.
Герциндік тау түзілу кезінде Алтай және Жоңғар Алатауы, Тянь-Шаньнің батыс жоталары, Сарыарқаның шығыс бөлігі жәе Мұғалжар тауы көтерілді. Едәуір бөлігі тұрақтанған бөлікке айналды.Шығыс Еуропа мен Сібір платформалары көтеріле бастады.
Герциндік тау түзілу кезінде Алтай және Жоңғар Алатауы, Тянь-Шаньнің батыс жоталары, Сарыарқаның шығыс бөлігі жәе Мұғалжар тауы көтерілді. Едәуір бөлігі тұрақтанған бөлікке айналды.Шығыс Еуропа мен Сібір платформалары көтеріле бастады.