Қазақстанның саяси-қуғын сүргін кезіндегі демографиялық ахуалы және де қазіргі өсім
1930 жылдары Кеңес Одағында социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік тоталитарлық жүйе толық орнықты.
1928 жылы Кеңес үкіметінің басшылығына келген И. Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. Халықтың есінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамның өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі қалды.
БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда өткен мәжілісінен кейін ұлттық идеялардың көріністерін қатаң қуғындау басталды. Ұлт зиялыларының өкілдері ұлтшыл басмашылармен байланыс және Кеңес үкіметін құлатуға ұмтылғандары үшін айыпталды, қуғын-сүргінге ұшырады. 1922 жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунисі республикадан Орталыққа шақыртылып алынды. Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдың күрделілігі В.И. Лениннің ізбасарлары И. Сталин мен Л. Троцкий және басқалардың арасындағы билік, көсемдік үшін тайталаспен ерекшеленді.
Аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы осы жылдардағы басты оқиғалар болды.
Қазақстанда халыққа қысым жасау саясаты, әсіресе, 1925 жылы қыргүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшылығына Ф.И. Голощекиннің келуімен күшейді. 20 жылдардың соңында ел ішінде адамдардың бір-біріне деген жаппай сенімсіздігі, қорқыныш пен қорғансыздық күйі белең алды. 1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері, жақындары тұтқындалды.
Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады.
Ұлт зиялыларының екінші тобы 1930 жылдың қыргүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Ресейге жер аударылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әртүрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері (М. Дулатов т.б.) лагерьлерде қайтыс болды, қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т.б.) жазасын өтегенімен «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды.
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары мен олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.
1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жауы» немесе «халық жауының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді.
«Халық жауларының» көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү. Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О. Жандосов, Т. Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.
1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің бір көрінісі – мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заңбұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген Кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді.
Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза – ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды. Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне тағылған айыптауларды әділ, жан-жақты талқылайтын соттың болуын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды.
Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың берген жалған мәліметтеріне негізделген, «Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді» деген айыптау да кең таралды.
Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық және ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысты деген айыптау да кең қолданылды. Көптеген адам террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін деп негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады. БК(б)П-ның Алматы обкомы мен Халық комиссариатының бұрынғы хатшысы Ж. Садуақасовқа, жазушы С. Сейфуллинге, ағарту халық комиссары Т. Жүргеновке 1937 жылы көп айыптың бірі ретінде «Ырғызда, Қарақұмда, Сарысуда және басқа да аймақтарда болған көтерілістерді ұйымдастырған» деген айып тағылды. Жазушы С. Сейфуллинге «Жапонияның протектораттығындағы Қазақ буржуазиялық мемлекетін құрмақ болған» деген ақылға сыймайтын айып тағылды. С. Сейфуллиннің әйелі, Т. Рысқұловтың әйелі мен қызы, Т. Жүргеновтің әйелі, С. Қожановтың әйелі және т.б. көптеген қазақ, орыс және өзге ұлт қайраткерлерінің әйелдері, балалары жазықсыз азап шекті. Әлеуметтік тапсырыс беру» мемлекеттік қуғындау-жазалау органдары жұмысының көлемін ұлғайтты. БК(б)П ОК-нің саяси бюросының бастамасымен республикалық және жергілікті партия, кеңес органдарының, НКВД өтініштерінің негізінде жекелеген аймақтардағы қуғын-сүргінге ұшырауға тиісті адамдардың шектеулі тізімін бекітті.
Большевиктік режим осылайша қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басында тұрған зиялылар тобын, олар қалыптастырған азаттық идеологиясын жойып тынды. 1937 жылы 28 желтоқсанда Орталық Комитет «жауапқа тартылғандардың балалары мен туыстарын оқудан шығару туралы» шешім қабылдап, сан мыңдаған жазықсыз балалардың тағдырын ойыншыққа айналдырды. Қаулының орындалу барысын сот-тергеу органдары қатаң бақылап отырған. Нәтижесінде, балаға тән көңілмен айтылған жеке пікірлер мен болмашы істерге саяси мән беріліп, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Мәселен, Алматы қаласындағы мектептер мен техникумдардағы саяси тәрбие мен қоғамдық жұмыстардың кемшіліктері туралы жасалған баяндамада (ІІХК тарапынан әзірленген) оқушылардың «кеңестерге қарсы» істері тізілген.
Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың нақты санын айту да өте қиын. Репрессиялық бағдарламаның негізі Сталиннің нақты «халық жауларын» табу арқылы социалистік қоғамды нығайту үшін таптық күресті күшейту қағидасына сүйенеді. Халық жауларын «партия мен халыққа бөтен элементтер» арасынан іздеу көзделеді. Мұндай «бөгде элементтер» ең алдымен, партияның өз ішінен, зиялылар қатарынан, елдің «басқаша ойлайтын» азаматтары арасынан іздестіріледі. Аяусыз жазалау әдістерін қолдану арқылы «қылмыскерлер» саны күрт артқан. Бұл жағдайды биліктегілер халыққа «тап күресі саясатының жемісті» болуы деп «ұғындырған». Сот процестері А.Вышинскийдің «дәлелдердің ханшасы» (царица доказательств) теориясының нәтижесінде «жемісті» болған. Әсіресе 1937-1938 жылдары «конвейер» жүйесімен тергеу ісі ІІХК органдарының басты тірегі болды. Осы мәселені саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар өз естеліктерінде жиі жазады. Бекболат Мұстафин басынан кешкен саяси қуғын-сүргінде айта келе «...түрмеге алып келген соң құжаттарымды лақтырып, табанға тастады. «Сен жапонның шпионысың» деп ұрады. Итше тепкілейді. Ешкімді ешнәрсеге сендіре алмайсың. Күн сайынғы көретін азап осындай. Олар мені үнемі тік тұрғызып қояды. Ұйқы жоқ, тергеу амалдарының бәрі осындай болады екен ғой. Бірақ мен бәріне төздім, ешқандай құжатқа қол қоймадым...», деп жазады.
Сол жылдары 100 мыңға жуық қазақстандық қуғын-сүргін көрді деген деректер кездеседі. Оның ішінде 70 мыңға жуық көзі ашық, зиялы қауым атылып кеткен. Сол 70 мыңға жуық атылғандардың арасында меркілік қайраткерлер Ысқақ Әсімов, Айдархан Сабетов, Созақбай Қосбармақов та болған. Бұлар да сталиндік саяси террордың жазықсыз құрбандары.
Ысқақ Әсімов 1900 жылы (бір деректерде 1898 жыл деп жазылған – автор) Меркі ауданының Ақтоған ауылында дүниеге келген. Ол – жастардың революциялық одағын құруға белсене атсалысқан қайраткерлердің бірі. Бұл туралы жазушы Мақұлбек Рысдәулет өзінің «Тағылымды Меркі» атты кітабында: «Одаққа мүше болғандар: Қабылбек Сарымолдаев, Мақсұт Жылысбаев, Тороқұл Жанұзақов, Иван Андреев, Кенебай Бармақов, Ысқақ Әсімов, Әшімжан және Үсіпәлі Нұршановтар, Қалыш Қожабергенов, Әбдіразақ Каденов, Сәдуақас Жамансартов, Жақаш Мамыров, Рахманқұл Орынтаев, Әбен Әсілов, Үсіп Сатыбалдинев, Тұрдалы Тоқбаев, Сыдық Абланов, Жүзбай Мыңбаев, Қарымбай Қошмамбетов, Әлімқұл Жұмағұлов, Қожомұрат Сарықұлов және тағы басқалар» деп мысал келтірген.
Расында да, Ысқақ Әсімов әрдайым Тұрар Рысқұлов, Қабылбек, Мақсұт бастаған азаматтардың жанында жүрді. Одақ мүшелерімен бірге оның аштарды тамақтандыру орындарының қорын толықтыруға белсене қатысты. Орыс, өзбек байларымен сөйлесіп, олардың да аштарға көмектесуіне ықпал жасады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Меркі өңірінің революциялық комитетінің төрағасы, милиция бастығы, одан кейін Әулиеата уездік атқару комитетінің комиссары болған. 1922 жылдан 1932 жылға дейінгі аралықта Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам және Сарыағаш аудандық партия комитеттерінің хатшысы қызметтерін атқарды. Мәскеуде марксизм-ленинизм жоғарғы партия мектебін бітірген соң Қостанай облысында МТС-тың саяси бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Қайда, қашан қызмет етсе де, ол білімділігімен, іскерлігімен көзге түсті. 1937 жылы 14 тамызда «халық жауы» ретінде ұсталған сәтте Ысқақ Сәбетұлы Жуалы аудандық советі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарып жүрген болатын. 1938 жылдың 20 ақпанда ату жазасына кесілді. Үкім сол күні Шымкент қаласының маңында орындалды. Қазір бұл жерде үлкен «Қасірет» атты тарихи мемориал бар. Саяси қуғын-сүргін құрбандары» санатындағы беттер
Бұл санатта келесі 66 бет бар, барлығы 66 сыртында.
І
• Ілияс Қабылов
А
• Ахмет Байтұрсынұлы
• Ахметжан Қозыбағаров
Б
• Бірмұхамед Айбасов
• Біссміллә Балабеков
• Баймұхамет Шағыров
• Байқадам Қаралдин
• Балтабек Байсұлтанұлы
• Батырхан Құсбегин
• Бекайдар Жантөреұлы Аралбаев
• Болат Жүсіпұлы Жуандықов
В
• Владимир Михайлович Киршон
Д
• Халел Досмұхамедов
• Дәмеш Әмірханқызы Ермекова-Жүргенова
Е
• Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов
Ж
• Жақсылық Сәмитұлы
• Жақып Ақбаев
• Жүсіпбек Аймауытов
З
• Зейнолла Сейітжанұлы Төреғожин
И
• Ишанғали Арабаев
К
• Кәлменов Атлаш Алпысбайұлы
М
• Міржақып Дулатұлы
• Мақсұт Жылысбаев
• Михаил Ларионович Михайлов
• Молыке Шойманов
• Молықбай Байсақұлы
• Мұсылманбек Жұманұлы Сейітов
• Мұхаметжан Тынышбайұлы
• Мұхаммед-Мақсұт Хамидоллаұлы Бекметов
• Мұхтар Омарханұлы Әуезов
Н
• Нияз сері
• Нұғыман Залиев
• Нәзір Төреқұлов
О
• Омар Қаймолдаұлы Хаймульдин
• Оразанбай Егеубай
• Отыншы Әлжанов
Р
• Рамазан Құрманғалиев
С
• Садық Кенебайұлы
• Саяси қуғын-сүргін
• Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы
• Станислав Станиславович Пестковский
• Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов
• Сәдуақас Мәмбеев
• Сәлімгерей Сейітханұлы Жантөрин
Т
• Табын ісі
• Тайыр Жомартбаев
• Түйетөбе ескерткіші
Х
• Хасен Ақаев
Ш
• Шаймерден Қосшығұлұлы
• Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ғ
• Ғайнолла Сұлтанғалиев
• Ғұбайдолла Әнесұлы Көшеков
Қ
• Қадыр Қуанышев
• Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков
• Қалап Құлсартов
• Қалдыбай Асанов
• Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожин
• Қарағанды ісі
• Қожақан Шәкенов
• Қуанай Қосдәулетов
• Құбайдолла Өтепқалиұлы
Ә
• Әкімәлі Қаржауұлы
• Әлібек Қоңыратбайұлы Қоңыратбаев
• Әлкей Хақанұлы Марғұлан
• Әлмұхамед Көтібаров
• Әмірдің Арабы
Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да соттан тыс және сот органдары 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, ал 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды.