Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар. «Қазақ», «Вақыт», «Шуро», «Ақмулла» газеттерінің, «Айқап» журналының қазақ халқының ұлттық болмысын қалыптастырудағы рөлі
Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар. «Қазақ», «Вақыт», «Шуро», «Ақмулла» газеттерінің, «Айқап» журналының қазақ халқының ұлттық болмысын қалыптастырудағы рөлі
Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар. «Қазақ», «Вақыт», «Шуро», «Ақмулла» газеттерінің, «Айқап» журналының қазақ халқының ұлттық болмысын қалыптастырудағы рөлі
Жауап:Бірінші болып 1870-1882 жылдар аралығында Ташкентте басылып тұрған «Түркістан уалаятының газеті» дүниеге келді. Бұл мерзімді басылым Түркістан генерал-губернаторының ресми үнқағазы – «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет қазақ және өзбек тілдерінде алма-кезек шығып тұрды.
Басылым жабылған соң, 1888 жылы Дала генерал-губернаторының Омбыдағы кеңсесі жанынан «Дала уалаятының газеті» деген атаумен екінші басылым жарық көре бастады. Жаңа газет 1894 жылға дейін «Особое прибавленіе къ «Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ» басылымына, 1900 жылға дейін – «Акмолинскимъ, Семипалатинскимъ и Семиречинскимъ областнымъ ведомостямъ» басылымының «Киргизская степная газета» атауымен басылып тұрған үнқағазына, ал біржола жабылған 1902 жылға дейін «Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ» газетіне қосымша ретінде жарық көріп тұрды.
Мерзімді қазақ баспасөзінің ресми тарихнамасы бойынша, аталған екі басылым мерзімді қазақ баспасөзінің басы деп саналады.
Көп ұзамай өзге басылымдар шыға бастады. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс төңкерісі тұсында шығып, қазақтың қоғамдық-саяси өміріне онша ықпал ете алмай ғайып болған «Серке» және «Қазақ газеті» солардың қатарында.
1911 жылы шыға бастаған өзге екі басылым – «Қазақстан» газеті мен «Айқап» журналы әлдеқайда салмақты көрінді және дәуірі ұзағырақ болды. Газетті кадет корпусының түлегі, белгілі ақын әрі ағартушы Шәңгерей Бөкейұлы ашты, ал журналды шығаруға белгілі қоғам қайраткері, публицист әрі педагог Мұхаметжан Сералин мұрындық болды әрі өзі редаторлық етті.
15 нөмірі жарық көрісімен отаршыл биліктің күштеуімен жабылған «Қазақ» газетіне қарағанда, түрлі дерек бойынша таралымы 500-ден 1 мыңға дейін жеткен «Айқап» журналының тұрақты оқырмандары болды.