ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



жүктеу 13.07 Mb.

бет1/153
Дата06.02.2017
өлшемі13.07 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153

 

ҚАЗАҚТЫҢ 1001 ЕРТЕГІСІ

 

Қазақ хақының халық ертегілер топтамасы 



 

 

 



JANUARY 1, 2017 

Email: 1001ertek@gmail.com 

WWW: http://www.elarna.com/ertegi_kk.php 

Бұнда  қазақтың  қял-ғәжайып,  жануарлар,  уақиға,  қожанасыр, 

алдаркосе,  батырлық,  аңыздық,  салыттық  және  басқа  алуан 

мазмұндарды  қамтыған  1000  нан  астам  дәстүрлі  ертегілері 

берілген.  өте  азсанда  ішінара  басқа  халықтар  ертегілерінде 

қамтылған. ертектер 399 бөлімге бөлінген, әр бөлімде 1 ден 50 ге 

деиін ертектер енгізілген. Кітап мазмұны мол, бет саны көп, қағазға 

басып шығарып корсеңіз қолайлырақ. жалпы 1525 бет. егер қатсты 

пікірлер немесе мәлімет керек болса төменде берілген елхатқа хат 

жазып хабарласыңыздар. 

Email: 1001ertek@gmail.com 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              1 bet 

1 - Бөлім: Ер төстік 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1709 

 

 



Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. 

Матау толған түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір 

жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы соның ішінде кетіпті. 

Бір  қыстық  азығын  алып,  кемпірі  мен  Ерназар  үйінде  қалыпты.  Ерназардың  сегіз  ұлы  сол  кеткеннен 

хабарсыз кетеді, айлар өтеді - келмейді, жылдар өтеді - келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашықты, 

жейтін тамақ таппады. Кемпірімен екеуінің орнынан тұруға әлдері әрең-әрең келеді.  

Бір күні кешке жақын кемпір төсегінен тұрып, үйінің түңдігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан 

шал  шаңыраққа  қараса,  шаңырақтың  күлдіреуішінде  керулі  тұрған  кер  биенің  төстігі  көзіне  түседі. 

Ерназардың қуанып, есі шығады: 

- Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің төстігі майлы көрінеді, бол, жылдам асып жіберші, - дейді. 

Сөйтіп, бұлар төстікті қазанға салады. Төстікті асып жеп, шал мен кемпір әлденеді. Үзамай кемпір жүкті 

болады. Мезгілі толып, босанады. Бір ұл туады, оның атын төстік жеген соң біткен бала деп, Төстік қояды. 

 

Төстік өзгеше бала болып өседі: бір айда бір жастағы баладай, үш айда үш жастағы баладай, бір жылда 



он бестегі жаңа өспірімдей болып, екі жасында алысқан кісілерін алып ұратын бала болады. Садақ тартып 

үйренеді,  тартқан  садағын  тоғыз  қабат  кетпеннен  өткізеді.  Аң  аулап,  құс  атып,  шал  әкесі  мен  кемпір 

шешесін асырайды. 

 

Төстік бір күні ауылдың арасында отырған тарғақты садақпен тартып қалады. Садақ тарғақтың қанатын 



үзіп  кетеді.  Тарғақ  жығылмай,  бір  қанатын  сабалап  қаша  береді.  Төстік  ұстаймын  деп  қуып  жүгіреді. 

Сөйтіп  жүргенде,  тарғақ  бір  кемпірдің  өрмегінің  үстінен  қарғып  өтеді.  Қуып  келе  жатқан  Төстік  те 

өрмектен секіреді. Сөйткенде Төстіктің бір бақайы өрмекті іліп кетеді. Өрмектің бірсыпыра жібі үзіліп 

қалады.  

Өрмек тоқып отырған кемпір: « 

Алда  ғана  көк  шешек-ай!  Өрмегімді  үзіп  кеттің-ау!  Ертеден  қара  кешке  бүйтіп,  жар  жағалап  торғай 

атқанша, тентіреп жүрген сегіз ағаңды тауып алсаң болмай ма?» - деп қарғап-сілейді.  

Төстік кемпірге жауап бере алмай, оның сөзіне қатты қорланады. Әсіресе, «тентіреп кеткен сегіз ағаң» 

деген  сөз  оған  қатты  тиеді.  Төстік  бұрын  ағалары  барын  есіткен  жоқ  екен.  Әке-шешесі  оны  Төстікке 

айтпайды екен. Кемпірге сөз қайыра алмай, Төстік жүгірген бетімен үйіне келеді. Атып әкелген құстарын 

лақтырып тастап, отыра кетеді. Төстіктің ашулы түрін көріп, шешесі: 

«Саған не болды? Кіммен жанжалдастың?» - деп сұрайдды. Төстік кемпірдің сөзін түгелімен шешесіне 

айтады. 

«Ағаларым қайда? Неге келмейді? Іздеп тауып әкелемін!!» - дейді. Шешесі: 

«Қақбас кемпір өтірік айтады. Сенің ағаларың болған жоқ, оның сөзіне нанба», - дейді. Сөйтіп Төстікті 

нандырып қояды.  

 

Тағы бір күні Төстік асық ойнап жүріп, әлгі кемпірдің жалғыз баласын жұдырығымен қойып жіберсе, бала 



өліп қалады. Кемпір Төстікті бұрынғыдан да жаман қарғап-сілейді.  

 

-  Қыршыныңнан  қиылғыр,  Төстік!  Менің  жалғыз  балама  әлің  жеткенше,  айдалада  тентіреп  өлген  сегіз 



ағаңның қураған сүйегін тауып алсаң болмай ма? - дейді. 

 

Кемпірдің сөзі Төстікке ой салады. Шешесінен ағаларын сұрайды. Шешесі айтады: «Сегіз ағаңның бары 



рас еді, жұт жылы кетіп еді, соддан қайтқан жоқ, қайда жүргендерін білмейміз», - дейді. 

 

Төстік ағаларын іздеу қамына кіріседі. Кемпір-шалға аң мен құстың етін қақтап үйіп береді де, Төстік 



жолға шығады. Беліне садақ байланады, қолына темір таяқ алады, аяғына темір етік киеді. Ай жүреді, жыл 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              2 bet 

жүреді, талай елді, талай жерді аралайды. Жолдасы да — садағы, азығы да - садағы, жолында кез келген 

аңды  атып  жеп  отырады.  Темір  етіктен  теңгедей,  темір  таяқтан  тебендей  қалғанда,  алыстан  сағым 

көтерген  бел  көрінеді.  Өлдім-талдым  деп  келіп,  белге  шықса,  қарауытқан  қалың  жылқы  көрінеді, 

жылқының ар жағында ел көрінеді. Жылқыға келсе, жылқының ішінде тігулі тұрған қара қос тұр. Қосқа 

кірсе, асулы мосы, ілулі бақыр тұр. Бақырдың іші піскен етпен толы екен.  

 

Төстік етке тойып алады да, елге қарай жүреді. Төстіктің келген елі ас беріп жатқан ел екен. «Ағаларымды 



осы астан іздеп көрейін», - деп, асқа тігілген қалың үйді жағалай қыдыра бастайды. Арықтаған, азған киімі 

жыртық-жыртық  Төстікті  ешкім  ескермейді.  Жаяу  жүрген  адамды  кім  білсін?  Сөйтіп  келе  жатса, 

табақшылар бір кезде: «Ерназардың сегізіне тарт, Ерназардың сегізіне тарт», - деп шуылдасып жүр екен. 

«Ерназардың сегізін көрейін», - деп үйге кірмек болса, табақшылар Төстікті кейін қарай сүйреп, қақпалай 

береді.  «Қайыршы  неме,  әлі  етке  тоймадың  ба?»  -  деп  жекіріп  ұрсады.  Төстік  оғаған  шыдамай, 

табақшының біреуін жұдырықпен қойып қалып, мұрттай түсіреді. Жұрт жиналып қалады. 

 

- Кім керек? Неғып жүрген адамсың? - деп Төстіктен жөн сұрайды. Төстік: 



- Маған Ерназардың сегізі керек -дейді.  

- Адасып кеткен сегіз ағамды іздеп жүрмін, - дейді. Сол арада Ерназардың сегізі жөн сұрасып, Төстікпен 

жылап-сықтап танысады.  

 

Ерназардың сегізі елден адасқаннан кейін жұттан қалған жалғыз күрең биені бағып, содан көп жылқы 



өсірген  екен.  Бағанағы  көп  жылқы  солардікі  екен.  Төстіктен  елінің  жөнін  білген  соң,  олар  да  қайтпақ 

болады. 


 

Тоғызы тоғыз жағынан шығып, қалың жылқыны айдай бастайды. Бірақ жылқы ұйлығып, бір жақты бет 

алып,  жүре  алмайды.  Қанша  айдаса  да  серпіліп,  алғашқы  айдаған  жеріне  қайтып  келеді  де  отырады. 

Тоғызы жылқыны неше күн айдайды, аяғында жүргізе алмай, жалығады.  

 

Бір  күні  Төстік  мынадай  айла  табады:  барлық  жылқының  басы  күрең  биені  ұстап  алып,  жылқының 



ортасындағы  бір  дөңге  шығады,  биені  жығып,  төрт  буады  да,  қыл  бұрау  салып,  тақымын  бұрайды. 

Тақымы бұралған соң, бие қатты шыңғырады. Биенің шыңғырған дауысына шұрқырасып қалың жылқы 

жиналады. Жылқы әбден жиналып болды деген кезде, Төстік биені тұрғызып алады да, жетектей жөнеледі. 

Сонда қалың жылқы өз беттерімен бұлардың соңынан шұбай береді. Енді ешқайсысы да жылқы айдап 

әлек  болмайды,  күрең  биені  жетектеп  жүреді  де  отырады.  Қалың  жылқы  шұбырып  ереді  де  отырады. 

Судың  тұнығын  іше-іше,  шөптің  сонысын  жей-жей,  талай  асқардан  асып,  талай  шөлді  басып,  Төстігі 

бастап, Ерназардың сегізі аман-есен елдеріне келеді. 

 

Балалары аман-есен келген соң, Ерназар ел жиып, той қылады. Түйеден бура, жылқыдан айғыр, ту бие, 



қойдан қошқар, құнан қой сойып, қымызын көлдей, етін таудай қылып қояды. Ақсақал, қарасақалын түгел 

разы қылады. 

 

Той тарқағаннан кейін Ерназар тоғыз ұлын аяқтандыру қамына кіріседі. Тоғызына тоғыз келіншек іздейді. 



Келінінің тоғызын бір үйден таппақ болып, ел қыдырады. Көп елді аралайды. Бірақ, Ерназар ойлағандай 

тоғыз қыз бір үйден табылмайды. 

 

Сөйтіп, Ерназар күдер үзіп келе жатса, алдынан бір ауыл көрінеді. Ауылдың ортасындағы үлкен бір қоңыр 



үйдің тұсына келіп, мейман болатындығын білдіреді. Үйге кірсе, керегесінің басында сегіз сырға ілулі 

тұр екен, соны көрген соң, Ерназар еңкілдеп жылай бастайды. 

Үйдің бәйбішесі Ерназардан: - Неге жыладың? - деп сұрайды. 

 

- Жылаған себебім: тоғыз ұлым бар, соған тоғыз келіншек іздеп жүрген адаммын; тоғыз ұлымның бір әке-



шешеден  туғаны  сияқты,  тоғыз  келінімнің  де  бір  әке-шешеден  туған  болуын  іздеп  жүрген  адаммын, 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              3 bet 

керегенің басындағы көп сырғаны көргенде, тілегіме жеттім ғой деп қуанып қалып едім, санасам біреуі 

кем екен, соған жылап отырмын, - дейді Ерназар. 

-  Ендеше,  жылама,  тағы  біреуі  бар,  әне  тұр,  -  деп  бәйбіше  тұсбақаннан  тағы  бір  сырғаны  алып  келеді. 

«Кенжекейімнің сырғасы еді, мұны сегіз қызымның сырғасына араластырмаймын, ана қыздарым бір төбе, 

Кенжекейім бір төбе. Сондықтан Кенжекейімнің сырғасы олардікінен бір бөлек тұрады», - деп сырғаны 

қайтадан орнына іліп қояды. 

 

Ерназар оған:  



- Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, Төстігім бір төбе еді, 

Кенжекейің Төстігімдікі болсын, - дейді. 

Сөйтіп, Ерназар тоғыз қызға кұда түсіп қайтады. 

Ерназар келіндерін алып қайтуға тоғыз ұлымен сапарға шығады. Жолда бұларға перінің қызы Бекторы 

кездеседі, ол Төстікті көріп ғашық болады. Төстікті Кенжекейден айырып алу ниетіне кіріседі. Ерназар 

тоғыз ұлымен Кенжекейдің ауылына барып, көп уақыт жатады. Отыз күн ойын, қырық күн тойын істетіп, 

келіндерін алып, еліне қайтпақшы болады. 

Кенжекейдің әкесі қыздарына түгел енші беріп, көп жасааумен ұзатады. Сонда Кенжекей әкесінің берген 

еншісіне - мінгізген ат, арттырған түйе, тарттырған жасауына разы болмайды. «Әкем маған жылқыдан 

Шалкұйрык атты берсін, жасаудан Ақсырмалды сауытты берсін, түйеден Құба інгенді берсін», - дейді. 

 

Кенжекейдің әкесі кызына ашуланып, кісісін қайта жібереді: 



-  Қызыма  айта  бар,  Ерназардың  байлығы  оған  жетеді.  Шалқұйрық  атты  сұрағаны  несі?  Шалкұйрық 

жылқымның  кұты,  кұтқа  қыз  ие  болған  жер  бар  ма  екен?  Құба  інген  түйемнің  басы,  түйемнің  басын 

сұрағаны несі, қызда оңдай түйе артар бар ма екен? Ақсырмалды сауыт атадан ұлға қалатын мұра, мені 

қызым ку бас дегені ме? Қызым өйтіп жаулығын білдірмесін, - дейді. 

 

Кенжекей әкесіне қайта кісі салыпты: «Шалқұйрықты сұрағаным, ерге лайық ат еді, ер мінсін деп едім, 



Құба інгенді сұрағаным, ер косын артсын деп едім; Ақсырмалды сауытты сұрағаным, Ер Төстік ер еді, 

сол ер кисін деп едім», - депті. 

Әкесі  Кенжекейдің  сөзінен  жеңіліп,  сұрағандарын  беріпті.  «Қызыма  сәлем  айт,  Сорқұдықтың  басына 

көшін қондырмасын, қондырса кесір болады», - депті. 

Сонымен Ерназар келіндерін алып қайта береді. Бір күні көші жар басында тігулі тұрған жарты лашыққа 

кездеседі. Бұл перінің қызы Бекторының лашығы екен. Көш тұсынан өтіп бара жатқан кезде лапшығынан 

шығып, шайқақтап, перінің қызы Бекторы мынаны сөйлейді: 

Сүйген жарың Ер Төстік, 

Құтты болсын, Қенжекей! 

Мінген де атың Шалқұйрык, 

Құтты болсын, Кенжекей! 

Артқан да түйең Құба інген, 

Құтты болсын, Кенжекей! 

Киген де сауытың Ақсырмал, 

Құтты болсын, Кенжекей! 

Жар басында демесең

Жарты лашық демесең, 

Біздің үйге түсе кет, 

Көбікті саумал іше кет, - дейді.  

Перінің қызы Бекторының тиісе сөйлегенін жақтырмай, Кенжекей мынадай жауап береді. 

Перінің қызы Бекторы, 

Шайпау сөзің қой, Торы. 

Сүйген де жарым Ер Төстік, 

Өз жарымды сүйемін. 

Мінген де атым Шалқұйрық, 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              4 bet 

Өз атымды мінемін. 

Артқан да түйем Құба інген, 

Өз түйеме артамын. 

Киген де сауытым Ақсырмал, 

Өз сауытым киемін. 

Жар басында демейін

Жарты лашық демеймін, 

Қайтсең де үйіңе түспеймін, 

Бал берсең де ішпеймін. 

Перінің қызы Бекторы, 

Шайпау сөзің қой, Торы! 

Осылай  деп  Бекторының  бетін  қайтарып  тастайды.  «Қап,  бәлем,  Кенжекей,  саған  қылармын!»  -  деп 

Бекторы тісін қайрап қала берді. 

Көш бетімен тарта берді. Бір күні Сорқұдықтың басына келіп жетеді. 

Кенжекей  атасына  кісі  жіберіп:  «Атам  бұл  құдыққа  қонбасын,  ырымы  жаман  жер»,  -  деп  айтқызады. 

«Келінім  келмей  жатып,  менің  қонысымды  билейін  деген  екен»,  -  деп  Ерназар  болмастан  әлгі  жерге 

қонады. 


Көш  қонысымен,  Кенжекей  басқа  келіндерінен  үйді  бұрын  тігіп  жібереді  де,  атасын  қонақ  қылады. 

Кенжекейдің аяулы екенін Ерназар сол арада біледі. «Келінім ақылды екен, тілін бекер алмаған екем», - 

деп өкінеді. 

Сол күні тұман болады. Кенжекей өз әкесінің айтқаны ойына түсіп, кірпігін ілмей жатады. Ерте тұрып 

қараса, Құба інген жоқ. «Құба інген жоқ!» - деп атасына хабар береді. 

Ерназар  ат  ерттеп  мініп,  Құба  інгенді  айнала  қарап  жүрсе,  анадай  жерде  тұрған  Құба  інген  көрінеді. 

Қасына келсе, бұйдасы бір көкпекке оралып қалған екен. Жанында бір тал бар екен, талдың түбінде бір 

жарбиған жаман кемпір отыр. 

- Шеше, шеше! Ана түйенің бұйдасына қол жалғап жіберші, - дейді Ерназар. Кемпір сонда: 

- Тұрсам отыра алмаймын, отырсам тұра алмаймын, шырағым! Әперуге әлім жоқ, нашар адаммын, - деп 

мүләйімсиді. 

Кемпірдің  сөзіне  нанып,  бұйданы  іліп  алайын  деп  еңкейе  бергенде,  Ерназарды  кемпірекең  шап  беріп 

жағадан  ала  кетеді.  Ерназарда  тапжылуға  шама  жоқ.  Олай-бұлай  жұлқынып  байқап  еді,  болатын 

көрінбейді, кемпір қысып әкетіп барады, Ерназардың мойны үзіліп, буынып барады, шыбын жаны шығып 

барады.  

Ерназардың «қоя бер» дегеніне кемпір қоя беруші болмады, өлетін болған соң Ерназар жалына бастады: 

- Ағарған сақал, шашым бар! Қартайып келген жасым бар! Тоғыз келінімді жаңа ғана түсіріп, жаңа ғана 

қызығын көрейін деп отырмын. Қоя бер мені, шешежан, - дейді. 

- Жоқ, - деп кемпір қысып қояды, Ерназардың жаны шығып барады. 

Тоғыз келін түсіріп, 

Елдей көшіп келемін. 

Толып жатқан жасаудан 

Тойғаныңша беремін. 

Босат мені, шешетай! - дейді. 

- Жоқ, - деп кемпір қысып қояды, Ерназардың жаны шығып барады. 

Оған разы болмасаң

Тоғай толған қойым бар, 

Қанша алатын ойың бар? 

Босат мені, шешетай! - дейді. 

- Жоқ, - деп кемпір онан сайын қысады, Ерназардың жаны шығып барады. 

Оған разы болмасаң, 

Сауысқандай сақтығы, 

Жұмыртқадай ақтығы, 

Желбіреген желегі  



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              5 bet 

Жаңа түсіп келеді. 

Сегізінен бір дана, 

Ақылы асқан ол дана, 

Кіші келінім Кенжекей, 

О да болсын сенікі, 

Бір әділ жан менікі

Жіберші мені, шешеке! - дейді. 

- Жоқ, - деп кемпір онан сайын қысады, Ерназардың жаны шығып барады. 

Оған разы болмасаң, 

Сойылдай сегіз ұлым бар, 

Менде қандай құның бар, 

О да болсын сенікі

Бір әділ жан менікі. 

Жібере көр, шешеке! - дейді. 

-  Жоқ,  -  деп  кемпір  қысыңқырап  жібергенде,  Ерназардың  жаны  мұрнының  ұшына  келеді,  өлуге  аз-ақ 

қалады. Оған разы болмасаң, 

Атамасым атайын, 

Сегізінен бір бөлек  

Жалғызымда қуат боп, 

Жаяуымда қанат боп, 

Пана болған бір кезде  

Ер Төстігім - ең кенжем, 

О да болсын сенікі, 

Бір әділ жан менікі, 

Жіберші мені, шешеке! - 

дегенде, кемпірдің қолы босанып сала береді. 

- Төстікті маған қалай бересің? - деп сұрайды кемпір. Оған Ерназар айтады: 

- Менің қалтамда Төстіктің садағының ұшын шығаратын егеуі бар. Төстік онсыз жүре алмайды. Мен соны 

осы араға тастап кетейін. Төстік іздеп келеді, сонда өзің ұстап ал, - дейді. 

Кенжекей мұның бәрін көріп тұрады. 

Ерназар  Құба  інгенді  алып  қайтып  келеді,  көш  жөнеледі,  бірнеше  күн  көшеді.  Төстік  түнде  отауына 

кірейін десе, отауы ылғи берік болады. Бір күні Төстік жеңгелерін алып, отауына кіреді. Төсегіне жатып 

еді, Кенжекей болат кездіктің сабын Төстіктің жүрегіне тіреп, ұш жағын өз жүрегіне қояды: 

- Қозғалмай жат, қозғалсаң, екеуміз де жарыламыз, - дейді. Төстік мұның себебін сұрайды. Кенжекей: 

- Әкең сені Бекторының жалмауызына беріп кеткен, сен менікі емессің, жалмауыздан біржола құтылып 

кел, - дейді. 

- Әкем мені жалмауызға неге береді? - дейді ол. Кенжекей: 

- Нанбасаң, әкеңнен егеуінді сұрап көрші, - дейді. Ертең ертемен тұрып Төстік: 

- Егеуімді берші, әке! Мына жақта киік жүр екен, садағымның ұшын шығарайын деп едім, - дейді. 

Ерназар сасыңқырап қалып, қорбаңдап кісесін қараған болады да: 

-  Қап,  әттеген-ай,  қалып  қойған  екен.  Түнеуіп  Сорқұдықтың  басында,  Құба  інгенді  іздеп  барғанда,  бір 

талдың түбіне түсіп, ат шалдырып едім, егеуің сонда тұсіп қалған екен ғой, - дейді. Сонымен Төстік егеуін 

іздемек болады, егеуінің қалған жері - неше күндік алыс жол. Ерназардың айтуымен Төстік егеуін іздеуте 

алты аяқты ала атты, жеті аяқты жирен атты мінбек болады. 

Төстік  жылқыдан  алты  аяқты  ала  атты  мініп,  жеті  аяқты  жирен  атты  жетегіне  алып  келе  жатқанда, 

алдынан Кенжекей шығып мынаны айтады: 

Сорқұдықтың басына  

Сорға бола қонды атам. 

Жалмауызға жалғызын  

Жанынан қорқып берді атам. 

Жүретұғын жолында  



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              6 bet 

Құлан өтпес шөлі бар, 

Оны да басып өтесің, 

Қыран өтпес қия бар, 

Оны да басып өтесің  

Алты аяқты ала атың  

Қулық бие құлыны, 

Табанына тас батса, 

Маңдайынан күн өтсе, 

Алты күнге жарамас. 

Жеті аяқты жиренің  

Табанына тас батса, 

Маңдайынан күн өтсе, 

Жеті күнге жарамас. 

Сан жорғаны алмадым, 

Ер аты деп таңдадым. 

Айыл-тұрман әбзелін  

Ертеден бастап сайладым. 

Төстік, саған арнадым, 

Жабы емес қазанат

Ер серігі қолғанат  

Шалқұйрықты мін, Төстік! 

Сан жасауын алмадым, 

Саған бола таңдадым, 

Ақсырмалдай сауытты  

Осы жолға ки, Төстік! - деп зарлайды. 

Төстік Кенжекейдің тілін алып, Шалқұйрық атты мінетін болады. Жылқыдан Шалқұйрықты ұстап әкелуге 

кісі  жіберсе,  барған  кісіге  Шалқұйрық  ат  ұстатпайды.  Алдына  келгенін  тістеп,  артына  келгенін  теуіп, 

маңайына жан жуытпайды. Шалқұйрықты ұстауға Төстіктің өзі келеді. Шалқұйрық Төстікке өзі келеді. 

Шалқұйрық Төстіктен қашпайды. Қолын созса, тырп етпеңй тұрып, жүгенге басын өзі ұсынады. 

 

Төстік жүрерде Кенжекей Құба інгенді бураға шөгереді. «Не Төстік өлді деген күні ботала, не Төстік келді 



деген күні ботала» деп, серт қылады. Өзі белін он екі құлаш торғын орамалмен тартады. «Не Төстік өлді 

деген күні, не Төстік келді деген күні шешіл» деп, серт қылады. 

Төстік жолға шығады.Төстік аулынан ұзап шыққан соң, Шалқұйрық атқа тілп бітеді. 

- Төстік батыр, енді екеуміздің жанымыз бір, қандай пәлле болса да бірдей көреміз. Менің мына айтқан 

сөздерім есіңде болсын. Егеуіңнің қасында жалмауыз кемпір сені күтіп отыр, сен егеуіңді ала бергенде 

ұсттап алмақ. Егеуге жақындаған кезде кемпірді алдайтын бір ақыл тауып ал. Кемпір алдана бергенде, 

мен бетегеден биік, жусаннан аласа бола берейін, сол кезде сен егеуді іліп ал да жөнел, артыңа қараушы 

болма, - дейді. Көп уақыт жол жүргеннен кейін, Төстік егеу жатқан жерге келеді. Келсе, егеудің қасында 

кемпір отыр. Ер Төстік жақындай түсіп: «Шеше, шеше, артыңдағы қыздардың бәрі өзіңдікі ме?» - дейді. 

Сонда кемпір артына жалт қарайды. Сол мезгілде Шалқұйрық бетегеден биік, жусаннан аласа бола береді. 

Төстік  егеуді  іліп  алып  жөнеледі.  Сонда  кемпір:  «Сен  бе  едің,  Төстік,  алдаған?  Сені  ме,  Төстік,  қап, 

бәлем!» - деп тамағы қырылдап, өкпесі сырылдап, шашы жалпылдап, көзі жарқылдап, тістері сартылдап, 

қатты сасып, етегін басып Төстікті қуа жөнеледі. Төстік қашып келеді. Кемпір қуып келеді. Бір мезгілде 

тау қаңбақтай ұшады, тас бұршақтай жауады. Шалқұйрықтың құйрығына қазандай қара тас орала кетеді. 

Шалқұйрықтың  шапқан  салмағына  шыдамай,  қара  жер  қақ  айрылады.  Шалқүйрық  пен  Ер  Төстік  жер 

астына түсіп кетеді. 

 

Сол кезде Шалқұйрыққа тіл бітеді: 



- Біз енді жер астына түстік, бізге бұдан былай жер астының елі жолығады. Біраз жүрген соң, жылан Бапы 

ханның ордасына келеміз. Жылан Бапы ханның ордасына келгенімізде, мені алысқа қойып, өзің ордаға 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              7 bet 

кіресің. Ордаға кіргенінде есіңде болсын: үйге кіргенінде екі босағадан екі қара шұбар жылан ысылдап 

тұра келеді, олардан  сескенуші  болма, жылан  Бапы ханның есігін күзеткен құлдары. Төр алдына бара 

бергенінде, екі сұр жылан ысылдап келеді де, екеуі де екі жеңіңнен кіреді, қойныңнан шығады, қойныңа 

кіреді, қонышыңнан шығады. Бұлар жылан Бапы ханның ұлы мен қызы болады. Төрге отыра бергенінде

дәу екі сары жылан ысылдап тұра келеді, одан да сескенбе. Бұлар - жылан Бапы ханның өзі мен әйелі. 

Егерде бұлардан сескенсең, сені Ер Төстік демейді, жер асты еліне қадіріміз болмайды, жер үстіне жол 

тауып шыға алмай қаламыз, - дейді. 

Біраз жер жүрген соң, Шалқұйрық айтқандай, жылан Бапы ханның ордасы көрінеді. Төстік Шалқұйрықты 

анадай жерге қойып, сәлем беріп, үйге кіреді. Екі босағадағы екі қара шұбар жылан ысылдап тұра келеді. 

Төстік одан сескенбейді. Төр алдына бара бергенде екі сұр жылан ысылдап келіп, Төстіктің жеңінен кіріп, 

қойнынан шығады, қойнынан кіріп, қонышынан шығады. Төстік олардан да сескенбейді, Төрге барып 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал