Мал қорасындағы ылғал мөлшері бойынша желдету көлемін есептеу Мал қорасындағы ылғалдылық дәрежесі жануарлар үшін қолайлы микроклимат туғызуда маңызды мәнге ие. Кез – келген ауа ылғалдылығы көрсеткішінің ауытқуына организмнің терморегуляциясы бұзылады, өнімділігі төмендеп, өнімінің сапасы түседі, сондай – ақ, суық тию аурулары пайда болады.
Осыған байланысты, берілген бөлімде келесі мәселелерді ашып көресту қажет:
- берілген қорада сағаттық желдетуді есептеу;
- алынған нәтижелерге келесі сұрақтарға тоқтала отырып, санитариялық –гигиеналық баға беру:
а) берілген қораның ауасындағы негізгі ылғалдың жиналу көздері, оның нормативтік көрсеткіштерге сәйкестігі;
б) ылғалдың қора микроклиматына және жануар организмінің терморегуляциясына әсері;
в) табылған кемшіліктерді жою шаралары.
Төменде мал қорасындағы ылғал мөлшері бойынша сағаттық желдету көлемін есептеу әдістемесі келтірілген.
Ылғал мөлшері бойынша сағаттық ауа көлемін анықтау формуласы
мұндағы L – мал қорасының ылғалдылығын барынша ыңғайлы нормада сақтау үшін қажетті желдетудің сағаттық көлемі (м3/сағ);
Q – жанаурлар бөлетін ылғалдың жалпы мөлшері және оған қосымша еден бетінен буланған ылғал - 10-25 % жалпы мөлшерінен (г/м3) - № 1 кесте бойынша анықталады (Қосымша В);
q1 – салыстырмалы ылғалдылық 70 % болғандағы қораның ауасының абсолютті ылғалдылығы (г/м3). №3 кесте бойынша анықталады (Қосымша В);
q2 – қораға енетін атмосфералық ауаның абсолютті ылғалдылығы (г/м3) - № 4 кесте бойынша анықталады (Қосымша В);
Қораға еден, төсеніш, су астауларынан буланған қосымша ылғалды (қосу 10-25 %) анықтау үшін пропорция құрамыз, буланған ылғал пайызы қанша г/сағ беретінін табамыз.
Қораға түсетін ылғалдың жалпы мөлшерін жануарлар бөлетін ылғал мен буланудан шыққан ылғалды қосып, есептейміз. Бұдан кейін берілген салыстырмалы ылғалдылықтағы (70 немесе 75 % және т.б.) қораның абсолютті ылғалдылығын (q1) есептейміз.
Кесте бойынша берілген ауа температурасында (10°, 15°, 20°) 100 % -ды ауаның қанығуы мм сынап бағ. белгілі бір шамаға тең екендігін анықтаймыз. Содан кейін, берілген салыстырмалы ылғалдылықтағы (70 немесе 75 % және т.б.) қораның абсолютті ылғалдылығын анықтау үшін қолда бар деректермен пропорция құрамыз
мм сынап бағ.
Е – су буларының максимальды кернеуі, мм сынап бағ.
Сынап бағанасының миллиметрімен көрсетілген су буларының максимальды кернеуі, берілген температурадағы м3 ауадағы су буының сәйкес грамм мөлшеріне тең болғандықтан, алынған абсолютті ылғалдылық көрсеткішін (q1) г/м3 бейнелейміз.
Қораға енетін атмосфералық ауаның абсолютті ылғалдылығын (q2) кесте бойынша табамыз (Қосымша В, кесте №4).
Енді, есептеуге қажетті барлық деректер анықталғанда, алынған сандық мәліметтерді орнына қойып, қорадағы желдетудің сағаттық көлемін есептейміз.