Бекіту сұрақтары: Курск шайқасының маңызы қандай болды?
Қай қазақстандық ерлік көрсеткен партизандарды білесіңдер?
Мәскеу түбіндегі шайқастың тарихи маңызы қандай болды?
№21 Соғыстан кейінгі қоғамдық саяси өмірі.
Мақсаты: Қазақстанда соғыстан кейінгі қоғамдық саяси өмірі жайында баяндап түсіндіру.
Тоталитарлық тәртіптің күшеюі.
Қазақстандағы лагерьлер
Қазақстанға арнайы қоныс аударған ұлт өкілдерінің келуі «Бекмаханов ісі»
Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы , тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Бірақ соғыстың барлық ауыртпалықтары мен тапшылықтарын бастарынан өткізген халық соғыстың алдындағы жылдардағыдай емес, басқаша еді. Қоғамдық өмірде бейбіт көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты белгілі дәрежеде құндылықтар қайта бағаланды. Замандастарымыздың санасында әлеуметтік бағдарламаларға , демократияға бет бұру қажеттігін түсіну барған сайын айқын пісіп жетіле бастады. Қоғам мен партиялық-мемлекеттік басшылықтың әкімшіл – бұйрық беру тәсілінің арасындағы өсе түскен қарама – қайшылық соғыстан бейбітшілікке көшу кезеңінің нақты көрінісі болды.
1936 жылғы сталиндік КСРО Конституциясы елде әміршіл - әкімшіл жүйені одан әрі нығайтты. Социализм тоталитарлық , казармалық сипат алды. Қазақстанда жазалау шаралары басталды. Жазаға ұшырағанда: Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқандар ; партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері ; революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер ; қазақ әдебиеті мен ғылымның белгілі өкілдері; орталықтан Қазақстанға жіберілген партия қайраткерлері.
Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер партия пайда болды.
1918 жылы 5 қыркүйектегі РСФСР Халық Комиссарлары кеңесінің арнаулары қаулысында: «Кеңес Республикасын тап жауларынан құтқару үшін, оларды концлагерьге қамау қажет», - делінген. 1929 жылдың өзінде – ақ Сталиннің бұйрығы бойынша елде еңбекпен тезеу лагерьлерінің торабын ұлғайту жоспары жасалған.1930 жылы 4-шілдеде осындай лагерьлер құру туралы арнаулы ереже қабылданды. ГУЛАГ осылай құрылған , оның құрамында 53 лагерь, 425 еңбекпен түзеу лагері болды.
Сөйтіп Қарағанды облысының аумағында 1930 – 1950 жылдар аралығында 9 лагерь ұйымдастырылды. Солардың ішіндегі ең үлкен және танымалы – ҚАРЛАГ. Қарағанды еңбекпен түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда , орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка селосында құрылды. ҚАРЛАГ-тың аумағы оңтүстіктен солтүстікке қарай 300 шақырымға , шығыстан батысқа қарай 200 шақырымға созылып жатты. Оған 120 мың га шабындық жер бөлініп берілді.
ҚАРЛАГ-ты құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол кезде буырқана дами бастаған Орталық Қазақстандағы көмір бассейніне, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинатына аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Осынау өнеркәсіп салаларын құрып , дамытуға арзан жұмыс күші де қажет болатын. ҚАРЛАГ аумағында 80 мың тұрғыны бар 4000 қазақ киіз үйі және немістердің , орыстардың, украиндардың 1200 барағы болды.
ҚАРЛАГ басқармасы тек қана ГУЛАГ-қа , Мәскеуге бағында. Республикалық және облыстық партия, Кеңес органдары лагерь қызметіне ешқандай ықпал ете алмады. Мұның өзі тізгіні Мәскеудегілердің қолында болған орталық үлгідегі құрылымы еді.
ҚАРЛАГ шаруашылығының негізгі бөлігі Қарағанды мен Ақмола облысының аумағында жатты. Егер 1931 жылы ҚАРЛАГ тың аумағы 53 мың га болса, 1941 жылы 1780650 га болды. 1931 жылы 22 бөлімше , 159 учаске болса, 1941 жылы 26 бөлімше , 192 учаске болды. Әрбір бөлімше бірқатар шаруашылық бөлімшелеріне бөлініп; учаске, нүкте, ферма деп аталды. Лагерьде 106 мал шаруашылық фермасы , 7 бақша учаскесі , 10 егістік учаскесі болды. ҚАРЛАГ аумағы 1950 жылы 20 млн 87646 га, яғни 20876 шаршы шақырым болды.
1942-1943 жылдары 6 ай ішінде 17042 адам ауруханаға жатқызылса , сол уақытта 3372 адам өлді. 1948-52 жылдары лагерьде 8294 адам мүгедек, 2349- туберкулез, 3544 адам ауруханада болды. Көптеген аурулар мен мүгедектер аса ауыр жұмысқа шыдамай мерзімі біткенше өліп жатты. Толық емес деректер бойынша 1940-50 жылдар аралығында ҚАРЛАГ та 40 мыңға жуық тұтқын өлген. 1943 жылы ай сайын 1000 адам өліп отырған . Бала өлімі де көп болған , тек 1945 ж қыркүйек – қазан айларында 98 бала өлген. ҚАРЛАГ азабын 1 млн-нан артық адам көрді.
1953 ж 8 мамырдағы Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес ҚАРЛАГ шаруашылығы таратылды. Басқарма жойылды. Осы уақытта ҚАРЛАГ-та 226 елді мекен болды, ол таратылғаннан кейін оның аумағына 16 жоғары өнімді совхоздар ұйымдастырылды. 40 жыл өткен соң 1993 ж 14 сәуірде Қазақстан Республикасының «Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың барлығын ақтау туралы» заңы шықты. Занның күші 1917 ж 25 қазаннан кейін Қазақстанның аумағында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың барлығына таратылды.
Ленинград пен Мәскеуде «Ленинградтық іс» , «Дәрігерлердің ісі» қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды.
Жас, талантты тарихшы Ермұхан Бекмаханов «Қазақ КСР-і тарихын» даярлау үстінде жұмыс істеп жатқан ғалымдардың интернационалдық ұжымының мүшесі еді, бұған А.П.Кучкин, А.М.Панкратова, Б.Д.Греков, Н.Ж.Дужинин және басқа көрнекті Кеңес тарихшылары кірген-ді. 1943 жылы маусымда кітап жарыққа шықты. Сарапшылардың біреулері оны Қазақстанның жинақталған тарихын жасаудағы алғашқы әрі сәтті қадам деп саналды, басқа біреулері «Россияға қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптейтін орыстарға қарсы кітап» деп сынады. «Тарихтағы» отарлауға қарсы көтерілістерге берілген баға ғылыми кескілескен айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың «XIX ғасырдаң 20-40 жж Қазақстан» (1947) деген монографиясында айтылған оның көзқарастары буржуазияшыл ұлтшылдардың концепцияларының дамытылған түрі-саяси зиянды деп жарияланды. 1950 ж «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақаласында Е.Бекмахановтың кітабын айыптады.
«Правданың» мақаласы Бекмахановқа саяси айып тағып, құртуды тікелей бастап берді. 1951 ж 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті » Правда» газетіндегі мақал туралы қаулы қабылдап, онда мақаланы дұрыс деп тапты және «Бекмахановтың буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарасын айыптады». 1951 ж маусымда Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті «Правда» газетіндегі мақалаға қайта оралып , 1951 ж 10 сәуірдегі қаулыны жүзеге асыру жөнінде бірсыпыра қосымша шаралар белгіледі.
Осылай есін тандырып талқыға салғаннан кейін тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясынан шығарылады, сөйтіп ол 1951-1952 жж Жамбыл облысының Шу ауданында бір орта мектепте жұмыс істеді, ал 1952 ж 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы сотының сот алқасы оны 25 жылға соттады. Тек И.В.Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс жоқ болғандықтан доғарылды. 1954 ж көктемде ол Қазақстанға қайтып оралды.
40 – жылдары және 50 – жылдардың басында «Бекмахановтың ісі» жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Сүлейаменов, Е.Смаилов, талантты жазушы Ю.О.Домбровский осы сияқты нақақатан таңылған саяси айыптармен жазаланды. Ә.Әбішев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, С.Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық – ұлтшылдық қатерліктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Қудалауға ұшыраған Қазақ ССР Ғалым академиясының Президенті Қ.Сатпаев пен аса көрнекті жазушы әрі ғалым М.Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетіп қалуға мәжбүр болды. Космополиттер деп айыпталған бірсыпыра ғалым биологтар да республиканың ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарының кафедраларынан қуылды.