Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет81/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
1-деңгей.
Айнала — Менде не бар? 
Бұл сұрақ Сіздің моральдық, материалдық құндылығыңыз, таныс, дос, отбасы және 
барлық қоршаған ортаңызға қатысты. Осы жерде сізде шүкіршілік пайда болады. Екіншіден, 
«Олменде неге бар, қалай алдым?» деген сұрақ қоюға итермелейді. Ол сұрақтың жауабын біз 
2-деңгей арқылы білеміз. 


100 
2-деңгей
. Әрекет — Мен не істепжатырмын? Бұл жерде сіздің әрекеттеріңіз туралы 
айтылады. Сізде бар нәрселер – әрекетіңіздің нәтижесі. Қоршаған ортада болып жатқан 
нәрселер сізге байланысты екенін түсінесіз. Енді «Оны неге істеп жүрмін?» деп сұраған 
орынды. Оның жауабын келесі деңгейден білеміз. 
3-деңгей.
Қабілет — Мен қалай таңдау жасаймын? Жынысыңыз, ұлтыңыздан бөлек 
өміріңізді таңдауыңызға байланысты болады. Мақсат, мамандық, өмір сүру салты, 
қызығушылық, дос, жар және тағы басқалар. Бұл сұрақ арқылы адам өз өміріндегі 
сәтсіздіктердің себебін түсінеді. Осы кезде «Менің таңдауым неге байланысты?» деген сұрақ 
пайда болады. 
4-деңгей
. Сенім мен құндылық — Мен неге сенемін? Бұл жерде ішкі сенім туралы 
айтылады. Кей кезде адамның санасында қалыптасқан стереотиптер жетістікке жетуге 
кедергі жасайды. Мысалы, сіз үздік университетке тек ақша беріп, жемқорлық арқылы
түсуге болады деп ойласаңыз, талпынысыңыз азаяды. Өзіңізді ежеп тастайсыз. Осы сұраққа
жауап беру арқылы адам саналы ойлауды және кез-келген нәрсеге позитивті қарауды 
үйренеді.
Ал «Мен неге дәлосыған сенемін?» деген сұрақтың жауабы келесі деңгейде айтылады. 
5-деңгей.
Сәйкестік — Мен кіммін? Осы сұрақта Сіздің өзіңізді қалай
бағалайтыныңызды байқауға болады. Өз психологияңызды түсіну керек. Өзіңіздің кемшіл
және артықтұстарыңызды саралап, шынайы бағалауға тырысыңыз. Ол өміріңізге қатты әсер 
етеді. 
6-деңгей.
Миссия — Бұл өмірге не үшін келдім?Бұл жерде өмірдің мәні туралы сыр 
шертіңіз. Сіздей индивидтің әлемдегі миссиясы қандай, не өзгеріс әкеледі?
Жапондық компаниялар жетістікке жету үшін 100-200 жылға жоспар құрып қояды 
екен. Ал сіздің оқу орнын бітіру, жұмысқа орналасу, үйленудегеннен бөлек мақсатыңыз бар 
ма? 
Пирамиданы іс жүзінде қолдану: Табысыңыз не отбасыңызбен қарым-қатынас
қалағаныңыздай болмай жатса, өзіңізді түсінгіңіз келсе, ұялмай осы қағиданы орындаңыз. Ол
үшін қағаз бен қалам алып, сұрақтарға жауап беріңіз. Оны ешкімнен сұрамаңыз және 
көрсетпеңіз. Өзіңізбен барынша шынайы болыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет