Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі. Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс-қимылдар


Ресей мұсылмандарының қоғамдық-саяси қозғалысының қалыптасуындағы «Иттифак-эл-муслимин» (мұсылмандар Одағы) рөлі



бет15/16
Дата16.10.2023
өлшемі122,26 Kb.
#115919
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Ò азаÒ Ñ аÑ дÑ Ò£ 1858 жÑ лÒ Ñ Ò оÒ ан Ò¯Ñ Ñ емдÑ гÑ не Ò аÑ Ñ Ñ кÓ©Ñ еÑ Ñ лÑ Ñ Ñ . РеÑ Ñ Ñ - (1)

Ресей мұсылмандарының қоғамдық-саяси қозғалысының қалыптасуындағы «Иттифак-эл-муслимин» (мұсылмандар Одағы) рөлі

«Иттифақ әл-Муслимин» («Мұсылмандар одағы») партиясының жарғысы 1905 жылдың қыркүйек айында жасалды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдегі мұсылман ұлттар арасында жаңашылдар, яғни жәдидшілдер деген атаумен белгілі ағартушылық ағым қазіргі тарих ғылымында «түркі-мұсылман қозғалысы» немесе «түркі ұлттық қозғалысы» деп те аталады.1905 жылы 8 тамызда Түркістан өлкесі, Сібір, Қазақстан, Кавказ бен Қырымнан келген 150-ге жуық түркі-мұсылман саясаткері мен қайраткері Нижний Новгород қаласына жинала бастады. Түркі-мұсылман саясаткерлерінің Думада төбе көрсетуін қаламаған биліктің кедергісіне қарамастан, 13 тамыз күні Ока өзеніндегі кеме үстінде Бүкілресейлік мұсылмандардың бірінші съезі астыртын ашылып, 20 тамызға дейін жалғасты.


Белгілі жәдидшіл Исмаил Гаспралыны төрағалыққа сайлаған алғашқы құрылтай съезде патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен мұсылмандардың құқығы тапталғаны сынға алынды. Сөйтіп Ресей азаматттарының тіліне, дініне, нәсіліне, ұлтына, жынысына қарамай тең құқығы болуын талап еткен шешім қабылданды.
Осы съезд үстінде Ресей мұсылмандарының іс-әрекетін бір ізге түсіретін бүкілресейлік мұсылмандар ұйымы – «Иттифақ әл-Муслимин» («Мұсылмандар одағы») қозғалысын құру жөнінде уағда жасалды.1905 жылы желтоқсан айында Мемлекеттік Думаға сайлау туралы заң қабылданған соң бір айдан кейін, яғни 1906 жылы 15-23 қаңтар арасында Санкт-Петербургтің қонақ үйлері мен пәтерлерінде Бүкілресейлік мұсылмандардың рұқсат етілмеген екінші съезі өтті. Бұл съезге Сәлімгерей Жантөрин, Уәлитхан Танашев, Шаймерден Қосшығұлов сияқты қазақ зиялылары да қатысты. Съезд барысында 23 тармақтан құралатын жарғысы бар «Иттифақ әл-Муслимин» партиясы дүниеге келді.
Жарғы бойынша «Иттифақ әл-Муслиминнің» 16 қалада, соның ішінде Орынбор, Астрахан, Орал, Омбы, Қызылжар, Семей, Верный, Ташкент, Ашғабат қалаларында бөлімшелері құрылатын болды.1914 жылы «Иттифақ әл-Муслимин» партиясын қайта жандандыруға түркі-мұсылман қайраткерлері бірнеше рет талпыныс жасады. Сол жылы 15-25 маусымда өткен Бүкілресейлік мұсылмандардың төртінші съезі «Иттифақ әл-Муслимин» партиясының ғұмырын ұзартудан бас тартты. Сөйтіп Ресей мұсылмандарының элитасы мәдени-ағартушылықтан саяси қозғалысқа барар жолда бір партия туының астында жүре алмайтынын аңғартты. Бұл съезге қазақтар арасынан Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Серәлі Лапин, Сәдуақас Шормановтар қатысты.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет