Қазақстанның ұлттық валютасы Теңге



Дата03.12.2023
өлшемі18,7 Kb.
#133579

Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге.
Теңгенің алғашқы банкоталарын полиграфиялық дайындауды «Харрисон және ұлдары» фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды (ол ең жақсы экспорттық өнім ретінде Ұлыбритания королевасынан «Алтын белгі» алды).
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар (бағаларды ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына қанағаттандырмайтын сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың едәуір өсуі не, ал ізінше,бағамның өсуіне әкеп соқтырды. Теңгені енгізуіне байланысты есеп айырысу жүргізген кезде ұлттық валюта тұрақтылығына ықпал ете алатын барлық негізгі факторлар есепке алынады. Алғашқы кезде теңге бағамы төмендейді деп күтілген болатын. Алайда, мысалы, 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есеп беруі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілген кезден бастап алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.
Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9%, 1996 жылы – 15,4% төмендеген болса, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5,17%, ал 2002 жылы – 3,25% болды.
Негізінен, теңгенің он жылдық тарихын мынандай кезеңдерге бөлуге болады:
1-кезең. Инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және және қаржы рыноктарының қалыптасуы (1993-1996 жылдар).
1995 жылдың аяғында – 8,2% болған ЖІӨ өсу қарқыны төиендеуінің сақталуына қарамастан, осы кезеңнің аяғында инфляцияның деңгейін 60,3%-ға дейін төмендетуге қол жетті.
1993 жылғы қарашада теңгенің енгізілу кезіне қарай Қазақстанның банк жүйесі едәуір дәрежеде реформаланған болатын: екі деңгейлі банк жүйесі жұмыс істеді, барлық мамандандырылған банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Ұлттық банке орталық банктің бірқатар функциялары берілді. Бұл өз валютвмызға көшуді және Қазақстанның ақша-кредит саясатын жүргізуін едәуір жеңілдетті.
Банк секторын едәуір сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу нәтижесінде 1993-1996 жылдар арлығындағы кезеңде екінші деңгейдегі банктердің саны 204-тен 101-ге азайды.
2-кезең. Экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізу және банк жүйесін жедел түрде реформалау (1997-1999 жылдар)
Банк секторын шоғырландыру және сауықтыру процестері екінші деңгейдегі банктердің жалпы санының 55-ке дейін азаюына ықпал етті. Жекелеген банктер қайта ұйымдастырылды.
1998 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан рыноктық қатынастар негізінде құрылған және ұзақ мерзімді перспективаға есептелген үш деңгейлізейнетақы жүйесіне көшті.
3-кезең. Экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және барлық қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауы (2000 жылдан бастап).
ЖІӨ-нің жиынтық өсуі соңғы 3 жылда 33%-ға жуық болды, бұл Қазақстанның экономикалық даму қарқыны жағынан әлемдік лидерлердің бірі болуына мүмкіндік жасады. 2003 жылдың 9 айында экономикалық өсу 8,6% болды.
Соңғы 3 жылда инфляцияның орташа жылдық деңгейі 13,2% -дан 5,9%-ға дейін біртіндеп төмендеді. Инфляция 2003 жылдың 10 айында (2002 жылдың желтоқсаны – 2003 жылдың қазаны аралығында) 4,2% болды.
Инфляция қарқынының баяулауы Ұлттық банкке қайта қаржыландыру ставкасын Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері ең төменгі деңгейге - 7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Банк секторы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамитын бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банк секторын халықаралық ұйымдар мен рейтинг агенттіктері ТМД елдерінің ішіндегі ең реформаланған, қаржылық тұрғыдан тұрақты және тез дамып келе жатқан банк секторы деп танып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 36 банк жұмыс істейді, оның үшеуі мемлекеттік. Қазақстан Даму банкін, Әсимданкті және Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін қоспағанда, барлық банктер жеке банктер болып табылады.
Банк жүйесінің тұрақтылығы нығая түсуде. Оның валюта баламасындағы жиынтық меншікті капиталы 1,4 млрд. Астам АҚШ долларын құрайды. ТМД елдері ішінде бір банкке келетін меншік капиталының мөлшері бойынша Қазақстан жетекші орында (43 млн. АҚШ доллары).
Соңғы 3 жылда банк жүйесіндегі депозиттер 5,1 млрд. астам АҚШ долларына дейін 3 есе, ал халықтың салымдары (резидент еместерді есептегенде) – 2,1 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті.
Банктердің ресуртық базасының қарқын алуы оларға экономиканы кредиттеу қызметін едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік берді. Соңғы үш жылда банктердің экономикаға кредиттері 5,9 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті (ЖІӨ-нің 22%-ы). Қазіргі кезде бенк активтерінің 57%-ға жуығы кредиттер түрінде экономиканың нақты секторына орналастырылды.
Aқшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фаза болып табылмайды. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, металл бұйымдары және тағы басқа. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттілігінің себептерін түсіндіреді.
Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші бір тауарға тікелей айырбасталуы (Т – Т) біржола тауар айналымына (Т – А – Т ), яғни ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасында аралық, яғни айырбас құралының қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу-сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.
Әсіресе халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мен экономикалық қатынастар щеңберінің ұлғаюымен ақша төлем құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде қолма-қол ақшаның болуы міндетті емес. Оның қызметін кредит ақшалар атқарады. Соңғы кездерде есеп айырысу құралы ретінде тек қана банкноттар, чектер, қағаз ақшалар ғана емес, кредит карточкалары да кеңінен дамуда.
Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын ақша айналымын бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар қабылдай қоймады. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Сонымен, ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.
Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал Қазақстанға келетін болсақ, ұлттық валюта – теңгенің айналымда болуы, Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне теңгені енгізуді тарихи маңыздылығын объективті түрде баға беруге мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет