Қоғамның саяси жүйесі
Қоғамның саяси жүйесі .Елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси
институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы. Бұл барлық
органдары бар мемлекет ; қызметтерінде айқын саяси бағыты бар партиялар мен қоғамдық
ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды əсер ете алатын,
(кəсіподак, кооперативтік, діни жəне т.б.) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ өскелен ұрпакты
тəрбиелеу мен білім беруді ( мектеп, институт, театр ) жүзеге асыратын барлық мекемелер. Кейбір
саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген идеялар, принциптер, идеологиялар
моральды, сондай-ақ саяси мақсатты көздеген жекелеген адамдардын қызметін қосады.
Қазақстанның саяси жүйесі
Саяси жүйе 2-ге бөлінеді: 1) Ішкі 2) Сыртқы
Ішкі саясат
Ішкі саясат - мемлекет ішіндегі таптардың, əлеуметтік топтар мен қабаттардың, ұлттардың
қарым-қатынасын білдіретін саясат, мемлекеттін іс-əрекетінің жəне билеуші партиялардың негізгі
бағыттарын қамтиды